Дене шынықтыру сабағына өзіндік талдау 10 сынып «Жүру элементтерінің техникасы»

Еслям Жандос Ерланұлы

Дене шынықтыру мұғалімі

«№2 Новоишим орта мектебі» КММ

Солтүстік Қазақстан облысы   Ғабит Мүсірепов атындағы аудан  Новоишим селосы

Кесте бойынша сабақтың басталуы:  920   , аяқталуы:  1005

Оқушылардың саны: тізім бойынша:  14,  айналушылар:  13 ,  босатылғандар:  жоқ

Оқу бағдарламасының бөлімі: Шаңғы даярлығы

Сабақтың міндеті:

  1. Шапшаңдыққа, төзімділікке, ұқыптылыққа баулу
  2. Шаңғымен жүру эелементтерінің техникасын үйрету
  3. Спорт алаңын айналарда сырғанаған жағдайда тепе-теңдігін сақтауды үйрену.
  4. Таяқшалардың көмегімен сырғанап үйрену.

Талдаудың мазмұны:

      І. Дайындық бөлімі :      10 минут.

Оқушыларды сапқа тұрғызу.

Рапорт тапсыру.

Сәлемдесу.

Сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстырылды. Жүру элементтерінің техникасын көрнекілік әдісімен көрсетіп, шаңғыларын алды да, сап түзеп өтілетін орынға келді. Мұғалім оқушылардың сырт бейнесіне назар аударып сабақта сәттілік тілеп, көтеріңкі көңіл күй тіледі. Шаңғыларды қойып, шеңбер бойында секіру жаттығуларын жасады. Қолды созып тіземен қолға секірді. Аяқты артқа бүгіп секірді.

1-4 рет қолды айналдыру алға секіріп

1-4 рет қолды айналдыру артқа секіріп

Аяқты алшақ қойып қолды созып екі жаққа отырды.

ЖДЖ жасады.

ІІ. Негізгі бөлімі :      30 минут.

Мұғалім жаттығудың орындалуын көрсеттім, үйреттім, түсіндірдім. Шаңғыны аяққа киіп ең әуелі таяқсыз қалай жүруді үйрету. Кеудені сәл еңкейтіп, сол аяқпен алға сырғаната қадамжасап, дененің салмағын сол аяққа түсіреді. Осымен бір мезетте оң қол кеуде тұста шынтақтан бүгіле, алға қарай шұғыл сермеледі. Сол қол артқа кетеді. Енді оң аяқ ілгері басылады да, сол аяқ кеуде тұста, шынтақтан бүгіле алға қарай шұғыл сермеледі, бұл мезетте оң қол артқа кетеді. Осылайша қол мен аяқтың бұл қимылдары алма кезек қайталанып отырады. 5 км қашықтықты бір қалыпты барлық оқушы сырғанап өтті.

    ІІІ. Қорытынды бөлімі:     5 минут.

Шаңғыларын тазалап, тиісті орындарына қойды.

Бағалау.

Үйге тапсырма берд.і

Ұсыныстар:

Оқушылардың спорттық киімдеріне назар аудару қажет. Жүру элементтерінің техникасын дұрыстығын қадағалау, қателіктерін көрсету.

 

Ескертулер:

Ұйымдастыру кезеңіне уақыт көп жіберіліп қойды. Дайындық және негізгі бөлімде қыздарға мөлшерді ұлдардан аз беру керек. Оқушылардың ара қашықтығы 3 м-дей болуы керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.