Cейтова Мария Нурмашовна


Аты  жөні:Cейтова Мария Нурмашовна

Қызметі:Бастауыш класс мұғалімі

Жұмыс орын :Ақтөбе қаласы Заречный мектеп балабақшасы

Мекен жайы :Ақтөбе қаласы п. Заречный

Педагогикалық тәжірибесі:26 жыл

Санаты:Біліктілігі жоғары  деңгейдегі жоғары санатты бастауыш класс мұғалімі

Марапаттар:Ақтөбе қаласы өнер музейінен Алғыс хат

ХДП «Нұр Отан » Алғыс хат

Педагогикалық  өмірбаяны

1987-1989 жылы Атырау педагогикалық училищесін, 1992-1996ж Х.Досмұхамедов атындағы педагогикалық Университетін бастауыш класс мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.  Жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек өтілі 27 жыл. Еңбек жолын

1990 жылдан  Атырау облысының Сағыз станциясындағы №9 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі және көп жылдар бойы бастауыш сыныптар әдістемелік бірлестігінің жетекшісі қызметін қоса атқарып келді. Осы жылдар ішінде ол ізденімпаздығымен өзінің теориялық білімін толықтырып,сабақ берудің қыр -сырын меңгерген  ұстаз ретінде танылған жан. Өз мамандығын сүйетін ұстаздың әрбір сабағы терең білім , тиянақты тәрбие беруге негізделген.Ол үлгілі сабақтар берумен шектелмей ,сыныптан тыс жұмыстардың ұйытқысы бола білді.

Оқушылары «Ақбота», «Пони» , «Инфоурок» сайтының кезеңдік интелектуалдық байқауларына қатысып, жоғарғы көрсеткіштер көрсетті. Өзі бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған республикалық қашықтық олимпиадасында қатысып, жоғарғы көрсеткіш көрсетіп марапатталды. Еңбекті жанындай сүйетін ұстаз оқушыларын да шығармашылыққа баулып,түрлі  шараларға қатысты.Сондай- ақ Мария Нурмашовна «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен оқушыларының үздік шығармасы үшін  алғыс хатпен, Ақтөбе облыстық өнер музейінен КММ Жеңімпаз дайындағаны үшін алғыс хатпен,Қазақстан тарихы бойынша мұғалімдерге арналған республикалық қашықтық олимпиадаға қатысқаны үшін №321217 Сертификаты,Ұстаздың жеке еңбектер жинағы www.45minut.kz интернет ресурсында еңбектері жарияланғаны үшін №1196 сертификаты бар.

«ХХI ғасыр мектебі: білім сапасын басқарудың инновациялық модельдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Педагогикалық озат технологиялардың білім сапасын басқарудағы тиімділігі» атты мақаласы жарияланып әріптестерімен тәжірибе алмасуда.

ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сыныптары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын, «Бейнелеу өнері» пәні бойынша 40 академиялық оқыту курсын аяқтап арнайы сертификаттарға ие болды.

Марапаттар, грамоталар, алғыстар, сертификаттар:

2013ж Ұстаздың жеке еңбектер жинағы www.45minut.kzинтернет ресурсында №1196 сертификат
2014ж Ақтөбе өнер музейінен КММ Жеңімпаз дайындағаны алғыс хаты
2014ж. «Нұр Отан» ХДП атынан алғыс хаты
2014ж. Республикалық қашықтық олимпиадасы №321217 сертификат

2016ж ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сыныптары бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 120 академиялық сағат көлемінде оқыту курсын, «Бейнелеу өнері» пәні бойынша 40 академиялық оқыту курсын аяқтап арнайы сертификаттарына ие болды.

2016 ж. «Білім, білік негіздерін меңгертуге ықпал ететін жаңаша білім мазмұнының әдіс тәсілдері» курсы сертификаты тіркеу номері № 1315

Басылымдар:
1.2011-2012 ж. ««ХХI ғасыр мектебі: білім сапасын басқарудың инновациялық модельдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда «Педагогикалық озат технологиялардың білім сапасын басқарудағы тиімділігі» атты мақаласы;

  1. 2013 – 2014ж.

АОББ ОҒТО  «Бастауыш кластарға арналған математикалық тапсырмалар» жинағы әдістемелік нұсқаулық;

АОББ ОҒТО  «Ашық сабақтар әлемі»электронды орта;

АОББ ОҒТО  «Ақтөбе ұстазы» газеті № 11 2013 «Бастауышым бастамам бізді алға бастаған» кластан тыс шара;

АОББ ОҒТО   «Педагогикалық шолу » журналы « Отаным менің, байтақ өлкем» дүниетану пәнінен ашық сабақ;

Респпубликалық  Бастауыш мектепте оқыту журналында № 12 2013  ж ашық сабақ;

Оқушылар жетістіктері:

2010 -2011ж  Республикалық «Ақбота» интеллектуалдық марафонында  оқушылары II  ,III орындар иеленді.

Керек. Info  газетінде мағыналы шығармасы үшін  оқушысы II орын иеленді.

 2012ж. Республикалық «Жас дарын » байқауынан  III орын;

2013-2014ж «Сократ» математикалық логикалық ойын байқауынан  I , II  III орындар иеленді.

«Кішкентай зияткерлер » интеллектуалдық ойын байқауынан I, II орын дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталған.

Ақтөбе облыстық өнер музейі КММ «Қысқы өрмектер» атты сәндік қолданбалы өнерінен  оқушысы  II орын иеленді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *