Студенттерді қоғамдық ортаға дайындау тренингі


Исаева  Гулжанат Озбекбаевна, Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжінің педагог-психологі

Мақсаты:

  1. Студенттердің жұмысқа деген жылдамдығын арттыру, асығыс кезде тез шешім қабылдауды үйрету.
  2. Студенттердің кез келген ситуациядан қорқынышсыз шығуды үйрету.
  3. Студенттердің көпшіліктің алдына шығып, өзін өзін ұстауына, сөйлеуіне үйрету.

Міндеті: психодиагностика, өзіне қызығушылығын дамыту, өзін-өзі басқара алу қабілетін дамыту.

(студенттермен қатар шеңбер құрып отыру)

Жұмыс барысы: Танысу

Студенттер шеңбер болып отырады, әр студент өздерінің қай топтан келгенін, аты-жөнін, сол мамандықты таңдау себебін айтып өтеді.

Мысалы:  мен Тыныштық Маханбет осы колледжде «Аспаз» мамандығында оқимын, ол мамандықты таңдауымның себебі мен тамақ дайындағанды жақсы көремін, дайындаған тағамдарымды жеген адам мақтау айтса марқайып қаламын.

1.Жұмыс барысы: Жылдамдықты күшейту «Үй, адам, жер сілкінісі»

Жаттықтырушы қатысушыларды үш – үш топтан бөледі. Екі қатысушы қол ұстасып қарама – қарсы тұры, олар үйді бейнелейді. Үшіншісі олардың араларында тұрады, ол адам. Бір қатысушы жүргізуші болып қалады. Жүргізуші «Үй» дегенде, барлық үйді бейнелеп тұрған  қатысушылар орындарынан қолдарын ажыратпай өздеріне жаңа адам іздеп жүгіреді. Жүргізуші «Адам» дегенде барлық адамды бейнелеген қатысушылар үй іздеп жүгіреді. Жүргізуші «Жер сілкінісі» дегенде үйді бейнелеген қатысушылар қолдарын ажыратып жаңа үштік құрастыруға асығады. Жалғыз қалған қатысушы жүргізуші болады.

Талқылау: (жүргізуші әр қатысушының пікіріне құрметпен қарауы тиіс) не ұқтыңыз? қандай сезімде болдыңыз?

2.Жұмыс барысы: Қорқыныш сезімін жеңу

Студенттерді екі топқа бөлу, бірінші топтағы студенттерді қолдарын айқастырып тұрады, ал екінші топтағы студенттер орындыққа мініп жоғарыдан құлайды. Кезектесіп орындалады.

Талқылау: (жүргізуші әр қатысушының пікіріне құрметпен қарауы тиіс) не ұқтыңыз? қандай сезімде болдыңыз? Өз ойларыңыз?

3.Жұмыс барысы: Сахнаға шығаруды үйрету «Қиылыс жаттығуы»

Эмоциялы реакцияларын үлгілеу мақсатында жүргізуші сахналап шығуды қажет ететін бірнеше жағдайлық міндеттерді ұсынады.

Жүргізуші студенттерді 4 топқа бөліп құрастырылған ойын жағдайлары бар дайындалған карточкаларды таратады.

(құрастырылған ойын жағдайлары бар карточка таратылады)

1.Сенің үіңде қуанышты жаңалық, әкең жаңа көлік сатып алды, бірақ сен кәмелет жасқа толмағандықтан ол көлікті айдай алмайсың. Сатып алынған көлікті қызыктап келген қонақтар мен ата-анаң шәй ішіп, тос тыңдап мәз мейрам болып отырғанда сен көлікті айдап көруді шештің. Көлікке мініп оталдырып аулаға шықтың, қызығып айдап отырып көшеге қалай шыққаныңды білмей қалдың, кенеттен сені ГАЙ қызметкері тоқтатты, сен  не істер едің немесе не айтар едің? Сенің жауабың мен әрекетің. (сахналап жеткізу керек)

  1. Сен жоғары оқу орнын бітіріп дипломыңды қолыңа алдың, енді үйдегі ата-аналар мен бауырларыңды бағу сенің мойныңда. Сенде әлі жұмыс жоқ, барлық мекемеге түйіндемелеріңді тапсырып қойдың. Бір күні сені бір мекеменің хатшысы соғып сағат 09.00-ден кешікпей келіп собеседованиядан (алдын алы әңгімелесу) өтуін сұрайды. Сен айтылған уақыттан кешікпей келдің, үлкен мекеменің басшысына кірейін деп тұрдың, хатшы қыз саған бастықпен қалай сөйлесуді үйретуде. Біраздан кейін бастыққа кірдің бастық сенімен әңгімелесіп отыр, сұрақтарды жаудырып отыр, сенің сұрақтарға жауабың және өз –өзіңді қалай ұстайсың? (сахналап жеткізу керек)

3.Сен құрбыңмен (досыңмен) бүгін группаласыңның үйлену тойына баруға дайындалып жүрсіз. Қаладағы ең мықты деген шаштаразға жазылып қойдыңыз, баратын уақытын тағатсыздана күтудесіз. Уақыт болды, шаштаразға келіп шашыңызды сәндетіп отырсыңыз, құрбыңда (досың) шашын сәндетіп отыр. Болғаннан кейін айнаға қарадыңыз, шаш үлгісі көңіліңізден шыққан жоқ, бұл шаш үлгісімен тойға барғың келмей тұр, тіпті үстіңе киген киіммен де үйлеспейді. Құрбыңыздың шаш үлгісі өте әдемі, өзіне жарасып тұр. Шашыңызды қайта сәндетуге уақыт жоқ. Той иелері сендердің тезденткенін өтініп жатыр, сенің әрекетің(сахналап жеткізу керек)

4.Бес  дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың біреуі сақау, екеуі соқыр, екеуі саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек. Сенің әрекетің. (сахналап жеткізу керек).

Талқылау: Жаттығу соңында  жүргізуші қорытынды жасап, талқылауға мына сұрақтарды ұсынады:

  • Қандайда бір жолды таңдау неге байланысты?
  • Таңдауға не әсер етуі мүмкін?
  • Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады?
  • Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?
  • Бас тарту жағдайында қандай мінез – құлық жиі кездеседі?

Тренинг соңында барлығы шеңбер құрып отырып, бүгінгі өткен тренингтен алған әсерлерін айтады.

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *