Тәрбие сағаты: “Ертегілер еліне саяхат”


«Ю.Гагарин  атындағы  дарынды  балаларға  арналғанүш  тілде оқытатын  №8 арнаулы  гимназиясы»коммуналдық  мемлекеттік  мекеме Досқараева Меруерт Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Сабақтын  мақсаты:оқушыларға  ертегілерді  дауыстап оқу   арқылы  кітап    оқуға   тарту.  Көркем  әдебиет ,газет-журналды  оқуға  үйрету  арқылы  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын   артырып  қазақ  тілін  байытып,  сана  сезімдерін  жетілдіріп, білімге  деген ізденістерін калыптастыру.

Көрнекілігі:слайттар,  шарлар,жалаушалар.

Сабақтын барысы:Балапан  бір  ағаштың   жанында  ойнап  отырып ,құлап  қалады,  апасы  жүгіріп  келіп:Ой  балапан,  сен  мені бүгін  шаршаттын ғой-дейді.

Балапан:Апа ,екеуміз  бір  жаққа  қыдырайықшы.

Апасы:Жарайды   екеуіміз “Ертегілер  еліне   саяхатқа”барайық.

Екуіне  жолдан  кірпі   жолығады .

Кірпі   балапанды  көріп:Ой  балапан,  мен  сені  жеймін.

Балапан  қорқып  апасының  артына  тығылады.

Апасы:Кірпі  сен  балапанды  жеме,  оданда  бізбен  бірге “Ертегілер  еліне   саяхатқа”   шығайық.

Кірпі,балапан  және  апасы  үшеуі  келе  жатады,оларға  қоян  жолығады.

Қоян:ой  қандай әдемі   балапан,  мен  сені  жеймін.

Балапан қорқып  апасына  қарай тығылды.

Апасы:Қоян   сен  балапанды   жеме,  жүр  бізбен  бірге  “Ертегілер  еліне   саяхатқа ”  шығайық.

Кірпі,  балапан   қоян  және   апасы      төртеуі   келе  жатады,  олардың  алдынан   қорқынышты  қасқыр  шыға    келеді.

Қасқыр:Ой  менің  қарным  аш,  мен  мына  балапанды   жеймін.

Балапан  қорқып  апасынын  артына   тығылады.

Апасы:Қасқыр  сен  балапанды  жеме  ,оданда  бізбен  бірге  “Ертегілер  еліне саяхатқа  ”  барайық.

Кірпі,  балапан,қоян,қасқыр  және  апасы  барлығы  “Ертегілер  еліне  саяхатқа”  3” Г”   сыныбына  келеді.

Қоян  :  Апатай  ,енді  бізге  ертегіні   кім  айтып   береді?

Апасы:Барлығымыз  бірге    шақырайық  “Кітап ханшайымы”,”Кітап ханзада”

Барлығы  хормен”Ханшайым ,Ханзада”.

Кітапханшайым:Сәлеметсіздер ме,кұрметі  қонақтар,оқушылар   және  достарым!

Біздін  қыздар ертекші,

Көп  ертегі  біледі

Қай  кезде сұрасан, ертегі  айтып  береді.

“Ертегілер   еліне  саяхатқа ” шығу  үшін  ертегішілерімізді шақырамыз.

Балалар:   Бәрі   бірігіп   хормен   Ертекшілер  2рет

Ертекшілер: Сәлеметсіздер ме,құрметті  қонақтар, оқушылар  және  достарым!

Ертегіш “  Дүниеде   не  күшті”  ертегісін  ертегі   кейіпкерлерініңрөлімен  дауыстап   оқиды.

Кітапханзада:Балалар  сендерге     ертегі  ұнады ма ?Бүл  ертегідегі  ең  күшті  кейіпкер  кім  екен?  Кұмысқа  неліктен  күшті   болды?

Балапан:Құмырысқа   көп  еңбек   етеді,  сондықтан  ол  күшті.

Балалар  кім  еңбек  туралы  мақал-мәтел  біледі?

Оқушылар:«Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті»

«Еңбек бәрін де жеңбек»

«Еңбек түбі- береке»

«Кім еңбек етсе, сол-тоқ»

Осы   кезде   қасқыр-  менің   қарным   аш , мен  балапанды  жеймін,-деп  бүлк  шығарады.

Кітапханшайым:Қасқыр  сен  балапанды  жеуге  асықпа,  бізде   тағы  да  қызық  ертегі бар,  кәне  достар,”Құмырсқаның  қанағаты”. атты  ертегіні    тыңдайық.

Ертегіш: “Құмырсқа  қанағаты”атты  ертегісін   мәнерлеп дауыстап оқиды.

Кітапханзад:Балалар  сендерге   ертегі  ұнады ма? Бұл  ертегіде  кімге қай  кейіпкер  ұнады?

Кірпі:Маған  құмырсқа ұнады.

Кітапханшайым: Кірпі ,  неліктен  саған  құмырсқа  ұнады?

Кірпі:Себебі , құмырсқа  өте  қанағатшыл,  тамақты  үнемдеп   аз  жейді.  Қасқыр   сияқты    қомағай   емес.

Кітапханзада:   Балалар  сендерге  ертегіде  қай  кейіпке  ұнаған  жоқ?

Қоян:  Маған  данышпан  адам  ұнаған  жоқ,ол  құмырсқаны  қорапқа   салып  қамап қойды,құмырсқа  болса   өліп  қалуы  мүмкүн  еді.

Кітапханзада:Қасқыр  саған   ертегі  ұнады  ма?

Қасқыр:   Маған  ертегі   ұнауын  ұнады  ғой,  менің  балапанды  жегім    келіп    отыр.

Кітапханзада:    Қасқыр  сен  балапанды    жеуге  асықпа  ,бізде  қызық  ойын   бар.  Ол  ойын”Ойлан  тап”  деп  аталады.

Ойлан  тап.

1-тапсырма.   Жұмбақтарды   шешу.

Арқасында тауы  бар,

Иір  мойыны  тағы  бар,

Шөлге  төзіп су  татпай,

Ұзақ жолдан таблар.

(Түйе)

2-тапсырма.  Тақпақтар  сайысы

Кітапханзада:Балалар  мен  сендерді  кітапханаға  оқырман  болуға  шақырамын.

Қасқыр: Мен енді  балапанды  жемеймін,  сендермен  дос  боламын.

Барлығы  “ біз доспыз,  доспыз  қол “ алысады.

Кітапханшайым  және  Кітапханзада:Ендеше, балалар   біздің  достығымыздың  құрметіне     барлығымызды  ән  салуға   шақырамын.

Ән:Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі

Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

Қайырмасы:

Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен

Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

Қайырмасы:

Қиялдаймыз,самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз

Қайырмасы:

Кітапханшайым  және Кітапханзада:  осымен   біздің

«Ертегілер  еліне  саяхат »  атты      ертегіміз  аяқталды,   келесі  кездескенше

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *