Ашық сабақ “Сарыарқа”


Мухамбетжанов Тулеген Таупыхович

“Қызылсая орта мектебі ” ММ-нің

география пәні мұғалімі

Презентацияны көшіріп алу

Сабақтың мақсаты:

А)  Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолдана отырып,жаңа сабақты салыстырмалы түрде меңгеру;

Ә)Сарыарқаның табиғи ерекшеліктеріноқушылармен бірге,қосымша мәліметтерді  пайдалана отырып,талдау.

Б)Оқушыларды шығармашылық ізденіске,туған өлке табиғатын қастерлей білуге,ойларын тиянақты талдап, жеткізе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстанның физикалық картасы,атластар,видеоматериалдар,оқулық т.б.

Номенклатура:Сарыарқа,Ұлытау,Қарқаралы,Шыңғыстау,Баянауыл,Кент,Қызыларай,Көкшетау,Ақсораң,Ертіс –Қарағанды каналы т.б.

Сабақтың түрі :жаңа сабақты өту

Сабақтың әдіс-тәсілі:дәстүрлі емес,Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданып,шығармашылық ізденіске баулу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі.Амандасу,оқушыларды түгендеу,оқушыларды жаңа сабақ өтуге жинақтау.

2.Қызығушылығын ояту

Оқушылар,бүгінгі өтетін тақырыбымыз  -Сарыарқа,сонымен Сарыарқаның екіші атауы –Қазақтың ұсақ шоқысы деп аталуының себебі  неде деп ойлайсыңдар? Оқушыларға Сарыарқа туралы қысқаша видеоматериал көрсету.

3.Мағынаны тану: Оқулықпен,қосымша  әдебиетпен жұмыс.

Жигсо әдісін қолдана отырып,Сарыарқа тақырыбын топқа бөліне талдау

1 топ.Географтар – Сарыарқаның географиялық орны,геологиялық құрылысы,жер бедері,пайдалы қазбалары;

2 топ.Климатологтар,гидрологтар – Сарыарқаның климаты,өзендері,көлдері.

3 топ.Биологтар-табиғат зоналары,өсімдіктері мен жануарлары.

Әр топқа бөлінген  оқушылар өз нөмірін анықтайды,содан соң нөмірлері бойынша топтарға жиналып,берілген тақырыпша бойынша тапсырманың бір бөлігін сарапқа салады.Талқылап болған соң,өз топтарына оралып,өзгелерге өз білгенін баяндайды.Соңынан әр топтан бір оқушы ортаға шығып,мәліметтердің барлығын жинақтап айтады.

4.Атласты қолдана отырып,семантикалық картаны толтыру:

Биіктігі м

атауы

1403 1460 1360 1565 1300 950 1133 947
Ақсоран                
 Кент                
Қарақаралы                
Шаңкөз                
Шыңғыстау                
Баянауыл                
Ұлытау                
Көкшетау                

 

5.Кескін картамен жұмыс

Кескін картаға өзендері мен көлдерін  түсіру.

Есіл, Нұра, Сарысу, Сілеті, Шілдерті, Тоқырауын өзендері;

Теңіз көлі, Қарасор,  Сабындыкөл, Бурабай, Шортанды, Қорғалжын көлдері

 

6.Ой толғаныс

Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға  БББ кестесін толтыруға мүмкіндік беріледі.

Оқушылар сабақ барысындағы алған білімдерін  кестеге түсіреді.

Білемін Білдім Білдім келеді
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Қорытындылау-түйін

Рефлексия

  • Мен… таныстым
  • … маған оңай болған жоқ
  • Мен жетістікке жеттім ….
  • … болса ғой
  • …. менің есімде қалды
  • Мен байқап көремін …
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *