Менің сүйікті мамандығым


 «Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар колледжі»

Дәлуов Заманай Ықласұлы оқушысы

Менің сүйікті мамандығым

Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Болашақта үлкен мамандық иесі болатынын армандамайтын бала болмайды…Осы бір сұрақ өмірге келіп, сана-сезімі жетілген әрбір адамды толғандырады. Бір кездері мен де осы бір сұрақтың жетегінде көп ойланып, қиялдап, өзім қалайтын, өзім сүйіп айналысатын істі таңдау жетегінде жүрдім. Ақырында осы бір сұрақтың жауабында таптым. Осы сұрақтың жауабы механик еді.

Мен Дәлуов Заманай Ықласұлы – Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технология колледжіне  «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану»  мамандығына оқуға түстім.

Қозғалтқыш –  көлікті жүргізу үшін қолданылады. Жанармай ыдысындағы жанғыш қоспаны май сорғы арқылы сорып алып инжекторге беріледі.  Инжектордағы  жанғыш  қоспаны  және ауаны форсунка арқылы газ таратқыш механизміне береді. Клапан арқылы цилиндрге толтырылады. Поршень жанғыш қоспаны сығып шам арқылы жағып  жанған газды шығару клапаны арқылы шығарып жібереді.   Автомеханик – көлік жөндеу жұмысы мен техникалық қызметін жүзеге асыратын қызметкер. Мұнымен қатар, құрал-сайман мен аспаптарға диагностика жүргізіп, оның техникалық күйін бақылайды. Автомобильдің толық әрі уақытылы қызмет көрсетуі, агрегат пен түйіндердің қайта қалпына келтірілуі, механизм мен детальдың реттелуі. Сол себепті бұл мамандықты екінін бірі игере алмайды. Жеке қасиеттері: Күш пен шыдамдылық, көзбен өлшеу, ірі әрі ұсақ мотор, бұлшық еттің сезгіштігі, есте сақтау қабілетінің жақсы болуы, байқағыштық, жылдам реакция таныту, табандылық, тәртіп, ең бастысы, жауапкершілік

Иномарка сынды ескі көліктерді жөндеу үшін ЖОО-да алған теориялық білім жеткіліксіз болады. Мұнымен қатар, арнайы құралдар жоқ кезде барлығын ретке келтіре алатын алтын қолдар мен біліктілік қажет. Бұрынғы көліктердің деталі қазір шығарылмайтын болғандықтан, оған қатысты шығын да көп болады. Ал тұтынушы өз кезегінде көлігім ескі болғандықтан, оның құрал-саймандары да, маманның атқарған қызметі де арзан болуы керек деп ойлайды. Сол себепті, бұл мамандық өзгелермен тіл табыса білуді де қажетсінеді. Заманауи сервис орталықтарында диагностиканы компьютерлік бағдарламаның көмегімен жүргізетіндіктен, көп жағдайда арнайы және жоғары техникалық білімді талап етеді.

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар  колледжінде осы жылдың қазан айының 17 – де ТОРА-13 тобының студенттері бірінші курста оқитын 121 тобының студенттеріне «Менің мамандығым – автомеханик» сынып сағатын өткізді. Сынып сағатының мақсаты – бірінші курс оқушыларын мамандыққа енгізу. 4 курста оқитын автомеханиктер өздерінің мамандықтары туралы, сонымен қатар мамандықты терең меңгеруге мүмкіндік беретін заманауи жабдықпен және ВАЗ – 2016 автомобильдерімен жабдықталған колледж шеберханасында  өткен практика жөнінде аса қызығушылықпен айтты. 4 курс оқушылары автомеханиктерге негізгі кәсіби пәндерден білім беретін оқытушы К.Камалова сабақтары туралы ерекше алғыспен айтты. Өткізілген сынып сағатынан кейін бұл мамандықты меңгеруге құлшынысы бар әрбір студент, ақырында, міндетті түрде өз кәсібінің шебері болатыны сөзсіз деген ой 1 курс студенттерінде қалыптасқаны айқын. Абай атамыз айтқандай «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды сүйсеңіз. Ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз» дегендей алға ұмтылып арманымызға жетіп, мамандық иесі болайық.

Менің қазіргі алға қойған мақсатым оқуымды үздік бітіру. Ол үшін адамда өзінің бойында осы мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен өзіне деген сенім болуы қажет. Бұл мамандыққа жету екінің бірі қолынан келмейтін іс. Сондықтан мен ешкім жетпеген жеңістіктерге жеткім келеді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *