Қозғалтқыштың жалпы құрылысы


 «Жаңаөзен сервис және жаңа технологиялар колледжі»

Шамов Асхат Мақсатұлы оқушысы

Мен, Шамов Асхат Мақсатұлы «Жаңаөзен қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандығында 1-курс студентімін. Бұл мамандыққа өз қызығушылығым мен түсіп, қозғалтқыштың құрылысын, атқаратын қызметін үйреніп түсіндім. Автомобильдерде қолданылатын двигательдер мынандай бөліктер мен жүйелерден құралады:кривошипті – шатунды және газ тарату механизмдері, қоректендіретін, майлайтын, суытатын жүйелер және оталдыратын қондырғы.

Иінді – шатунды механизм. Иінді – шатунды механизмнің бөлшектерін қозғалатын және қозғалмайтын бөлшектер деп екі топқа бөлуге болады.Қозғалмайтын бөлшектерге цилиндрді, ал қозғалатын бөлшектерге поршень, шатун және иінді білік топтарының бөлшектері жатады.Сонымен двигательдердің иінді – шатунды механизм механизмдері мынандай бөлшектер тобынан құралады: цилиндрлер тобы, поршень тобы, шатун тобы және иінді білік тобы.

Осы көрсетілген бөлшектер тобының әрқайсысы белгілі бір қызметті атқарады.Цилиндрлер тобы – поршеньнің әрі – бері қозғалысы кезінде бағыттаушы қызметімен қоса, оның ішінде процестер жүру үшін қажетті көлем жасап тұрады.Поршень тобының бөлшектері цилиндр мен аралықтағы қозғалуға қажетті болатын саңылауды неғұрлым берәк бітеп, цилиндр ішінде жүретін процестерге байланысты газ қысымын қабылдау қызметтерін атқарады. Шатун тобының бөлшектері поршень мен иінді білікті жалғастырып, поршеньде пайда болған газ қысымының күшін иінді білікке жеткізеді, ал керек болғанда иінді біліктегі күшті поршеньге жеткізеді.

Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 1 – суретте көрсетілген.

  1. 1. сурет.Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.

Оларды мынандай бөлшектер тобына бөлуге болады: поршень, шатун тобы және иінді – білік тобы. Олар бір – бірімен арнаулы бөлшектер арқылы жалғасады.

Газ тарату механизмі. Газ тарату механизмі, иінді шатунды механизмнің жұмысына сәйкес, цилиндр ішінде жүретін процестерді басқарады.Сору процесі кезінде цилиндр ішіне жану қоспасын (карбюраторлы) немесе ауа (дизельді) кіргізеді. Ол үшін сору клапанын ашады. Қысу, жану, ұлғаю процестері кезінде цилиндр ішіне, сырттан қатыстырмай, жауып ұстап тұрады, ал шығару процесі кезінде, шығару клапанын ашып, жанған газды сыртқа шығарып жібереді. Осы аталған қызметтерді атқару үшін газ тарату механизмі негізгі екі топтан тұрады.Олар клапандар тобы мен оларға қозғалыс беретін жетек тобы.

2-сурет. Газ тарату механизмінің схемасы.

Майлау жүйесі. Двигательдің жұмыс істеу кезінде оның қозғалатын бөлшектері өте күрделі қозғалыстар жасайды. Сол кезде олар әрі қозғалмайтын бөлшектерге жанасып үйкеліседі.Жоғарыда айтқандай, ондай үйкелетін беттерді қаншалықты мұқият тегіс етіп өңдегенде қарамастан, оларды микробедерлер сақталып қалады. Егер сол беттер өзара үйкелетін болса, сол бедерлер бір – бірімен айқасын, бөлшектердің жылжуына үлкен кедергі келтіреді.Сондықтанда сондай құрғақ үйкелісті, сұйықтық үйкеліске айналдыру қызметін майлау жүйесі іске асырады, яғни бөлшек бедерлерінің ой жерлері сұйық майға толады да екі қырдың бір – біріне айқасу құбылысын болдырмайды.

3-сурет. Майлау жүйесі.

Суыту жүйесі. Двигатель жұмыс істеген кезде цлиндр ішінде жанған жанармай және осыдан 1800 – 3000 градусқа дейін қызған газ цилиндрлер кенересін, поршень мен блок қалпақшасын қыздырады. Суыту жүйесі қызған бөлшектерді суыту үшін қажет. Іштен жанатын двигательдерде артық жылуын шығаруды сұйықпен немесе сыртқы ауаның көмегімен жасанды түрде суыту арқылы жүзеге асырады.

Суыту жүйесінің негізхгі қызметі, ол двигательдің қызған бөлшектеріндегі артық жылуды сыртқа шығарып, қоршаған ортаға таратып жіберу болып табылады, яғни двигательдің қызған бөлшектерінен сыртқа жылу тасымалдайтын қондырғы болуы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда двигательдердің суыту жүйесі осы жылуды тасымалдапйтын материалдардың түріне қарай екі түрге бөлінеді. Оның біріншісі ауа болса, екіншісі сұйық болады. Олай болса двигательдер ауамен суытылатын ненмесе сйықпен суытылатын болып екі түрге бөлінеді және олардың құрылысы да әртүрлі болады.

4.-сурет. Сұйықпен суыту жүйесінің схемасы.

Қоректендіру жүйесі-ауаны, жанғыш қоспаны немесе отынның белгілі бір мөлшерін инжектор немесе форсунка арқылы тозаңдатылған күйінде қозғалтқыш цилиндріне беріп тұруды қамтамасыз етеді.

Оталдыру жүйесі- қозғалтқышты оталдырған кезде иінді білікті айналдыру үшін қызмет  етеді. Мен қозғалтқыштың механизмдері мен жүйелерін осылай түсірдім. Келешекте осы маман иесі боламын деп, оқытушымыз Камалова Камшатқа алғысым көп.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *