Ғылыми бағыты: «Мұқағали Мақатаевтың өмір жолын, шығармашылығын оның өлеңдері мен естеліктері арқылы зерттеу»


Сарсен Гүльбина

КММ «Тайбай орта мектебі» оқушысы

Ақмола облысы Ерментау ауданы а.Тайбай

Жетекшісі: Жапабаева Айнұр Масғұтқызы

қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

КММ «Тайбай орта мектебі»

Жоспар

 

І. Кіріспе бөлім:

«Мұқағали Мақатаев – ғасыр ақыны..

 

 

ІІ. Негізгі бөлім:

“ Мұқағали Мақатаевты  өз өлеңдерінің желісімен  зерттеу»

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

«Жазылар естеліктер  ол  туралы».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе бөлім:

«Мұқағали Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен

келісімнің жаршысы. Оның өлеңдері шын тебіреністен,

шын шабыттан, шын қуаныштан туған».

Әбіш  Кекілбаев

«Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленген ақын – Мұқағали Мақатаев.

Мұқағали Мақатаев өз сөзінде: «Менің қымбатты достарым! Егер сендер шынымен менің өмірбаянымды, шығармаларымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен  бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңде болсын, менің жеке өлеңім өзінше ештеңе құрамайды. Ол поэма іспетті біртұтас». Ағынан жарылған шынайы ақынның «Бүкіл менің жазғаным бір ғана поэма» деуі – шын мәніндегі парасат иесі, өмірге ойлы көзбен қарайтын жанның жан тебіренісі, әлеуметтік ортаға айтар көзқарасы бар ақынның ширыққан үні.

Аспан тіреген Ақбас шыңдар, айналасын қарағайлы таулар, аршалы белдер қоршалай көмкерген Шалкөденің жазығы, жалбызды жағасына күміс шашқан тұма суының сыңғыры, мөлдіреп аққан қасиетті Қарасаздың сылдыры бала Мұқағалидың ойын әлдилеп, қиялына қанат бітірген алтын бесігі еді. Мұқағали Мақатаев – Қазақ поэзиясының көгінде кешегі майдангер, ғажайып дарын иесі Қ.Аманжоловтан кейін жарық жұлдыздай жарқ етіп, оқырманды өзіндік сыр-сипаты қайталанбас дарынмен баурап алған ерекше тұлға. Мұқағали Қасымды қай жағынан болсын пір тұтып мақтан еткен.

Дейсіңдер-ау, Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым.

Ақынмын деп қопаңдап жүргендердің,

Әммесінен Қасымның десі басым, – деп толғайды. Қасым тағдыры өз басына келіп, дерт меңдеген шақта да, ол ажал алдына бас имей, Қасымның қайратын өнеге тұтады. М.Мақатаев асқар тау мен дархан даланың жаны-жарқын асыл адамдары мен таңғажайып табиғатының асқақ жыршысы болды. Бұл егіз тақырып ақын шығармашылығында ажырамастан біте қайнасып, кереметтей сіңісіп кеткен.

Таулар менің таусылмайтын бақытым,

Ал, ырысым – ұлан ғайыр кең далам, — деп жырлайды.

Ақын суреттеуінде дала дидары әр қырынан жақсы жадырап ашылады.

Боз далам, күрең далам, жасыл далам.

Кісі емес саған келіп бас ұрмаған.

Құныға құрышым бір қанбай қойды-ау,

Қалай ғана құшармын ғашық далам? – деп сыр төгеді. Мұқағали нені жырласа да поэзиясында өзіндік үні естіліп, өзіндік қолтаңбасы көрініп тұрады. Ақынның туған жері, ауылы, оның адамдары, өз өмірі – поэзиясы. Ол әр уақытта өз халқымен бірге қуанып, халқымен бірге күйініп отырады. Сондықтан ақын жасаған әр образ – сол бір кезең тарихының, өмірінің шынайы бейнесі.

Ақын Дала мен Тауды, Отанды, Жерді шексіз сүйеді, сол арқылы оларға жан бітіріп, көркем тіл арқылы әлем картинасының бейнесін өлеңмен өреді.  Халық даналығы келбетін сөзбен суреттеуде  Мұқағали ақындығы Тұлға ретінде биіктен биікке көтеріліп, өз үні, өз көзқарасымен де оқырманды тербетті.

«Мен таулықпын!

Таудан мен жаратылғам,

Тау деген ана туған дара тұлғам…

Тауға барып, көкке ұшып кетсем бе екен,

ұстап алып, қыранның қанатынан»- деп ақиық ақын өзін мүлде жаңа қырынан танытты.

Өзін қоярға жер таппай, өскен ортадан қиянға қалықтап кетуге ұмтылуы – оның бодандық өмірге қарсылығы. Расында бодандық ғұмыр синдромы әлі де қалған жоқ. Ол ақын ретінде одақтық ғұмыр тірлігіне жасаған қарсылығын жүзеге асыруға оңтайлы әдіс таба алмады, қиналды, тебіренді, шамырқанды, қателіктерге де ұрынды… оның жырындағы астарлау мен алмастырулар, кейіптеулер айтар ойының пәрменділігіне  едәуір септігін тигізіп отырды. «Әдебиет шындықты шындап шегелейді» деген Твардовскийдің тұжырымы Мұқағали Мақатаевқа қаратылып айтылған ба деп те ойлайсың кейде…

Шынында Мұқағали Мақатаевтың лирикалық поэзиясы – заманымыздың кешегі де, бүгінгі де талаптарымен үндесе, күбірлесе, ымдаса, жымдаса алған өршіл де дауылды жыр үлгісі. Оның сырлы да мұңлы, нұрлы, өршіл жырларынан қуат алып, сусындамаған қазақ баласы кемде-кем.

Қырық бес жыл ғана өмір сүрген ақынның тірі кезінде шығармалары өз дәрежесінде кітап болып жарық көре алмады. Шағын-шағын екі-үш кітапшасы ғана басылды. 1976 жылы қайтыс болғаннан бері ақынның мол мұрасы жеке том болып та, екі томдық, төрт томдық болып та жинағы шықты. Тірісінде өз бағасын ала алмаған, алайда шығармалары арқылы халқының ең сүйікті ақынының біріне айналған М.Мақатаевқа 2000 жылы Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді. Алматыдағы бір мектеп, бір көше ақын есімімен аталады. Туған ауылы Қарасазда ақын мұражайы бар.

 

ІІ. Негізгі бөлім:


Өмір жолы
өлеңдерінен дәйектеме
1.

 

 

 

 

 

 

 

 
Мұқағали   Мақатаев  1931 жылы  9  ақпанда   Алматы  облысының   Нарынқол ауданы  Қарасаз (Шалкөде)  ауылында   туған

 

 

 

Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды.

Ақынның әкесі Сүлеймен 1941 жылы 29 желтоқсанда қан майданға аттанып кете барады. Үш айдан кейін хабар-ошар біржола тоқтайды. Бала Мұқағали өзі де қиын кезеңдегі жетімдікті бастан кешіреді. Әжесі Тиын мен анасы Нағиманның тәрбиесінде  өседі. Қара-сазда орны ғана қалған, лашық үйде Мұқағалидың балалық шағы өтеді.
Әкесі Сүлеймен өз қолымен салған сол там, туған үйдің құдіретін жырға қосқан да болатын.

Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград майданында қаза табады.
Менің  анкетам
-Туған  жерің?
-Ұланымын, Қарасаз  деп аталатын   ауылдың.
-Туған  жылың?
-1931. Құрдасымын Шәмілдің
-Жынысың  кім?
– Еркекпін  ғой, еркекпін!
Және дағы  тәуірмін

– Шыққан тегін?
– Шаруамын.
Бар  тірліктен  бағалы  оны  санаймын.

 

Қайран  жеңгем

Су  сұраса сүт  берген, айран  берген,

Қартайып қалыпсың – ау, қайран  жеңгем!

Қарғаның  валетіндей едірейіп,

Қасыңа  мына  біреу  қайдан  келген.

Апырай,  суық  еді  сұрқы  неден?!

Адамға  қарамайды  ғой сыртыменен.

Жол  көрсеткіш  сақшының  таяғындай,

Қимылынды   бағып  тұр  мұртыменен.

Жеңеше- ау, есіңде  ме  біздің  ағай?

Сыйласып отырар  ек  біз  құдадай.

Қанды  балақ  соғысты қарғыс атсын,

Қайран  жеңгем  шырқынды  бұзды  қалай?!

 

Әке  аманаты

Аттанарда  алыс  жолға,

Тапсырды  әкем  аманатын.

Серт  етіп   мен де  алдым  қолға

Әкемнің  берген «асыл  затын»

Сұстандырған  суық  лебі,

Соғыс  жылы, қыстың  кезі.

Әкем  сонда  аймалап  мені,

Аманат  еткен  мынау  ед сөзі

«Тыңда,  балам, тыңда,  күнім

Болуға  жара  қолқанат!

Кәрі  анаң,сәби  інің,

Барлығы  саған  аманат!

 

 

Мен өскен лашық – бір бөлме,
Бір бөлме – маған мың бөлме.
Хан тағы қараң қалатын,
Босағаңды аттап кіргенде.
Әке

Сонымен  құладың ба, тас  қамалым,

Қалмады  күйініштен  басқа  амалым.

Зиратың аяқ асты  болмасын деп,

Бұзылған қорғаныңа тас  қаладым.

Шынымен  құладың ба, шым  қорғаным,

Шынымен  өртендің  бе,  нулы  орманым.

Әке, сенің  өміріңді  жалғамасам,

Құрып  кетсің  жер  басып, ұл  болғаным.
2.
Орта   мектепті  бітірген  соң өте  сауатты, өткір болғандықтан  ауылдық кеңесте  хатшы, қызыл  отаудың меңгерушісі болып жұмыс  істейді. Комсомол  қызметінде  болды. 1962-1972  жылдар  аралығында « Социалистік  Қазақстан», « Қазақ әдебиеті» газетінде, « Мәдениет  және тұрмыс», «Жұлдыз»   журналдарын-да  бөлім  меңгерушісі,
1972-1973  жылы Қазақстан  Жазушылар  Одағында   әдеби   кеңесші болып  жұмыс  істеді.

Ауылдық кеңесте хатшы қызметінде жүргенде    орыс  тілінен мұғалім  тап-пай, орыс  тілінің  мұғалімі  болып   орналасады. Мұқағалидің  орыс  тіліне   аса  сауаттылығы   жас-тайынан орыс  тіліндегі  әдебиеттерді  көп  оқып,   өзін – өзі жетілдірудің  арқасы еді.
– Қайда  істедің ?
– Мынау  «Еңбек  кітапшамнан» танып ал.
– Оқымаған,дипломсыз  демесең,
– Бір  басымнан  бар  мамандық табылар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектебіме

Мектебіме айтар әнім,

Сан  рет  қайталадым.

Өзіңнен  алғанымды

Өзіне  қайтарамын.

Мектебім, қия  алмаймын,

Көп  нәрсе  қиялдаймын…

Мәңгілік  оқушын  боп,

Қалуға  ұя   алмаймын.

Өзіңнен,  тегінде,  мен

Аттанам  сенімменен.

Ассалаумағалейкүм,

Дәу  мектеп – өмір  деген.

 

 

3.
1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады

Отбасына  арнап шығарған өлеңдері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мезгілсіз қайтыс  болған қызы Майгүлге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Лашынға

Бүгін де,кеше де, өткенде

Іздесең қателік  көп  менде.

Қауғадай  басыма   барлығы

Сірә  да  соқпай  бір  өткен  бе…

Іздесең қателік  көп  менде,

Сен  бірақ  түңілме, жек  көрме!

Лайсаң, жауындар,дауылдар

Болмай ма  күн  шуақ  көктемде.

Өмірде кең, даңғыл  жол қайда…

Дауылдар, жауындар  болмай  ма,

Бас  қорғап жататын  ондайда

Айтшы  өзің, мен  шымшық  торғай ма?!

 

Майгүлге

Қалақтай едің,Қабірінде  қалақ  тұр.

Туғаныңды, өлгеніңді  санап  тұр.

Сенің  аңқау  құлағындай  қалқиып,

Қыр  басынан  қала  жаққа   қарап  тұр.

Қызым  менің,

Гүлім  менің,

Аяулым!

Жатыр молаң  жотасындай  қоянның

Құлпытасытың  құны  маған   бес тиын,

Бірақ  таспен  қалай  жаншып  қоярмын?!

Қойман, ботам.

Керегі  не  көк  тастың.

Қыста  ақ  қар, жазда  шалғын  шөп  бассын.

Өзің  келген май  айында  ақ  нөсер,

Ағыл – тегіл  бізбен  бірге жоқтассын.

Керегі  жоқ  көк  тастың

 

 

Ұлыма

Жүре – жүре  мен  өмірге  қанықтым,

Өмір  сырын  жаңа  біліп,жаңа  ұқтым.

Қызбалақтық  күндерімді ұзатып,

Енді,міне, әке  боп  та  қалыппын.

Сен  өмірге  басқа  жолмен бас  қадам,

Әкең  жүрген  соқпақтардан  қаш  балам!

Ұғып ал, сақ  болып  өс, айтайын,

Өмір  жолың  әкең  былай  бастаған.

Мен  әкемнәі  тәрбиесін  көрмедім,

Ал  анамның  ақылына  көнбедім.

Тіпті, кеше  щқушылық  кезде  де,

Тізгінімді  ешбір  жанға  бермедім.

Өмірімде  бір  иілген  емеспін,

Менмендігі  менен  өткен  жоқ  ешкім,

Боламын  деп « жалын  жүрек,от  кеуде»

Бола  алмай, қуыс  кеуде  боп  өстім.

Енді, міне, ұлым  маған  қарайды,

Өткір  көзің  өңменіме  қадайды.

Көп  қателік  жіберіппін   амал  не?

Кешір,ұлым,мойындадым, жарайды!
 

4.
Осы тұста ақынды дүниеге әкелген асыл ана Нағиман апамыздың бір сұхбатта берген жауабындағы мына сөздер ойға оралады: «Мұқағалиым 1931 жылдың наурыз айының сегізінде дүниеге келген болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан екі апта кейін «Наурыз тойы болады» деп күтіп отырғанбыз. Ал құжатта қалайша ақпанның тоғызы деп жазылғанын білмеймін», – дейді. Демек ресми аталып жүрген 9 ақпан ақынның туған күнін нақтылау да келер күндер еншісінде.

Мұқаңның атын нағашысы Бизақ қояды. Мұхаммед пайғамбар мен пайғамбардың төрт шадиярының бірі – Әли сияқты қасиетті қос есімнен құралған атты иеленген бала тегін азамат болмас,–деген ырыммен қояды. Кейін жеңгелері «айтуға оң-айландырып» «Мұқағали» атап кеткен екен.
Шеше,  сен  бақыттысың

Шеше,

Сен бақыттысың!

Жыламағын.

Жай  түсіп   жатқанда  да  құламадың.

Тәңіріңнен  мен  едім  ғой сұрағаның,

Сондықтан  жыламағын,жыламағын!

Бармын  ғой,

Тірімін  ғой,

Қасыңдамын.

Өлмеймін,мен  өзіңдей  асылданмын!

Таусылып,өз- өзіңнен  шашылмағын,

Байырғы  берекеңді  қашырмағын!

Мен  сенің  қанықпын  ғой көз  жасына,

Өзім  кепіл  тот  басып  тозбасыма.

Екі  жыр  жазсам  саған  бірін  арнап,

«Шеше» деп жаздым  ылғи  сөз  басына.

Тәңірім  кеше  гөрсін  кесірімді,

Аспанға  жазсам  сенің  есіміңді!!!

Шеше»

Сен  бақыттысың,тербете  бер,

Құба  талдан  иілген  бесігімді…
5.
Ағайын – бауырларына  арнап  жазған  өлеңдері
Кешіріңдер

Кешіріңдер, туыстар,

Кешіріңдер, ағайын

Өр  көкірек  бейбаққа  өкпеледің  талайың.

Кірсіз  көңіл  ақ  туын

Жоғары  ұстап, ағайын.

Ақ  киімге  оранып, алдарына  барайын.

Кешіріңдер, жараңдар,

Қошақаның болайын.

Сый  сұрағам жасыңнан.

Мейір  күткем  қартыңнан.

Еркелеп  ем  сендерге,

Емін  – еркін шарқ  ұрғам,

Екенмін  ғой  антұрған.

Сөз  өргізіп  артымнан,

Арыла  алмай  келемін

Бала  күнгі  қалпымнан.

Кешіріңдер, достарым,

Кешіріңдер, қастарым,

Есім  кіре  бастады,

Еркелікті  тастадым.

Мен  мен  емес, басқамын…

Естеріңе  алғайсың, еркін  жүрген  қалқаны.
6.
Мұқағалидың  қаламдас жолдас, іні- қарындастарына арнап жазған  өлеңдері

Фариза Оңғарсынова  апамызға арнап

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғабит Мүсіреповке

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақын талантын алғаш бағалаған, таныған  Әбділда Тәжібаевқа

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Фариза!

Фаризажан, Фариза-қыз,

Өмірде ақындардың бәрі жалғыз.

Шыдай-шыдай ақыры жалығармыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Біздерді де жоқтайтын жан болса егер,

Шаң басқан архивтерден табылармыз.

 

Сен мені білесің бе, білесің бе?

Жаралмаған жан екем күресуге.

Жылай жүріп, өтірік күлесің де,

Жүресің де қоясың, жүресің де.

Бірі итеріп кеудемнен, бірі шалып,

Тастағысы келеді күресіңе.

Фаризажан, сен соны білесің бе?

 

Жанарымды тұманмен тұмшаладым,

…Серіппесі үзіліп тұр садағым.

Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын.

Ауырлар деп ойлап па ем мұнша халім…

 

Ақын болып несіне жаратылдым,

Арасында қап қоймай қара түннің.

Қасиетін сезем деп Ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның.

Қу тірлікке құл болып аяқ басып,

Құлашымды жая алмай баратырмын

 

Момын едім, жақсы едім, ұяң едім,

Аттап өттім олардың қия белін.

Енді, міне, қауқарсыз құр ашуды,

Жия бергім келеді, жия бергім.

Маңдайымнан сипаған бір жан болса,

Енді қалған өмірімді қияр едім.

 

Білмеймін, бұзықпын ба, жындымын ба?!

Кеп тұрады телігім мұңды-мұңға.

Енді қалған өмірдің құрдымында,

Өлтірсе де көмбеймін жырды құмға!

Нөл болады деп айтам, жалтармаймын,

Көбейтсең де қаншама мыңды-мыңға.

 

Айналаға қарайық анық барлап,

(Түн кеткесін, күн шығып, жарық болмақ),

Не туралы жырласақ, Фариза-қыз,

Бағыштайық бәрін де халыққа арнап.

 

Фариза, Фаризажан, Фариза-қыз,

Бірімізден біріміз арылармыз.

Том-том болып дүкенде тұрмасақ та,

Подвалдағы архивтен табылармыз…

 

 

Ғабаңа

Ғабеке,

Анда  –  санда  сізді  көрем,

Сізді  көрсем  жомарт  бір  күзді  көрем,

Еліктеп  өзіңізге  есім  кетіп,

Көгендеп  ақ  қағазға  тіздім  өлең.

Мейіріммен  қарайтын Сізді  көрем,

Басқалар  үміттерін  үзді  менен.

Зәһәрмен  жібітем деп  қу  таңдайды,

Сеземін  өзін – өзі жұрт  алдайды.

Жібітсем  кейде  мен  де  қу  таңдайды,

Басымнан  Алатаудың  бұлты  аунайды

Біреулер  келекелеп, жыртыңдайды,

Түбінде  құртса  мені, құртар  қайғы,

Алайда  жырларымды жырта  алмаймын!!!

Меннен де үміт  күтіп  туған  елім!

Мен –дағы  үмітпенен туған  едім.

Мас  болған  өлеңіне  бір  жан  едім.

Ғабеке!

Айтсаңызшы  мыналарға,

Мен  кімнің  қазынасын  ұрлап  едім?

 

Әбділдаға

Тұрғанда  ұйқы  – тұйқы  ақ  самайың,

Мен  қалай,

Әбе,сені  жат санайын.

Абыржып асаңды  ұстап  отырғаның,

Ашулы Грозный  патшадайын.

Сөйлесең,

Бурадайын  лықсып – тасып,

Жаралы  жауынгердей  сылтып  басып,

Әбігер  боп  жүргенің  қашан  көрсем,

Жырдағы  жалғандықпен  мылтықтасып.

Бой  түзеп,

Босқа  кетпей  сауықпенен,

Боз қырау босағасын тауыпты өлең.

Жаман жыр жазғанымда

Ақ таяғың-

Арқамда ойнай ма деп қауіптенем…
7.
Бибігүл Төлегенова
Бибігүлге

Қарлығаш көмей  құрбым – ау,

Бір  бұрау  емес,мың  бұрау.

Қай  күні,қандай  Анадан,

Бағына  елдің  тудың –  ау?!

Ізеттім, әрі  келбеттім,

Қасында  жүріп  көрмеппін.

Бір кезде  шарлап  жер –  көкті,

Шарықтап, ұшып  сен  кеттің.

Өмірің  сенің  жаз  бүгін,

Ойлама  өмір  аздығын.

Есітер  құлақ  болса  егер,

Есіңде  жүрер  назды  үнің.

Естілер  сенің  осы үнің,

Ашқанда  ұрпақ есігін.

Уілдеп  жатқан сәбидің,

Тербетер  әлі  бесігін!

Айналса  болар  тіліңнен,

Тіліңнен  әрі  үніңнен.

Айырма,  тәңір,  осы  үннен,

Айырма, Бибігүлімнен.
8.
Поэзиядағы алғашқы қадамдары

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).
Қойшы  бала  –  Әкітай

Алғыр, өжет Әкітай,

Өзі  қалап  қой баққан.

Қозысын  қорғап  аялай,

Лағын  жарға  ойнатқан.

Жайлауда  болды  Әкітай,

Семіртіп  қойын  бірнеше  ай.

Шілденің  ыстық  күнінде,

Мал  бабын  тапты  жалықпай.

Жайлаудан  қайтты  Әкітай,

Күз  болды  енді түн  ұзап.

Күзетіп қойын  ұйықтамай,

Бөріге  бермей бір  лақ.

Қыс  болып  мейлі  Әкітай,

Мәпелеп  қойын  бағады.

Өмірден  оқып  қажымай,

Малының  бабын  табады.
9.
Шығармалары

. Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық кітабы да бар. 8 жыр жинағы [“Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976)] жарық көрді.
. Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?

Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?

Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?

Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,

Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?

Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?

Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?

…Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,

Тұмар

құсым кеткен-ау тырнағында перінің.

(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)

Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,

Көзді ашып-жұмғанша

көсеуін ап қолына

Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.

Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,

Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,

Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,

Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.

Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,

–        Қарлығашым,

қайта орал мекеніңе, шошыма.

Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,

–        О, бәтшағар

өмір-ай, өмір дейтін осы да!..

 

10.
Аудармалары

Өзін аудармашылық қырынан да сынап көрген

Мұқағали Дантенің“Құдіретті комедиясының”“Тамұқ”деген

бөлімін (1971ж.), Шекспирдің

“Сонеттерін”(1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы [У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971)] жарық  көрді. У.Уитмен, У.Шекспир, Н.Тихонов, Р.Бернс, Ф.Ансари, А.Акопян, А.Исаакян, Е.Евтушенко, Ф.Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды. Ю.А. Александров, М.М. Курганцев тәржімалаған ақын өлеңдері “Зов души” деген атпен орыс тілінде басылып шықты
Уолт  Уитмен « Сені  естігем»

Сені  естігем, салтанатты  нәзік  үні   органның,

Жексенбіде  жанай   өтіп, шіркеу  жақта  болғанмын.

Естігемін, қараңғыда, құйынды  құз,  ортасында  орманның

Күңіренген  күрсіністен  төңірегім  толған  мұң.

Операдан ғажайып бір,Италия  тенорын  да  тыңдағам,

Квартетте  сопрано  сыңғыр  үнін  сырлаған.

Дел –  сал  – , махаббатым, басымнан  сен  құшқанда,

Сеніңдағы қан  тамырын өң  бойында   тулаған,

Құлағымның  дәл  үстіңде, қоңыраулатып, тыңбаған.
11
Біршама өлеңдеріне ән жазылды.

«Саржайлау», «Есіңе  мені  алғайсың!», «Тоқта, ботам,атаң  келеді  артында», « Сәби  болғым  келеді», «Дариға, домбырамды  берші  маған», «Аңса, жаным» және т.б.
Есіңе мені алғайсың!
Нұр жауып тұрған көктемде,

Гүл тере барсаң бөктерге,

Қоңыраулатқан аспанды

Найзағай шаншып өткенде,

Есіңе мені алғайсың?

Тұнжырап тұрған орманға,

Тұнжырап жалғыз барғанда.

Мен бар деп мына жалғанда,

Жоқ деген сөзге алданба.

Есіңе мені алғайсың!

Жапырақ жанып жатқанда,

Күз келген күрең шақтарда,

Ағаштар мұңға батқанда

Есіңе мені алғайсың!

Ақ қырау тұрған ақпанда,

Ағаштар сырға таққанда,

Бозарып тұрып ақ таңда,

Есіңе мені алғайсың, Есіңе мені алғайсың!

 

12.
М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы.
Өмір сүрейік алмасып

Жапырақ-жүрек жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң

Мен қайың, бола бастайын.

Келісесің бе, жас қайың?

(Көрінер,мүмкін,

кімге ерсі.)

Өміріңді маған бір берші!

Дүрбелең мына

дүниені,

Адам көзімен бір көрші.

Қайың боп мен де бағайын,

Орманнан орным табайын.

Беймәлім маған өмірге,

Қайың көзімен қарайын.

Сен-дағы жерден нәр алдың,

Мен-дағы жерден нәр алдым.

Біреуден

сен де жаралдың,

Біреуден мен де жаралдым.

Тілің жоқ, жанды қайың сен,

Айырмашылығым – Адаммын.

Мендегі бары бір жүрек.

Беріпті жүрек саған мың,

Сондықтан ұзақ жасайсың –

Құрдасы

келер заманның.

Бар-жоғы менде бір жүрек,

Ол өлсе мәңгі кеткенім.

Сендегі: семсе мың жүрек,

Келгенде жасыл көктемін

Тірілер қайта дүруреп.

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымызды айырбастайық?

Адам боп жүрсең қасқайып,

Қайың боп тұрам қасқайып,

Тәуекел, айырбастайық.

Өмірге-өмір жалғасып,

Анамыз жерге жармасып,

Бірде адам, бірде қайың боп,

Сүрейік өмір алмасып…

 

 

 

13
Оның өзі қайтыс болғаннан кейін «Өмір-өзен» (1979), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (екі томдық) (1982), «Шолпан» (1984), «Жырлайды жүрек» (1989), «Күнделіктері» (1991), Үш томдық шығармалары (1991-1993) «Жылап қайттым өмірдің базарынан» (1994), «Қарасаздан ұшқан қарлығаш» (1999), «Аманат» (1999), Төрт томдық шығармалары (2002) кітаптары жарық көрген сайын Мақатаев поэзиясы оқырманмен етене жақын қауышып, әр қазақтың сырласына айналды.

 

14.
Өзінің «Күнделігінде» ақын 1976 жылдың 14 ақпанында былай деп жазыпты :«- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, творчествомды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанында түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай. Жалған күйініш, жалған махаббат пен қуаныш, өтірік патриотизм және тағы-тағылар поэзияның жаулары. Көпшіліктің көңілін аулау үшін, рухыңның ыңғайын табу үшін жазу керек. Әрбір жазатын адам оқырманды күлдіріп абыржыта алады (бәрі оның шеберлігіне байланысты), бірақ оның жанына кіріп, есіңде мықтап қалу үшін барынша ашық, сезімтал әрі түсінікті болу қажет. Кейде қарапайым түсіне білетін көпшілік сенің образдарың мен прообраздарыңды артқы қатарға ысырып тастайды. Әрбір оқырман көркем шығармадан өзін, өз жанының бөлшегін іздейді.

Сондықтан мен өзімнің «Менім» арқылы жасырмай, жаппай өмірімнің шежіресін жасап шықтым. Жанымның мұңы мен қуанышы – бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын.
 

 

 

О, поэзия!

“Поэзия, менімен егіз бе едің?
Сен мені сезесін бе, неге іздедім?
Алауыртқан таңдардан сені іздедім,
Қарауытқан таулардан сені іздедім.
Сені іздедім кездескен адамдардан,
Бұлақтардан, бақтардан, алаңдардан.
Шырақтардан, оттардан, жалаулардан,
Сені іздедім жоғалған замандардан.
Сені іздедім досымнан, қасымнан да,
Ақша бұлттан іздедім, жасыннан да.
Сен бе дедім ақ нөсер ашылғанда,
Қызыл – жасыл шұғыла шашылганда,
Көк жиек пен көк жиек косылғанда.
Махаббаттан іздедім, сагыныштан,
Арманымнан іздедім алып ұшқан.
Сәттерімнен іздедім жаңылысқан,
Сені іздедім   жадырау,жабығыстан,
Сені іздедім зеңбірек гүрсілінен,
Күннен, түннен, гүлдердің  бүршігінен.
Қуаныштан, түршігу,күрсінуден,
Сені іздедім жүректін дүрсілінен.
Сені іздедім сезімге у шараптан да,
Минуттардан іздедим, сағаттан да.
Сені іздедім, іздеймин тағат бар ма?
Сені маған егіз ғып жаратқан ба?”

 

15
Мұқағали – жалпыхалықтық, ұлттық тұлға. Әрбір өлеңін оқығанда, оның қазақ екенін жазбай танисың, ұлт ақыны екенін айқын аңғарасың. Жалпы ұлттық рух дегенде, мынадай басты құндылықтарымызды алға тартар едік. Олар – туған жер, өскен өлкеміз, ана тіліміз, тарихымыз, дініміз, салт-дәстүріміз. Міне осы құндылықтардың қай-қайсысы болса да Мұқағали өлеңбаянының алтын арқауы. Мысалы ұшаққа отырып сапар шеккен әрбір қазақ баласының ойына Мұқағалидың:
 

 

Іргелі қазақ болдық. Сақтар қалып,

Құс міндік темірқанат, аттар қалып,

Әйтсе де мақтанбалық, мақтанбалық! – деген жыр жолдары тұратындай.

Айналайын Ата мекен, Ақ мекен!

Қандай қазақ іздеп сені тапты екен?!

Туған өлке тәтті екен ғой,

Тәтті екен ! – дегенде, бойыңда ғажайып

отаншылдық сезімі оянады.

Қазақстан!

Пай, пай, пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай! –
16.
 

Қазақ рухының басты да жарқын көріністерінің бірі – оның ана тілінің мәртебесінің биік, мерейінің үстем болуы. Қазіргі алапат жаһандану кезеңінде өз тіліміздің туын жоғары ұстау – әр қазақ баласының парызы.
 

 

 

Тіл өнерін, сиқырлы сөз өнерін,

Оңбайсың сөз өнерін тежегенің!

Тілден алмас жоғалса, сөзден қанжар,

Бұл тірліктен бір күнде безер едім.

немесе

Батар, кетер келмеске күнім менің,

Қалар бірақ киелі тілім менің.

Қасіретті шақтардан түңілгенде,

Қасиетті тілімнен түңілмедім, – деген сияқты қанатты жырлар қашан да қазақ халқының қасынан табылар тұмары іспеттес.

Жыраулардың жазбай кеткен жырларын,

Арулардың айтпай кеткен сырларын.

Қорқытыңның қорқынышты мұң-зарын,

Қобызыңның шанағынан тыңдадым.

Құлазыған сенің құла түздерің,

Не білмеген, не көрмеген, ізгі елім.

Жазылмаған тарихымның жолдарын,

Ауызекі аңызыңнан іздедім.

…Сенің бүкіл болмысыңның тағдырын,

Домбыраңның пернесінен іздедім.

Тарихымды жазудамын бүгін мен,

Бабаларым сенің Ана тіліңмен,

 

17.
. Егер бүгінгідей еркін, азат заман болғанда, Мұқағали ақын тарих қатпарларын терең ақтарар да еді. Оған дәлел – сол бодандық заманның өзінде 1971 жылы «Райымбек, Райымбек!» дастанын жазуы. Бұл дастан – қазақ халқы бастан өткерген қиын-қыстау кезеңдердің шынайы бейнесін жасаған шоқтығы биік тарихи дастан. Жазылған соң он жылдан кейін барып «Лениншіл жас» газетінде жарияланды да. Сол поэмадағы:
Ақтабан шұбырынды,

Ақ туың жығылулы.

Олақ қатын тоқыған алашадай,

Өрмегіңнің арқауы суырылды.

 

Ақтық байлап, табынып тал-қайыңға,

Өтті күнің, сор қатып маңдайыңда.

Кетті қымыз жауыңның таңдайында,

Кетті қызың жауыңның борбайында.

 

Ақыныңа, серіңе, батырыңа,

Туысыңа қимаған, жақыныңа,

Тұяғымен ор қазған тұлпарларың

Тулап кетті жауыңның тақымында,

 

18
Ақынның заты өлгенмен, аты өлмейді
Алматы қаласында дүниеден өтті. Негізгі жыр жинақтарын көзінің тірісінде жарыққа шығарды (“Мавр”, “Дариға-жүрек”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің”). Дүниеден өтер алдын “Реквием” атты толғау-өлеңін жазды.

Шығармалары өзбек, қырғыз, т.б. тілдерге аударылған. Ақынның әдеби мұрасын зерттеуде 3 кандидаттық диссертация қорғалып К.Сейтова “Мұқағалидың ақындық мұрасы” (1991), К.Хамидуллаев “Мұқағалидың ақындық шеберлігі” (1993), тіл білімінде З.Қазанбаева “М. Мақатаев лирикасының грамматикалық ерекшеліктері”(1999)], шығармашылығы турасында 700-ге тарта еңбек (мақала, естелік-эссе, роман, поэма, өлең, т.б.) жазылған. Мұқағали қайтыс болғаннан кейін ҚР Жазушылар одағы Мұқағалидің атындағы әдеби сыйлық тағайындады (1985), оған ҚР Мемлекеттік сыйлық (1999), “Ғасыр ақыны” атағы берілді. 60 жылдық мерейтойы қарсаңында ақынның туған жерінде мұражайы ашылды. Алматыда ақын атында мектеп, көше және сол көше бойында Мұқағалиға арналған ескерткіш бар. Мұқағали өлеңдеріне Н.Тілендиев, Д.Рақышев, Ш.Қалдаяқов, І.Жақанов, А.Қоразбаев, Т.Рахимов, М.Рүстемов, Т.Мұхамеджанов, Ә.Тінәлиев, Б.Оралұлы, Т.Досымов, т.б. сазгерлер ән жазды. 1985 жылы Қазақстан Жазушылары Одағының бастамасымен үздік әдеби шығарма авторларына М. Мақатаев атындағы сыйлық тағайындалды. Ал 2008 жылы М.Мақатаев атындағы жаңа сыйлық тағайындалды.

1999 жылы Мұқағалидың «Аманат» атты кітабы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды (Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық). 2011 жылы Мұқағали Мақатаевтың 80 жылдығы түрлі деңгейде аталып өтпек. Осы мерекеге орай “Ақын, туған күнінмен!” деген Асқаров Алимжан өлең арнаған.

 

 

 

 

 

19.
Мұқағалидың  қаламдас жолдас, іні- қарындас

тарының, жары,балаларының  естеліктерінен.
Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Аңыз ғып айтар мүмкін қылығымды,

Қылығымды ұнатқан жұлынуды.

Жақсы көрген дер мүмкін «жылынуды»

Әйтеуір, қазбас былық-шылығымды.

Жоқ жанды қиған емес жамандауға,

(Сол үшін рақмет адамдарға!!!)

Білемін, әйтеуір, бір замандарда,

Жүреді жүз жыл жасап жаман қарға…

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз онын, бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

Қулары, таудың қызыл түлкісі дер,

Момындар, біздің үйдің кірпіші дер.

Мәңгілікке өзіммен ала кеткен,

Менің нәзік жанымды кім түсінер!?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жары Лашын Әзімжанова:

Мені балаларымен қоса ұйықтатып тастап барып өлең жазуға кірісетін. Осылайша таңды атыратын кездері де бар. Жұмекеңнің: «Мұқаңның шамы таң атқанша сөнбейді» деп әзілдейтіні де содан. Бір жазғанда өндіріп тастайтын. Ал үлкен дүниелерге әбден әзірленіп болған соң барып отыратын. «Ильич», «Райымбек, Райымбек», «Аққулар ұйықтағанда» поэмалары осылай туған. Мұндайда ұйқыны да, тамақты да ұмытатын. Бізге беймәлім бір құдіреттің әсері ме, көзінде нұр жайнап, жүзінде қан ойнап алабұртып отыратын. Ертесіне жазған өлеңін шабыттанып, мақтанып, шай үстінде ең әуелі маған оқып беретін. Сонсоң үйде отыра алмай қанаттанып, Одақ жағына асығатын. Қайсыбіреулердің осы күнгі айтып жүрген «Мұқаң қызып алып, бұрқыратып өлең жазады» дегені өтірік. Ішіп алып өлең жазушы ма еді адам?! Тұнық сезім, тұма сезім ащыны жұтқан сайын лайланып, былғанбай ма. Өз басым өмірімде Мұқаңның мұндай күйде өлең жазғанын көрген жоқпын.

 

Бибігүл Төлегенова:

Әлі есімде, 1950 жылдың бас кезі. Мұқағали екеуміз Қазақ радиосында бірге жұмыс істедік. Мен – әншімін, ол – диктор. Біз секілді студенттер үшін бұл деген – үлкен олжа. Менің байқағаным, ол қашанда кеудесін тік ұстайтын. Көңіліне кір жасырмайды. Кімнің алдында болса да пікірін ашық, әрі нық айтады. Бірақ шуағы мол. Әдемі қалжыңдайды. Тектілігі көрініп тұрады. Әйтеуір өзіме деген сый-құрметінен басқа бөгде қылығын көрген емеспін. Талантты, өнерді өте жоғары бағалайтын.

Әбіш Кекілбаев:

Мұқағали – қазақ поэзиясының ұзақ сағынып көрген асыл перзенттерінің бірі. Ол – шын мәніндегі ұлттық құбылыс… Ол халық болмысымен біте қайнасып кеткен ұлы тұлға. Ұлы құбылыс. Ұлы ақын. Мұқағалиы бар халық өлмейді. Мұқағалиы бар әдебиет күннен-күнге жаңара, жасай береді. Тіршіліктің тәттілігі мен ақиқаттың ащылығынан мейірі қанғанша дәм татқан қауымның өскелеңдігі мен өміршеңдігі де осында. Мұқағали халқымен бірге мәңгі өмір сүреді.
 

 

Атасынан аумайтын  қызымыз Айманымыз қайтыс болып кетті. Мамамыз көзі көрмей жатып қалды да, біраз уақыттан кейін ол кісі де дүние салды. Папамыз жазып кеткен «Өмірдің ағы мен қарасы» біздің өмірімізден де солай орын ала бастады. Қатты қиналдық. Бір күні «Папамның бізге тоқтау болар бір ауыз сөз қалдырмауы мүмкін емес қой» деп, үш томдығын ашып қалғанымда қанша өлеңдерін білемін деп жүрсем де, мына бір өлеңді алғаш рет көрдім. Содан:

Қайсыбір қасірет кезеңде,

Өмірді келеді тастағың.

Сонда да үмітті жоғалтпа,

Қаралы күндерден қашпағын!

Қай жерде тіршілік, өмір бар,

Сол жерде қуаныш, қайғы да.

Болса да алдың құз, артың жар,

Кеше біл, өмір сүр, айныма!

Сабыр ет, тоқтау біл, шеше біл,

Тағдырың улы оғын жолдаса!

Өзің-ақ ойлашы, несі өмір –

Қуаныш-қайғысы болмаса?!

– деген жолдарды оқып, жолдасыма: «О, Жұлдыз, таптым, таптым!» – дей беріппін. Қатты әсер еткені сондай кіші қызым Әсел өлеңді бірден жаттап алыпты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Қорытынды бөлім:

 

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы.

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы.

Жазылар естеліктер нешелеген,

Көрерміз онын, бәрін пешенеден.

Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе –

Көшеді өлең немесе өшеді өлең!

 

Бүгінде өлеңдері ең көп оқылатын ақын – Мұқағали Мақатаев. Мұнымен ешкім дауласпайды да! Күнделігінде Мұқаң: «Ей, безгелдектер, сендер емессіңдер маған бата беретін. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақ келеді, біздің әрқайсымызды солар өз орнына қояды. Мен өз жайымда мынаны айтамын: Мен – ХХІ ғасыр ұрпақтарының құрдасымын, бәлкім, одан әрідегі ұрпақтың туысымын да» деп жазыпты.

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем.

«Әрине суық қайғы, суық қайғы,

Көңілін халқың саған суытпайды.

Егер де халық өзін ұмытпаса,

Бақыл бол, халқың сені ұмытпайды?!.»

деп  жырлағандай өзінің болашақ күндерін болжаған ақынның ұрпағына, еліне арнаған аманат ретіндегі өзек жарды өлеңі бұл. Осы өлеңнің үшінші жолына назар аударыңызшы; «Егер де халық өзін ұмытпаса…». Барлық нағыз шындық осы үшінші жолда тұр. Демек тек діні, тілі, ділі сау халық қана өзін жоғалтпай, ақынын қастерлейтінін меңзеп тұр.

Мұқағали Мақатаев – ешқашан ортаймайтын, ешқашан сөнбейтін мол қазына қалдырған ақын. Өзінің көзі тірісінде «Ильич», «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Шөп жапырақтары», «Сонеттер», «Құдіретті комедия», «Дариға жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976) секілді барлығы 11 кітабы жарық көріпті. Олардың әрқайсысында таңдамалыға ұялмай ұсынатын ғажайып жырлар орын алған. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ», – деп қазақ атамыз тегін айтпаған. Қазіргі айтылып, жазылып жатқан астатөк мақтау, марапат сан алуан естеліктердің ол кезде бір де біреуі жоқ еді.

Мұқағали өмірде көп қиыншылықтарды басынан кешірген, өмірінің рахаты аз болған ақын. Бірақ, шындап ұққан адамға ол өмірдің шын рахатын сезініп кеткен жұмбақ ақын.

Әдебиет деген әу баста тілімізге арабтан келіп еніп, қазақшалағанда «асыл сөз» деген мағына беретін әдемі, әрлі сөз болса, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылық әлемі осынау қастерлі ұғымға лайық, «қыздың жиған жүгіндей», «қырмызы кілемнің түгіндей» жанды жаратылыс екені дәлел тілемейді. Ол қысқа өмірінде нұсқа, кілең ажарлы да базарлы өлең үлгілерін қалдырып кетті. Бұл – әрине, тіршілікті үлкен жүрекпен өліп-өшіп сүйіп, біздің жүрегімізді бүкіл әлеммен табыстырып, бірге соқтыра алған шынайы таланттың ғана қолынан келетін шаруа. Бұл – әрине, халық қазынасы – дария-тілдің тұнығын терең кешіп, жауһар-маржандарын еркін сүзе алған кемел суреткердің ғана қолынан келетін іс.

Мұқағали атамыз еш қоспасыз қазақ­тың біртуар ақыны болып қала береді. Мен ол  кісінің өлеңдерін ұнатып,қызықтап  оқимын.Себебі  ол  кісінің өлеңдерінде  туған жерге,ана  тілге, ата- анаға деген  сағыныш, құрмет,Отан  алдындағы парыз,табиғат  пен адам  өмірін алмастыра  өмір  сүрулері жақсы, тамаша, түсінікті, қызықты  жазылған. «Жігітті ел мақтаған қыз жақтаған» дегендей, Мұқағали өлеңдерін, оның аңғал қылықтарын ел аңыз қылып әлі күнге дейін айтып жүр.

Иә, Мұқағали   –  ғажайып, сыршыл, гуманист  ақын.Ол  бізге  көрінбейтін   сиқыр  бояулардан, бізге  естілмейтін   құпия  дыбыстардан   тоят  алатын   жұмбақ  ақын.   Ақын  өлеңдерін   оқыған  сайын   ақиқат  бейнелі   рух, сезім  мен  сананың   бірлігі  көңілге   ұялайды. Мұқағали   поэзиясы –  таңғы  шықтай  мөлдір, мұңлы  поэзия.

Мен өзім Мұқағали Мақатаев  туралы  былай  жазар  едім:

Мұқағали атам кетті деп бауырым қайғырма
Қалдырған ұрпағына ұлағатты поэзия
Мұқағали атамыздың рухы әлі тірі ғой
Мұқағали поэзиясынан ешқашанда айырылма

Қорыта келгенде  М. Мақатаев ақындық, өнерпаздық аясы кең шығармашылық тұлға. Оның лирикалары мен поэмаларында өз заманының шындығы, бүгінгі мен болашағы, жауыздық пен ізгілік, зұлымдық пен достық, арамдық пен адалдық, қатыгездік пен адамгершілік атты сан тарау тақырып тұтастық тапқан.Сондықтан да, Мұқағали қалдырған мол мұра қашанда халқымен бірге мәңгі жасайтын асыл қазына екені анық.
Ақын Фариза Оңғарсынованың «Мұқағали ақыны бар халық бақытты халық» деген сөзімен қорытындылаймын. Олай болса, сыршыл ақынның өміршең шығармасымен танысқан біздер –  бақытты ұрпақтармыз.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Асылжанұлы, Б. Мұқағалидың лирикалық поэзиясы / Б. Асылжанұлы // Жұлдыз. – 2010. – № 10. -177-185 б.

2.Каренов, Р. Мұқағали əлемі / Р. Каренов // Мұқағали. 2011. – № 1. – 36-46 б.

3.Машкеева, Н. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының көркемдік ерекшеліктері/ Н. Машкеева // Ақиқат. 2011. – № 1. – 59-61 б.

4.Мұқағали – Аңыз / дайындаған А. Ашанова // Қазақ əдебиеті. – 2011. – 4-10 ақпан (№ 5). – 1, 5 б.

5.Мұқағали Мақатаев // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. – 2011. – № 3. – 5-50

6.Мұхан, А. Мұқағали – Мəңгілік ғұмыр / А. Мұхан // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2010. – №4. – 21-25 б.

7.Тілеубаева, М. Мұқағали – тəрбие тарланы / М. Тілеубаева // Қазақстан мектебі. 2010. – № 7. – 31-33б.

8. М.Мақатаев «Аққудың  қанатында  жазылған  жыр» Алматы: Жазушы, 1999ж.,

9. Ғаламтор мақалалары, суреттері

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *