«Анашым», «Домбыра»


Нағашыбаев Мирас Ақмола облысы, Степногорск қаласы №9 орта мектебі

Анашым

Ақ жүректі анашым,

Маған ылғи панасың.

Айналайын анашым,

Әлпештеген баласын.

 

Айналайын анашым,

Маған демеу боласың.

Жан жүректі жан анам,

Сендей болсын бар адам.

 

Ардақтаймын, сыйлаймын,

Сен үшін ана тынбаймын.

Еңбек етіп, шаршамай,

Сендей болам, анашым.

 

Күлімдеп жүр әрдайым,

Арайлап атқан таңдайын.

Отбасымыз тірегі,

Көңіліңе қаяу салмаймын

 

Домбыра

Домбырамды аламын,

Біраз әнге саламын.

Домбыраны үйреніп,

Күйін шертіп  даламның,

Бір жасап мен қаламын.

Домбыраның киесін,

Үйренгенде білесің.

Күйін тартып қазақтың,

Жүрегің бір дір етсін.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *