«Көңілді тапқырлар» сайысы


Екібастұз қаласы

КМҚК № 3 «Гнездышко» санаториялық бөбектер бақшасының әдіскері

Нуртазина Шынар Жексеновна

Мақсаты: Тапсырмаларды тиянақты орындауға жетілдіру. Балалардың логикалық ойлауларын дамыту. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, еңбек ете білуге тәрбиелеу.

Торғай: Сәлеметсіңдер ме балалар сендер бізге көмектесіңдерші. Мына шелектегі бидайды бөлісе алмай жатырмыз.

Түлкі: Мен бидайды көбірек алуым керек себебі мен аспанды тіреп ұстап тұрдым.

Торғай: Жоқ – жоқ, ең ауыр жұмысты мен жасадым. Егіз жегіп, астық басып еңбек еттім.

Түлкі: Менің атқарған жұмысым астық басқаннан әлде қайда ауыр.

Торғай: Ал, мына түлкі бидайдың бәрін өзі алғысы келеді.

Тәрбиеші: – Жарайды түлкі, торғай сендер таласпаңдар біз сендерге көмектесеміз.

1 – команда: “Алғырлар”

Дайын біздің команда, шығыңдар кәне жарысқа.

Кімдер епті, кім алғыр, озып шығар сайыста.

2 – команда: “Тапқырлар”

Шетімізден тапқырмыз, біз команда құраймыз.

Не үйрендік, не білдік, сайыста жеңіп шығамыз.

Ұяшықтарды таңдау. Әрбір ұяшықта сандар белгіленген. Өздерің қалаған ұяшықты таңдайсыңдар.

1 – тапсырма: “Қандай ертегі білеміз?”

“Торғай мен түлкі”

“Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай”

“Қарлығаштың құйрығы неге айыр”

“Қарлығаш пен дәуіт”

“Кім күшті”

“Бес ешкі”

“Мақта қыз бен мысық”

Д/О: “Қай ертегіден үзінді”

Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын уақытым жоқ. дейді көкек.

2 – тапсырма: “Мына ақындарды білесіңдер ме?”

А. Құнанбаев

Ы. Алтынсарин

М. Әлімбаев

Т. Молдағалиев

О. Әубәкіров

С. Қалиев

3 – тапсырма: “Түсіп қалған әріп?”

Т… лкі, А… на, Қ… й, к… кек, ин.., т… й, та… ақ, қ… ян, т… с.

Балалар алдарыңда сөз жұмбақ, тігінен тор көз ішінде бір сөз жасырынып тұр. Сол сөзді тапқыларың келеме?

Балалар: ия.

Олай болса мен сендерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың шешуін дұрыс тауып қатесіз жазсаңдар, жасырынған сөзді табасыңдар. Ол үшін сөздерді көлденеңнен жазсаңдар.

Жұмбақтар шешу:

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады. (Күн)

 

Үсті толы ине, бірақта,

іс тігіп, қадамайды түйме. (Кірпі)

 

Сайқымазақ қулығы бар,

барған жерде ұрлығы бар. (Түлкі)

 

Көкпеңбек еді көктемде

қызарды күзге жеткенде. (Алма)

 

Қалың киімді ұнатады,

шешіндірсең жылатады. (Пияз)

4 – тапсырма:

Криптограмма шешу:

Н П А СА——Қ З А—— ЫСЫБД ——ТРӨТ ——-РАҚА ——-ЛЫАУ

5 3 4 2 1 —–1 3 2 ——-4 5 2 3 1 ——1 324 ——3 2 1 4 ——4 3 14

Анаграмма.

Қ – әрпінен басталатын сөздерге жауап беру арқылы тор көздерді толтырады.

5 – тапсырма: Логикалық есептер.

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналды бес есек.

Оның екеуі ұйықтап қалды

ынталысы неше есек (3)

 

Жаңа ғана шалғында,

он  бұзау жүр еді.

әлде шаршап қалды ма,

жатып қапты біреуі

нешеуі енді жайылып

жүргенін айт айырып. (9)

 

Бес қоянда неше құлақ (10)

Досым келе жатып 5 теңге тауып алды,

егер екеуіміз бірге болсақ неше теңге тапқан болар едік.(5)

Менде 10 теңге бар, сағыз 5 теңге тұрады. 10 теңгеге неше сағыз аламын (2)

4 балаға бір алма, бәріне тең беру үшін неше бөлікке бөлеміз.

6 – Тапсырма: ” Мен айтамын, сен жалғастыр.”

Еңбегі қатты болса

Татқаның тәтті болар.

Еңбек қылсаң ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Досы көпті жау алмайды

Ақылы көпті дау алмайды.

Еңбегі аздың өнбегі аз.

Еңбек ердің көркі,

Еңбегімен ел таныр.

Байлықтың атасы еңбек

анасы – жер.

Жаңбырменен жер көгерер,

еңбекпенен ел көгерер.

Тәрбиеші: балалар біз түлкімен торғайға бидайды тең бөлісуге көмектестік.

Түлкі еріншектің ертеңі таусылмайды. Сен әрқашан еңбек ете біл, сонда еңбегінің жемісін жейсің. Ырыс алды – ынтымақ дегендей бір – біріңе адал дос болыңдар.

Түлкі: рахмет сендерге балалар мен сендердің арқаларыңда еңбектің не екенін түсіндім. Бұдан былай адал еңбек ете білуге уәде етемін.

Торғай: рахмет сендерге балалар.

Түлкі екеуміз сендерге алып келген тосын сыйымыз бар. Бұл мына ақылды кітап, оның зерек қаламы бар. Ол өте ақылды, әрі тапқыр. сендерде ақылды, зерек, тапқыр болыңдар.

Тосын сый: Наубайшы келеді. Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендерге ризамын. Нағыз, алғыр, тапқыр екенсіңдер.

Еңбектің наны тәтті

жалқаудың жаны тәтті демекші. Еңбек еткен торғайдың жемісі. Түлкі, торғай сендер әрқашан татулық пен еңбектене біліңдер.

 

 

 

 

 

САЙЫС

«КӨҢІЛДІЛЕР ЖӘНЕ ТАПҚЫРЛАР»

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *