Тәрбие сағаты «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер»


Мустафаева Ляззат Омарбековна

Жамбыл облысы Гранитогор санаториялық мектепинтернатынын  тәрбиешісі

Мақсаты:  Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігінің қазақ тарихындағы алатын орнын, құндылығын оқушылардың сана-сезіміне сіңірту. Жас ұрпақтың бойында жоғарғы патриоттық сананы қалыптастыру,өз елі үшін мақтаныш сезімін, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру;

Қазақстанның негізгі жетістіктерін насихаттауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд.

Барысы.

Тәрбиеші:  Құрметті қонақтар және оқушылар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Қуатты Қазақстан-қуатты өңірлер» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!            Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық, Еділ жағалауынан шығыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікке Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь-Шань тауларына дейін ұланғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1-оқушы:

Менің Отаным – Қазақстан

Отаным менің – Қазақстан,

Ыстық қой сенің топырағын.

Орманын, көлін, бау-бағын,

Қастерлеген қазағым.

Найзаның ұшымен қорғаған,

Халқым менің мықты ғой.

Ата-бабам әрқашан,

Салт – дәстүрін сақтаған.

Әрбір қазақ батыры,

Желбіреткен көк туын.

Кен байтақ жерге қазағым,

Егін егіп, мал жайған.

Күзде піскен егінді,

Жинап алып ас қылған.

Аман болсын ел – жұртым,

Тыныш болсын Отаным.

 

2-оқушы:          Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып,

Құшақтап бір өзіңді туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

 

3-оқушы:        Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан,

Тарайды дән жұпары бар әлемге

Қазақтың қасиетті даласынан.

 

Тәрбиеші: 1991 жылы 16 желтоқсан күні – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік  тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.  Осы күні Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланды. 1991 жылы желтоқсанның 16-сында Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялады. Осылайша әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан атты жаңа мемлекет пайда болды.Балалар біз бүгін  тәуелсіз мемлекетімізге саяхат жасап жетістіктерімен танысайық.

Сергіту сәті: «Поезд» жаттығуы:

Шеңбер құрып қол созамыз, бірі бірінің алдыңда турған адамның көршісінің иығынан ұстап пойызға ұқсап жүреміз. Бір кезде пойызымыз алаңға тоқтайды,адамдар орын алып отырады, қолдарын жоғары көтереді.

  • Осы пойыздағы адамдар секілді Отанымызға мықты қорған жасап бір бірімізге тіреу болайық.

Тәрбиеші: Қазақ елі ұлан- байтақ. Бір қиырынан екінші қиырына дейін ұшқан құстың қанаты талып, жортқан аңның тұяғы шағылған деп суреттеледі аңыздарда. Айтса айтқандай, батысынан шығысына 3000 шақырым, солтүстігінен оңтүстігіне 1600 шақырым, жалпы аумағы 2717.3 мың шаршы шақырым алып аймақты қалай әсірелесе де тұрарлық.

Осындай кең-байтақ жерге ие жас, егеменді еліміздің өзге елдердегідей өз «іңгәсі» бар. Ол- көтерген Туы мен Елтаңбасы, асқақтата әуелеткен Әнұраны. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды.

ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.1992 жылы 4 – маусымда Еліміздің Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

1993 жылы маусым айында еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.

Жүрегіме сыйғызып бар бейнеңді,

Қалсам деп ем өзіңнің жүрегіңде мен.

Кең дала – Қазақстаным.

Керегі жоқ даңқ дейтін маған сөренің,

Жетер біраз есіңде қала алса өлеңім.

Халқым маған сенеді әлсіз демей,

Үйткені мен, туған жер, саған сенемін.

Жасай бер , Қазақстаным.

 

Тәрбиеші: Бүгінгі  Тәуелсіздікке халқымыз оңайлықпен жеткен жоқ. Бүгінгі біздің бақытты  өміріміз үшін  қан төгіп құрбан болған боздақтарымыз мәңгі есімізде.

Семей қаласында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековке ескерткіш орнатылған.

1991 жылы Қазақстан бойынша репрессия құрбандарына  тұңғыш рет Ақтөбе қаласында Түйетөбеде ескерткіш қойылған.  Осы жерден  жаппай ату жазасына ұшыраған жүзге жуық адамның сүйегі табылған, ескерткіштің ашылуында жиылған халықта есеп болмады. Жақындарының сүйегі қайда қалғанын білмей жүрген талай ақтөбелік  үшін, жалпы халқымыз үшін елеулі  оқиға болды. Бұл  ескерткіштің  авторы — сәулетші Әбубәкір  Әжіғалиев.

 

(Оқушылар тақпақтарын айтады)

 

Жүргізуші: Ел астанасы Арқа төсіне ауысқалы бері мемлекетіміздің өмірінде жаңа белес-жасампаздық белесі басталды. Астана құрылысы бүкіл еліміз астанаға қарай бой түзеуде . Барлық облыс орталықтарындағы құрылыс қарқыны көңіл қуантып, көз сүйсінтеді. Астананың күн өткен сайын артып барады дей аламыз. Қазақ мемлекетінің астанасын елдің ортасына алып бару, елордаға қай өңірден де бірдей жететіндей ету идеясы тәуелсіздіктен кейінгі ұлы мақсат-мұраттардың біріне айналды.

Тәуелсіздік- қасиетті ұғым, сәулелі құбылыс.Сандаған ғасырлар мен замандар бойы бабаларымыздың асыл арманы болған. 1995 жылы 13 шілде күні ҚР президенті Алматы қаласында Тәуелсіздік монументін орнату туралы қаулы қабылдады. Осы монументтің авторлар тобының жетекшісі Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан.Тәуелсіздік монументі Алматы қаласындағы Республика алаңында орналасқан.

Дінімізді дамытуға бар мүмкіндікті жасадық. Тек тәуелсіздік алған жылдары республика бойынша 2000 нан астам мешіт салынып, көптеген медреселер ашылды. Орталық Азиядағы жалғыз «Нұр-Мүбәрак» ислам мәдениті университетін ашып, жоғары білімді діни мамандар даярлау ісін жолға қойдық. Дін-ұстараның жүзіндей өткір ұғым, ал Қазақстан көп ұлтты ғана емес ,көп дінді мемлекет.

Сондықтан ел іші тыныш болуы үшін дінаралық татулық саясатын берік ұстанып, жер жаһандағы алуан түрлі дін өкілдерінің басын қосқан әлемдік діндер басшыларының алғашқы сьезі өткізілді. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделі артты.

 

Тәуелсіздік-менің байтақ Отаным,
Бір өзіңсің Мұхтар,Абай,Шоқаным,
Тәуелсіздік-сәбилердің шаттығы,
Тәуелсіздік-ақ батасы атаның.
Тәуелсіздік,Тәуелсіздік-жыр-әнім,
Көк байрағым,Елтаңба,Әнұраным.
Атыңнан айналайын Тәуелсіздік,
Қолда елімді қасиетті Құраным.

Тәрбиеші:   Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалар өте көп. «Жері байдың елі бай» деп тегін айтылмаған.

Қазақстан Республикасының сол сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. «Судың сұрауы бар» дейді халық. Осы мол суды есепсіз, мөлшерсіз көп жұмсау судың азаюына әкеп соғады. Мысалы, Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырады. Кейінгі уақытта осы өзен суын мөлшерден көп ауыл шаруашылығы үшін (күріш, мақта өсіруге) көп пайдалануда. Өзеннің теіңзге апарар суы азайып, соның салдарынан Арал теңізінің деңгейі, көлемі кішіреюде. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып, ауаның құрамына кіруде. Сол ауамен демалған адамдар ауруға ұшырап зардап шегуде. Арал аймағының экологиясының осындай жағдайы Қазақстанда үлкен мәселе болып отыр.

Шаттық шеңбері. Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Бір орам жіпті алып, бір-біріне деген тілектерін айтып лақтырады.

– Осы шеңбер секілді татулығымыз, бірліміз жарасқан ел болайық

Қорытынды:

Құрметті оқушылар және кешке жиналған көрермен қауым,сіздерге өмірлеріңіз ұзақ, дендеріңіз сау,еліміз тыныш,жұртымыз аман деген игі тілектер жолдаймыз! Қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтаймыз.Сіздерге денсаулықтарыңыз мықты, еңбектеріңіз табысты болсын деп тілейміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *