Сабақ «Бөлме өсімдіктері»


«Ақсу қаласы Алғабас селолық округінің 

М.Қабылбеков атындағы орта мектебі» КММ-нің тәбиешісі

Асылова Ботагоз Жумажановна

Мақсаты: Бөлме өсімдіктер туралы түсінік беру. Гүлдердің атауларын, сырт келбетін, жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын , оларды баптап, күту ережелерімен таныстыру. Өсінді отырғызу жолын көрсетіп, табиғатты аялауға, сүюге үйрету.
Шаттық шеңбері:

Шаттық шенберге тұрайық

Алақанды ашайық

Күннің нұрын салайық

Жүрек жылуын салайық

Осы жақсы лебіздерді

Бір бірімізге сыйлайық.
Балалар отырады.
Тәрбиеші: Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер оның жауабын шешуге тырысыңдар.

– Адамдардың бәрі қызығады, су құймасаң сәні бұзылады.

Бұл не?
Балалар: — Гүл деп, жауабын тапты.
Тәрбиеші: Дұрыс. Жарайсыңдар, ендеше бүгін біз бөлме өсімдіктерімен таныс боламыз. Өсімдік өмір сәні, табиғат көркі, дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп көрік бере қоймай, бөлменің, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады екен. Олардың көптеген түрлері болады. Енді балалар назарымызды мында аударайқ.Мынау міне қастамақ деген гүл,ол бөлме өсімдігі.Бұл гүлдің пайдасы өте көп.Мысалы:құлақ ауырғанда пайдалануға болады,бөлмедегі ауаны тазартадыАл мынау, алоэ өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келген, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэның емдік қасиеті бар, дәрі-дәрмек. Егерде, жүгіріп бара жатып, жарақат алған жағдайда осы алоэ кескінін кесіп алып, жарақат алған жерге тигізіп бір-аз уақыт ұстап тұрсақ жазылады екен. Міне, өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен.

Тәрбиеші: Енді, гүлдің сырт келбетімен танысайық. Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі. Балалар, ендеше осы айтып отырған гүлдеріміз біздің бөлмемізде бар ма? Мұқият қарайықшы, кім көріп тұр?

Балалар: — Табиғат бұрышында қастамақ және алоэ өсімдіктерді тауып көрсетті.
Тәрбиеші:Енді екі топқа бөлініп гүл құрастырамыз
Тәрбиеші: Жарайсындар балалар.

Сергіту сәті: Гүлдер,гүлдер,көп гүлдер

қызыл жасыл көк гүлдер

алма бақта өсе ғой

жұпар исін шаша ғой
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар.

Тәрбиеші: Енді балалар гүлді қалай күту керек, қалай баптау керек үйренейк.
Практикалық әрекет: Бәріміз бірге гүлдің топырағын қопсытамыз,шанын сүртеміз,су қүямыз
Су құйып, күтіп,баптап тұру қажет екен.
Күту ережелері:
Гүлдердің жапырақтарының шаңын сулы мақтамен сүртеді.
Жапырақтары ұсақ өсімдіктерді су шашатын ыдыспен бүркеп-шашып жуамыз.
Суды жапырақтарына тигізбей топырағына құяды.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар, бәрін көріп, ұғып алған екенсіңдер.
Тәрбиеші: Балалар, осы сабақтын тақырыбына байланысты ребус шешейік.
Тәрбиеші: Жарайсындар.

Қортындылау: Бүгінгі сабақ ұнадыма?
— Біз қандай бөлме өсімдіктерімен таныстық?
Балалар: — Қастамақ, алоэ өсімдігімен
Тәрбиеші: — Гүлдің сырт келбеті қандай?
Балалар: — Тамыры – сабағы – жапырағы – гүлі болады.
Тәрбиеші: — Бөлме өсімдіктерінің қандай пайдасы бар?
Балалар: — Бізге қуаныш сыйлайды.
Дәрі – дәрмек.
Бөлменің ауасын тазартады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *