Сабақ “Сұраулы сөйлем”


Турдыбаева  Кенжеш Джумагалиевна

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы  Жаңа тілек ауылы

«Әуезов атындағы орта мектеп» КММ-нің қазақ тілі мұғалімі

Қазақ тілі  2- сынып
Сабақтың атауы Сұраулы сөйлем
Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқушыларға  сұраулы сөйлемнің мағынасын түсіндіру.Сұраулық мағыны білдіретін сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру . Сұраулы сөйлемді хабарлы сөйлемнен жасай алады .Хабарлы сөйлемнен  сұраулы сөйлемді ажырата  алады.
   Психологиялық

ахуал

Қайырлы таң ,достым ,  1-топ

Қайырлы күн болсын .  2- топ

Сенбі күннің  әр кезі    3- топ

Сәттілікке толсын.       4- топ

Біздің алар бағамыз       бәрі

Кілең бестік болсын      бәрі

Үлкенге де сіз ,

Кішіге де сіз.

Құрметпенен бас иіп

Сәлем бердік  біз.

Оқушылар шеңбер жасап , мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Миға шабуыл Қазір қай жыл мезгілі?

Далада ауа-райы қандай ?

Қыс айларын ата.

Желтоқсанда қандай мерекелер бар ?

Біздің бүгінгі сабаққа қатысуымыз тәуелсіздігіміздің  25 жылдығына тартуымыз болсын.Сабаққа жақсылап қатысайық.

Топтарға  бөлу.

1-топ  Сөз тобы

2-топ  Сөз тіркесі тобы

3-топ  Сөйлем тобы

4- топ  Хабарлы сөйлем тобы

Жаңа сабаққа деген қызығушылық

тары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

« Сен –маған ,мен-саған » әдісі Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қояды.

Үй тапсырмасына берілген 174-жаттығуды әр топтан

1 оқушы оқиды.

« Әткеншек » әдісі Тақтаға жыл мезгілдерінің суреттері ілінеді.Сурет бойынша

1-топ  5 сөз жазады

2-топ  3 сөз тіркесін жазады

3-топ  2 сөйлем жазады

4- топ  осы сурет бойынша қалған 3 топтан не сұрағысы келетінін жазады.

Жаңа  тақырып -Балалар , мен сендерден жыл мезгілдері ,ауа-райы туралы білгім келгенде не істедім ?

-Сұрадыңыз.

-Өткен тақырыпты қайталап,еске түсіру үшін  сендер не істедіңдер ?

-Бір-бірімізге сұрақ қойдық.

-Осы сұрақтарға бәріміз не істедік ?

-Жауап бердік,жауап іздедік.

-Яғни ,бір-бірлеріңе сұрақ қою арқылы оған жауап іздеп бүгінгі тақырыпты өздерің таптыңдар. Бүгін  қандай сөйлемнің түрімен танысамыз?

-Сұраулы сөйлем.

Енді ережені өзіміз қорытып

көрейікші.(өздері ереже қорытып айтады)

-Соңына қандай белгі қоямыз?

Оқулықпен  жұмыс

« Галереяны аралау »

1-топ   175- жаттығу Өлеңдерді мәнерлеп оқып, салыстырып , қайсысы сұраулы сөйлем соны көшіріп жазады.

2-топ 176 – жаттығу Мәтінді оқып

сұраулы сөйлемдерді  көшіріп жазады.

3-топ 177- жаттығу Берілген жайттардың екеуіне жауап жазу.

4-топ 178 – жаттығу  Өздері оқып екі сөйлемнің айырмашылығын айтады.Алғашқы 4жолын көшіріп жазады.

Сергіту сәті « Дирижер » ойыны .Үш тілде

1-10-ға дейін сандарды  тура және кері санау.

Бекіту 1-топқа сұраулы және хабарлы сөйлемнен  венн диаграммасын құру.

2-3-топтарға  топтастыру ,

4-топқа  Т  кестесін толтыру.

Үйге  тапсырма Дәптермен жұмыс.179-жаттығу .

Сурет бойынша әңгіме құрау.

Күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау.

«Табыс баспалдағы »

Өздерің бүгінгі сабақта қандай табысқа жеттік, өздеріңді мына баспалдақтың қай жерінде тұрмын деп ойласаңдар сол жерге стикерлеріңді жабыстырыңдар. Қолдарындағы стикерлерін жабыстырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *