Ашық сабақ «Өмір әдебі»


Ақтау колледж  оқытушысы

Бекбердиева Тойгул Элевсановна

 Сабақтың мақсаты: Білім алушыларға « Өмір» ұғымының мәнін ашып,  олардың өзін-өзі танудағы орнын анықтауға, адамның рухани дүниесін бағалай білуге баулу.

Сабақтың міндеттері:

  • өмірге қанағат сезімін және өмір қиындықтарын жеңуге талпынысын дамыту;
  • адам өмірі туралы түсінікті тереңдету, өзін-өзі бағалау және өз күшіне сену сезі-мінің пайда болуына ықпал ету;
  • жағымды ой, ішкі үйлесімділік сезімін қалыптастыру, адамның ішкі мүмкіндіктері туралы ұғымды кеңейту және тереңдету.

Сабақтың көрнекіліктері: «Өзін-өзі тану» әдістемелік құралы, аудиожазбалар, бейнебаян, презентациялар, плакаттар т.б.

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

   Топпен сәлемдесу:

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, студенттер, бүгінгі біздің ашық тәрбие сағатымыз-ға жиналған қонақтар.

Аудиторияны сабаққа әзірлеу:

Құрметті студенттер мен сіздерді көргеніме өте қуаныштымын.

Өмір алды – ыс-тық, арты суық. Алды-ойын, ар-тқы жағы мұңға жуық. Абай Өмір-теңіз, жүз-ем онда демеңіз, ізгіліктен жасалмаса кемеңіз. Рудаки Дүниеде үш нәрсе ғана: ат-кан оқ, айтыл-ған сөз, өткен күн-қайтып оралмайды. Даумер Өткен күндер-дің бәрі емес, есте қалған күн-дерің ғана өмір. П.А. Павленко Бейне сұрақ. Өзіңді танығың келсе, адамдар-дың ісіне қара, өмірді танығың келсе өзіңнің жүрегіңе  үңіл. Шиллер

 

Тыныштық сәті:

Терең дем алып, барынша қайта шығарыңыз. Денеңізді босаң ұстаңыз. Өзіңізге былай деңіз: «мен өмір сүруіме кедергі келтіретін барлық өкпе, реніштен тазарғым келеді. Мен барлық қысымнан осылайша босаймын. Мен жанға рақат жайбарақаттылықты сеінемін. Мен өз қалпымдамын. Өз өмірімнің ағынымен барамын. Жүрегімде бүкіл әлемді тазартатын махаббат бар.» Әуелі өзімізді тазартудан бастаған жөн. Денеңізге барынша жылу  тартып мамыражай рақатты сезініңіз, өміріңіздің басқа жақсы арнаға бұрылғаны деп біліңіз. Осы жаттығуды бірнеше рет қайталап аудиторияға оралыңыз.

Рефлекция.

  • Өзіңізді қалай сезінудесіз?
  • Жаттығу барысында қандай әсерде болдыңыз, не сезіндіңіз?
  • Сіз өз өміріңізде кездесетін қандай қиыншылық болса да, төтеп бере алар ма едіңіз?
  • Өз өміріңіздің мәнді өтуі үшін тағы не істей аласыздар?

   

  1. II. Үй тапсырмасын тексеру.

   Үйге берілген тапсырма. «Салауатты өмір салты»

  1. Салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіз?
  2. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың жолдары?
  3. Салауатты өмір салтының мәні?
  4. Салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы?
  5. «Денсаулық зор байлық» деген ұғымды қалай түсінесіз?

 

   III. Дәйексөз.

   Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады, жер басып жүрген әрбір адамның өз міндеттері бар. ( Хемингуей)

   «Біздер балаларымыздың басқа балалардан артық болғанын қалаймыз, бірақ сіз оны армандамаңыз, сіз балаңыздың мына өмірде адам болуын, адам деген атқа лайық, шаң тигізбей өтуін армандаңыз»

   С.А. Назарбаева.

  1. IV. Әңгімелеу.
  • Өмір деген сөзді қалай түсінеміз?
  • Өмір мен тағдырдың айырмашылығы неде деп ойлайсыздар?
  • Өмірдің мәні неде?
  • Әрбір адам қандай да бір іс үшін туады деген тұжырыммен келісесіздер ме?
  • Ұлы Абай атамыз айтқандай:

Сағаттың шықылдығы емес ермек,

Һәмишә өмір өтпек – ол білдірмек.

Бір минут бір кісінің өміріне ұқсас,

Өтті, өлді – тағдыр жоқ қайта келмек,- деген сөзді қалай түсінесіздер?

Баяғыда бір данышпан өз шәкірттерін шақырып алып, қазір менің іс-әрекетіме

қарап менің нені меңзеп отырғанымды түсіндіріп беріңдер деген екен. Сөйтіп сөреден бір ыдысты алып, оған үлкен кесек тастарды сала бастайды, толды ма менің ыдысым деп сұрақ қояды, шәкірттері толды дейді, содан соң ол кісі ұсақ тастарды салады екен, тағы да шәкірттерінен толды ма менің ыдысым деп сұрайды, шәкірттері тағы да толды деп жауап қатады, содан соң данышпан құмды салады, құм да барып қуыстарын  әбден бекітеді. Сол кезде данышпан шәкірттерінен тағы да толды ма менің ыдысым дейді, шәкірттері толды дейді, сөйтіп келесі ыдысты алып оған құмды салады, құм сар етіп құйыла кетеді, енді сол құмның бетіне тастарды қоя бастайды, тас бетін жабады да әрі қарай өткізбейді. Енді данышпан менің осы әрекетім жайлы мына, екі ыдыстағы заттар жайында не айтасыңдар дейді.

Енді сол шәкірттердің айтқан ойларымен сіздердің пікірлеріңізді салыстырып көрейік, егер сәйкес келіп жатса, онда мен данышпан болмасам да сіздер менің жақсы шәкірттерім болып қала бересіздер.

  • Ең үлкен тастар, ұсақ тас, бәсең әсері бар Құм;
  • Ата – ана, жұмыс мәнсіз бос өткізген;
  • Махаббат, жетістік күндеріміз;
  • Отан, кітаптарың;
  • Бақыт, оқу орның;
  • Білім;
  • Денсаулық.
  1. V. шығармашылық жұмыс.

   Ал енді балалар, барлығымыз назарымызды қазіргі өмір тұрғысындағы адамдардың көзқарасымен берілген келесі бейнекөрсетілімге аударсақ.

«Өмірді неге теңер едің»

Студенттер төрт топшаға бөлініп плакатқа сурет салу арқылы өз ойларын қорғайды. (өзен, ағаш, қамшы, ауа райы)

  1. Топпен ән айту. «Өкінбе сен».

   VII. Үй тапсырмасы.

   Үш буынның өмір жайлы көзқарастарымен бөлісе отырып, мағлұмат жинақтау. (Алдыңғы толқын аталарымыз, орта буын, кейінгі жас ұрпақ)

VIII. Соңғы тыныштық сәті.

   Барынша терең дем алып, өзіңізге былай деңіз, бәрі менің қолымда, менің өмірім бұл мейрам, менің таңдауым тек алға жылжу, мен өмірге сенемін, мен өз тағдырымды өзім батыл басқарамын. Денеңізге жайбарақат жылуды тарата отырып, осы жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

Құрметті студенттер, біздің уақытымыз да өз соңына таяп қалды, олай болса сіздер бүгінгі сабағымыздан не түйіндедіңіздер, барлығымыз бір-бір сөзбен айтып жіберейік.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *