Кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері «Қысқы пейзаж»


Сартаева Алуа Олеговна

Қостанай ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мичурин орта мектебі» ММ-нің

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі

Қостанай облысы, Қостанай районы, Мичурин ауылы

Сабақтың  мақсаты: Суретші- пейзажистердің туындыларымен таныстыру, сурет колориті туралы білім қалыптастыру.

Білімділігі: Кескіндеме  өнерімен  және  оның түрлерімен, мән-мағынасымен танысу.

Тәрбиелігі: Бейнелі  көркем етіп сурет  салуға,  мазмұнына  көңіл  бөліп, тиянақты  сурет   салуға тәрбиелеу.

Дамытушылығы: Кескіндеме  жанрларын ажырата білу  қабілетін дамыту.

Сабаққа арналған материалдар мен жабдықтар:

 Мұғалім үшін: көрнекі материал- «Қысқы пейзаж» кескіндеме өнеріне

байланысты слайдтар, табиғат суреттері.

Оқушылар үшін: альбом, жай қарындаш, өшіргіш, акварель, қылқалам, су құйылған құты.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы.

 Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар практикалық  жұмыстарын өз-өздерін бағалау арқылы мольбертке іледі. «Сиқырлы сандық» ойыны.

Ойын мазмұны: Сандық  ішіне  үй  тапсырмасы бойынша  сұрақтар жазылған суреттер салынады. Оқушылар  ретімен  алып жауап береді де,  тақтаға іліп қояды

  Сұрақтар: 

Бейнелеу өнерінің  түрлерін ата.

Қазақтың  тұңғыш суретшісі кім?

Графика  дегеніміз не?

Жаңа материалды оқып-үйрену.

-Тақтада ненің суреті ілінген?

-Портрет, пейзаж, натюрморт.

-Осы суреттер бейнелеу өнерінің қай түріне жатады?

-Живопись өнері түріне .

-Олай болса, балалар біздер бүгін бастауышта живопись өнерінен алыңған білімдерімізді әрі қарай жалғастырып, живопись өнеріне тоқталамыз.

Кескіндеме бейнелеу өнерінің кең дамыған  түрі болып саналады. Көркем шығармалар сан құбылмалы бояулардың үндестігі арқылы көз тартады. Кескіндеменің графикадан айырмашылығы осында. Суретшілер өнердің ұшы -қиырсыз осы саласына өздері сүйген әуен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портрет жазғанды ұнатады, екіншілері пейзажды, үшіншілері тарихи , соғыс немесе тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар.

Кескіндеме  дегеніміз – орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған,  яғни көріністермен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу. Қазақша живопись өнерін кескіндеме дейміз. Қазақстанда кескіндеме өнері 20 –жылдан бастап дами бастады. Бұл оған дейін Қазақстанда бейнелеу өнері болмады деген ұғымды туғызбау керек. Қазақ халқының қолөнер түрлері, оның ішінде мың құбылған ою-өрнек өнері , ши тоқу, алаша, сырмақ сыру және т.б. өнер түрлері ұлттық өнер мақсатына айналып басқа елдерге де танымал болған. Кескіндеме өнерінің жанрларына тоқталатын болсақ, «жанр» -француз сөзі  «түр» немесе «тек» деген мағынаны білдіреді.

Кескіндеме мынадай жанрларға бөлінеді:

1.Натюрморт

2.Пейзаж

3.Портрет

4.Тақырыптық картина.

Натюрморт-француз сөзі. «өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді, яғни жансыз заттарды бейнелеу. Натюрморт алғаш рет ХVІІ ғ басында Голландияда пайда болды. Натюрмортта жеміс-жидектер, ыдыс-аяқтар, оқу –құралдары т.б. заттар бейнеленеді.

Пейзаж- француз сөзі, «табиғатты бейнелеу» деген ұғымды білдіреді. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда , Жапонияда және басқа Шығыс елдерінде , сондай-ақ Европада дамыған. Пейзажда табиғаттың өмірде бар нақты көрінісі бейнеленсе, енді біреулері суретшінің қиялынан туады.

Портрет- «адамдарды бейнелеу» .Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын дамыды. Портрет жанры ежелгі Египетте, Римде кеңінен дамыған. Қазақстан қылқалам шеберлері арасында портрет жанрында өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен Ә.Қастеев. Ә.Қастеев «Ана» образын ерекше сомдаған. Келбеттік  бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алысқа қадалған көзжанарынан терең философиялық ойды байқауға болады.  Ә.Қастеевтің бұл туындысы Қазақстан бейнелеу өнері қорынан орын алған.

Тақырыптық картина –бұл белгілі бір тақырыпқа салынған сурет. Мысалы, «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз», «Мен Тәуелсіз елімді бейнелеймін», «1 маусым –Балаларды қорғау күні» , «Мен нашақорлықсыз өмірді таңдаймын» т.б. тақырыпқа салынған суреттер тақырыптық картинаға жатады.

Техникалық орындалу жағынан живопись мынадай бөлімдерге бөлінеді: майлы бояумен орындалатын живопись, темпера, фреска, мозайка, витраж, акварель, гуашь, пастель. Біздер көбінесе сабақта осы аталған техниканың ішінде гуашь, акварель, пастельді қолданамыз.

Сергіту сәті: (дене қозғалыстарын қайталап жасау)

Өздік жұмыс: Пейзажды бейнелеу (қыс суретін салу).

  1. 1. Салынатын суреттің нұсқасы салынады.
  2. 2. Қағазға орналастыру жолдары түсіндіріледі.
  3. 3. Пейзаждың суретін қағазға белгілеп аламыз.
  4. 4. Ағаштарды сала білу, қағазға көрсету. (Оқушылардың жұмыстарын аралап тексеріп, артық кемшіліктерін айту)

 

Рефлексия.

Білемін Үйрендім Білгім келеді
     

 

Қорытындылау.

 

-Живопись дегеніміз не?

-Живописьтің қандай жанрлары бар?

-Натюрморт дегеніміз не?

-Пейзажда не бейнеленеді?

-Портрет дегеніміз не?

 

     


 

Үйге тапсырмасы: Қазақстанның пейзаж жанрымен айналысатын суретшілерін анықтау.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *