Өндірістік оқытудың сабақ жоспары “Кіріспе сабақ. Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі. Металды дәнекерлеуге дайындау”


Жаңақорған аграрлы-техникалық

колледжінің өндірістік оқыту шебері

Маткаримов Дастан Абилакимович

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқу шеберханаларындағы қауіпсіздікті сақтау нормалары мен ережелерін үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларға терең және берік білім беруге, еңбекке деген жоғары кәсіптік шеберлік шығармашылығын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Таңдаған кәсіптерінің мазмұнымен таныстыру, оқушыларды еңбек сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Бекіту сабағы.

Әдістемелік  құралдар:  Плакаттар, сызбалар, әр түрлі аспаптардың кесінділері, балқытылған үлгілері

Пән аралық  байланыс: Арнайы технология

Қолданатын көрнекі-құралдар: Төмен көміртекті болат тіліктері өлшемі 250х150х10 мм, Э-42 немесе Э-46 электрод типтері. D= 4-5 мм. Дөңгелек сымдар Б=30-40 мм, Б=3-5 мм, балғалар, болат щеткалар,соққыштар, сызғыштар, бор, жікті өлшегіштер,  тақтайлар мен маскалар, арнайы киімдер – брезент кеудешелер, шалбарлар, бас киімдер және қолғаптар.

 

САБАҚТЫҢ ӨТУ БАРЫСЫ

  1.  Ұйымдастыру  кезеңі:
  2. Оқушылардың қатысуын тексеру. Топ старостасының (бригадирінің) рапорты.
  3. Оқушының сыртқы түрін тексеру. (арнайы киімнің болуы)
  4. Оқу құралдарын тексеру (өндірістік оқыту бойынша күнделіктер)
  5. Кіріспе нұсқауы: Жұмыс орнын дайындап, нұсқауларды мына жоспар бойынша жүргізіледі:
  6. Оқушыларды жұмыс орнымен таныстырып, жұмыс орнын дайындау.

  Оқушыларды пісіруші аспаптарымен таныстыру.

  Қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігімен таныстыру.

  Металды дәнекерлеуге дайындау.

  1. Сабақтың тақырыбын мәлімдеу: Пісіру – металдарды өңдеудің жетекші технологиялық процестерінің бірі болып табылады. Пісіру жоғары пайдаланушылық сипатымен қоса, құрылымдар жасауға мүмкіндік беретін, бөлшектердің ажырамайтын қосылыстарын алудың ілгерілемелі технологиялық процесі. Пісірілген қосылыстардың артықшылығы, олардың әр түрлі міндеттердегі құрылымдарда кең қолданысқа ие болуына мүмкіндік туғызады. Қазіргі уақытта электрмен пісіруші – машина жасау мен құрылыстағы жетекші мамандықтардың бірі.
  2. Сабақ тақырыбын түсіндіру (қысқаша тезистер)Білім алушыларды шеберханамен таныстыру, оларды жұмыс орнына орналастыру. Құрал –жабдықтарды пайдалануға және оларды қабылдап алу мен өткізу жолдарын үйрету. Жұмыс тәртібімен, оқу шеберхананың ішкі ережелері мен еңбекті ұйымдастыру нысандарымен таныстыру.
  3.  Өндірістік оқыту тәсілдерін көрсету (жаңа материалды)

Оқу шеберханадағы қауіпсіздікті сақтау нормалары мен ережелері.

өндірістік жабдықтарға және өндірістік процеске қойылатын қауіпсіздік талаптары.

Жарақаттану себептері. Жарақат түрлері. Жарақатты болдырмау жолдары.

 

  1.  Кіріспе нұсқауды бекіту: (оқушылардың оқытылған материалды игеру деңгейін тексеру, оқушыларды топ алдында жаңа тәсілдерді еске түсіру үшін шақыру)

Өрт қауіпсіздігі. Өрттің болу себептері Өрттен білім алушыларды алып шығу ережелері.

Электр қауіпсіздігі нормалары мен негізгі ережелері. Электр қондырғыларын жерлендіру, электр жүйесінен ажырату. Электрден жарақат алу түрлері және оған алғашқы көмек көрсету.

  1.  Ағымды нұсқау:

Оқушылармен жаттығулар орындау.

о/ө шебері  оқушылардың жұмыс орындарын аралап шығуы.

1-ші айналым: жұмыс орнын ұйымдастырудың дұрыстығын тексеру.

2-ші айналым:металды дәнекерлеуге дайындау ережелерімен таныстыру. .

3-ші айналым: Т.Қ. ережелерінің сақталуын тексеру, санитарлық  талаптар

4-ші айналым: жұмысты орындау дұрыстығын тексеру: пластинаны түзету және майыстыру. Сызғыш, бұрыштама, циркулькөмегімен үлгі бойынша өлшеу жұмыстарын жасау.

  1. Қорытынды нұсқау:
  2. Ө/О сабағы үшін жұмыс қортындысын шығару.
  3. Оқушылардың жұмысын өзіндік талдау.
  4. Оқушылардың ө/о шеберімен орындаған жұмыстарын талдау (тапсырманы табысты орындаған оқушыларды бөлу, ерекше кемшіліктерді, үздік атқарылған жұмыстардан табылған қателіктерді талдау).
  5. Орындалған жұмыстардың сапасын бағалау.
  6. Үй тапсырмасын беру.

Қауіпсіздік техникаларын жаттап келу.

  1. Жұмыс орнын ретке келтіру

Пайдаланған әдебиеттер: А.М.Әбдіров, Ғ.Қ. Сейфуллина «Қауіпсіздік техникасы», А.Тапалав «Газ және электрмен пісірушіні өндірістік оқыту»,

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *