Сабақ «Табиғатты аялайық»


Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы

«Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту орталығының»

әдіскері

Бекджигитова Солтанат Базарбаевна

     Мақсаты: Қоршаған орта,  табиғат пен  тіршілік  арасындағы  байланыс  жайлы түсініктерін  қалыптастыру,дүниетанымын  кеңейту.

Ойлау  қабілетін  дамыту, сөздерді  анық айтуға машықтау және  сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Табиғатқа  сүйспеншілікке тәрбиелеу, жаратылыстың  әрбір  заты мен   мүшесін  құрметтеуге,қоршаған ортаны қорғауға, сақтауға  үйрету. Сүйспеншілік  мейрімділік қасиеттерін дамыту.

Билингвальдык компоненті: мята-жалбыз,  гүл –цветок.

Жеке жұмыс: Балаларға жалбыз  гүлінің  кескінін отырғызуға үйрету.

     Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,  әңгімелеу, бейне  ролік  көрсету,практикалық жұмыс ( гүлге су қую, түбін қопсыту, жапырақтарын сүрту).

Оқу қызметтің барысы:

      Шаттық  шеңбер:

Армысың  қайрымды Жер-Ана,

Армысың, мөлдір  таза су

Армысың  щұғылалы  алтын –Күн

Армысың мейрімді  аспан –ата

(балалар шеңберге тұрып,  өлең  жолдарын   қимыл әрекетпен  орындайды)

-Біз  казір неге ұқсап тұрмыз?  -Күнге.

-Иә, балалар  жер бетіндегі  тіршілік  атауының  қайнар көзі –күн.

-Ол бізге  не берді? – Күн бізге  жарық,  жылу береді.

-Бәріміз күнге  қолымызды  созайық!

(балалар күнге қолдарын  созады)

-Күннен не алдық?    -Жылу алдық.

-Осы күннен  алған  жылуымызды бір-бірімізге  таратайық.

(балалар  бір-біріне  қолдарын  үстап жылуларын  таратады)

– Балалар  жылдың  қай мезгілі?

Көктемде  неше ай бар?

Көктем  айларында  ауа –райы қандай болады?

( балалар  қойылған сұрақтарға жауап береді)

-Табиғат  дегеніміз не?

Табиғат  дегеніміз –бізді қоршаған  орта,   оған (аспан, су,  ағаш,  гүлдер,  өсімдіктер, күн)  жатады.

Табиғат  өздігінен, адамның  қатысуынсыз  жаралған   табиғи заңдылық. Ол тірі  жіне  олі табиғат  болып  екіге  бөлінеді.

Тірі  табиғатқа – ағаш,  гүл,  шөп, т.б. өздігінен  өседі. Өлі  табиғатқа  су, тас,  құм жатады. Олар өспейді, дем алмайды, денесінде жаны жоқ.

Табиғат –біздің  ортақ  үйміз. Біз оған   ұқыптылықпен  қарауымыз керек. Бау-бақшада  және өсіп  тұрған  ағаштар  мен гүлдерге  қамқорлық  жасау керек.

( бейне –ролік көрсетіледі)

Күн,су, ауа,  гүл,  адам айтысы.

Күн –Кәусар:

Мен шуақты  күнмін!  Мен бәріне  жылуымды,  нұрымды  беремін. Егер  мен болмасам табиғатта  бомас еді. Сондықтан  табиғатқа  көрік беріп  тұрған менмін!

Су- Аружан:

Мен мөп сөлдір , тап-таза, сыңғырлаған сумын. Мен болмасам м осындай  сұлу  табиғат  болар  ма  еді? Табиғатқа  көрік  беріп тұрған менмін!

Гүл –Әсел:

Мен әсем гүлмін! Егер мен  болмасам  жер үсті  жайнайтын  ба еді? Менің арқамда  табиғат әсем болып тұр. Табиғатқа көрік беріп тұрған мен ғана.

Ауа-Айдын:

Мен таза ауамын! Табиғаттағы  барлығы  мен арқылы демалады. Егер  мен болмасам  ешкім  тіршілік  ете алмас еді. Табиғатқа  ең керекті  менмін!

Адам-Сержан:

Мен дүниедегі  ең күшті, ақылды адаммын.  Менен асқан ешкім жоқ бұл жалғанда. Сондықтан  да бұл өмірдің  иесі  де киесі  де менмін.

-Дұрыс айтасыңдар!

Күн болмаса  жарық   жылуды   қайдан  аламыз.

Су болмаса  өсімдіктерді, қалай  суарамыз.

Ауа болмаса  қалай тыныс аламыз.

Гүл болмаса  табиғатымыз  әдемі  боллмайды.

Адам  осы  қоршаған  ортадағы  талдарға  өсімдіктерге  пайдасын  тигізеді, күтіп  баптайды.

-Гүлдер бағына саяхатқа  шығамыз,  балалар!

«Қыз өссе – елдің көркі, гүл   өссе  -жердің  көркі» деген  қазақ халық сөздері бар.

-Балалар, бізге  гүлдер  не үшін керек?

Кейбір жәндіктердің   де өмір  сүруі гүлдерге  байланысты. Гүлдер  көп  жақсылықтар  сыйлады.  Егер де гүлдер   жоқ болса   не болар еді?

Топтық жұмыс:

-Қане балалар, гүлерді  аялау  және қамқорлық   көрсету,   мақсатында  мына  гүлді  алайық. Бұл гүл  шегір гүл (фиалка) деп аталады. Оның  гүлінің  түсі күлгін,  жапырағы  дөңгелек,  түкті  болып келеді.Жапырағы  түкті  болғандықтан  біз оны сүрте алмаймыз. Біз оны  тазалау үшін  суды бүркіп  себеміз.

Гүлдер өте нәзік, мейрімділікпен  кұтіп,  баптау керек.

Гүлдердің  жылылығын, нәзіктігін, әдемлігін неге теңеуге  болады?

Гүлдің тамыры,  сабағы,  жапырағы,  күлтесі болады.

Балалар енді  біз  мына гүлге қараайық.

Бұл гүлдің аты –жалбыз.

Кәне  бәріміз бірге  атайық. Балалар тәрбиешімен  бірге қайталайды.

-Гүлдің түсі қандай?

Гүлдің түбін  қалай қопсытып, қалай су  құю керектігін түсіндіреді.

Балалар гүлге су құяды,  топырағын қопсытады,   жапырақтарын сүртеді.Су ішпесе,  шаңы сүртілмесе,  тазаланбаса  гүліміз  құрап қалады. Сендердің аналарың  өздеріңізді қалай баптап қараса,  гүлді де  солай  күтіп қарау керек. Көрдіңдерме , балалар,  гүлді  баптап күтсек ,  олардың  жапырақты  көбейіп,  үлкен  болып  өседі. Гүлдерге ауа,су. Күн қаншалықты қажет болса, кұтім  де соншалықты  қажет.

Қызықты сәт:

Балалар  бізге  бүгін  поштадан  бейнеролік  келді  назар  аударып  қарайық

Ал, енді балаалр осы  жалбыз  гүлінің кескініне  тәжірибе жасап отырғызайық.

«Табиғатты аялайық» ойыны

Әр бала  табиғат түрлерін  плақатқа жапсырып, табиғат  көрінісін бейнелейтін  тыйым  сөздер айту.

Гүлді  жұлуға  болмайды, гүлді аялау керек.

Ағашты  кесуге  болмайды, ол бізге таза  ауа  береді. Суды ластауға болмайды, сусыз  өмір жоқ.

Күнімізді  бұлт  баспасын.

Көбелекті  өлтірмеңдер,  ол – әдемілік  белгісі.

Құсты  атуға  болмайды, құс адамның  досы.

Жасыл шөпті  жұлуға   болмайды,  ол жерімізге  көрік  беріп тұрады.

Аңдарды қорғаумыз  керек, ол біздің байлығымыз .

Асқар тауларымыз биік  болсын!

( әр бір  бала  өз сөздерін айтады)

-Адамдар  табиғатсыз  күні жоқ,

Табиғаттың  мұны  айтуға  тілі жоқ.

Осымен оқу қызметіміз аяқталды.

-Қане  барлығымыз тұрайық,

улкен  шеңбер құрайық

Көріскенше  күн жақсы,

Сау саламат  болайық

Сау болыңыздар!

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *