«Уақытты үнемді басқару» тренингі


Оразғали Арайлым Батырқызы, 

Манғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» әлеуметтік педагог 

Мақсаты:

  1. Студенттердің жұмысқа деген жылдамдығын арттыру, асығыс кезде тез шешім қабылдауды үйрету.
  2. Студенттердің кез келген ситуациядан қорқынышсыз шығуды үйрету.
  3. Студенттердің көпшіліктің алдына шығып, өзін өзін ұстауына, сөйлеуіне үйрету.

Міндеті: психодиагностика, өзіне қызығушылығын дамыту, өзін-өзі басқара алу қабілетін дамыту.

(студенттермен қатар шеңбер құрып отыру)

Жұмыс барысы: Танысу

«Қанеки танысайық және оны былай жүзеге асырайы: әрқайсымыз өзінің есімін атайды да, мінезіндегі қасиеттерді, ерекшеліктерді жалпы өзінің бойында басқа адамдарды шығармашылыққа , қалыптан тыс жаңаны құруға, креативтік мінез – құлыққа жетелейтін не бар екендігін айтады.Біздің ойлануға уақытымыз болады және барлығымыз дайын болған кезде, таныстықты бастаймыз»

1.Жұмыс барысы:«Қошемет сөздер» ойыны

Оқушылар жұп болып, бір – бірімен тілдеседі: бір – бірін атап шақырады. Амандасып, бір – біріне қошемет сөздер айтады. Әр қайсысының алдында 3 минут ішінде барынша көбірек оқушылармен сойлесіп қалу тапсырмасы тұрады.

2.Жұмыс барысы:Жылдамдықты арттыратын «Жеміс салаты» ойыны

Оқушылар шеңбер жасап, жемістердің атауы бойынша есептеледі: алма, алмұрт, қарала, шабдалы. Алмаларға орын ауыстыруын сұраңыз, содан соң алмұрттарға және т.б

3.Жұмыс барысы:Сахнаға шығаруды үйрету «Қиылыс жаттығуы»

Эмоциялы реакцияларын үлгілеу мақсатында жүргізуші сахналап шығуды қажет ететін бірнеше жағдайлық міндеттерді ұсынады.

Сіз Астанаға келдіңіз .Жарысқа қатысатын құралдарыңызды ұмытып кеттіңіз.Апайың сені кінәлап саған ұрысу үстінде.. Оны қалай болғанда да жарысқа апару керек. Сатып алу үшін магазинге шықтыңыз, магазинде орыс қыз тұрады, сіз орысша білмейсіз,ал ол қазақша түсінбейді.Сіздің әрекетіңіз? Қалай түсіндіресіз?

Сіз «миллион кімге бұйырады?» шоуына түстіңіз. Милионнан соңғы  сұрақ қана алшақтатып тұр. Шоу ережесі бойынша: Не жауап беріп млн аласың – не «Білімсіз» табличкасымен үйіңе ораласың.— Ал сұраққа жауап білмейсіз .. Абыройыңызды сақтап қалудағы әрекетіңіз?

Бес  дос бір жерде кездесу туралы келісу керек. Бірақ олардың біреуі сақау, екеуі соқыр, екеуі саңырау. Кездесетін жерді тек сақау ғана біледі. Ол өзінің достарына қайда қашан бару керектігін түсіндіру керек. Сенің әрекетің.(сахналап жеткізу керек)

«WorldSkills Kazakstan» байқауында  сіз төрешісіз делік. Екі өте талантты, бірінен бірі асып түсетін Әлия мен Қуаныш атты чемпионат балалар ақтық сында. Соңғы сөзбен, таңдау сіздікі. Не істейсіз? Бір – ақ адам жеңіске жетпек. 1 талантты таңдау үшін қандай амал қолданасыз?

Жүргізуші студенттерді 4 топқа бөліп құрастырылған ойын жағдайлары бар дайындалған карточкаларды таратады.

(құрастырылған ойын жағдайлары бар карточка таратылады)

Талқылау: Жаттығу соңында  жүргізуші қорытыны жасап, талқылауға мына сұрақтарды ұсынады:

  • Қандайда бір жолды таңдау неге байланысты?
  • Таңдауға не әсер етуі мүмкін?
  • Жағдайларға ең тиімді нұсқа қайсысы болады?
  • Өзіңе ең қажетті деген шешімді қабылдау үшін не істеуге болады?
  • Бас тарту жағдайында қандай мінез – құлық жиі кездеседі?

Тренинг соңында барлығы шеңбер құрып отырып, бүгінгі өткен тренингтен алған әсерлерін айтады.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *