Баяндама: “Иманов Амангелді Үдербайұлы”


Дюсенова Айнаш Сағидоллақызы  Манғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы,  «Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі» мұғалім

Бір ғасырды бір ғасыр алмастырып, жаңа тарих туса да сол тарихты жасаған тұлғалардың есімдері асқақ­тап, ұлықтала бермек. Осын­дай тарихи тұлғалардың бірі, 1916 жылғы ұлт-азаттық кө­терілістің қайраткер қол­бас­шысы, батыр-сардар Аман­гелді Иманов.

                           Иманов Амангелді Үдербайұлы

                                    (1873 – 1919 ж.ж)

Иманов Амангелді Үдербайұлы (1873–1919) – халық батыры, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі, Кенесары Қасымовтың үзеңгілес серігі Иман батыр Дулатұлының немересі. Бұрынғы Торғай уезі Қайдауыл болысында туған. Әкесі шаруа баққан, момын кісі болған. Шешесі Қалампыр Қақуқызы медресе бітірген. Амангелді әуелі ауыл молдасынан 2 жыл оқып, кейін Тасыбай, Тәшмағамбет ишандардың медресесіне түсті. Медреседе 4 жыл оқыған ол түрік, парсы, араб тілдерін меңгерді. Әкесінен 7 жасында жетім қалып, жоқшылық тауқыметін ерте тартты. Ел ішіндегі дау-шарға ерте араласып, сол себепті Ресей империясының жергілікті билеушілерінің қудалауына ұшырап, 1896–1911 жылдары аралығында бірнеше рет түрмеге қамалды.

Сан ғасырлық отарлық езгінің бұғауы шешілмеген соң, қазақ батырлары патша өкіметіне қарсы небір жалынды күрестер ашты. Күрескерлік рухы Амангелдіні де бейжай қалдырмады. Патшаның отарлық сая­саты, бірінші дүниежүзілік соғыстың қар­­саңында елдегі алым-салықтың көбеюі, Қазақстан, Орта Азия, Сібір бұра­тана халықтарын тылдағы жұмысқа алу жө­ніндегі патшаның 1916 жылғы 25 мау­сым­дағы Жарлығы Торғай қазақтарының ашуын туғызып, бас көтеруіне себепші бол­ды. Амангелді Имановтың қолбасшы­лық, ұйымдастырушылық қабілеті осы кө­теріліс барысында айқын көрінді.

Торғай қазақтарының көтерілісіне қа­тысу­шы бас-аяғы 50 мыңға жуық көтері­ліс­ші-сарбаздарды басқарып, оларды қару-жарақпен қамтамасыз ететін ше­берханалар ұйымдастырды. Қостанай, Ыр­ғыз, Торғай, Қызылорда, Ақтөбе, Ақ­мо­ла, Семей сынды аймақтардан көтері­ліс­ке қатысуға жиылып келген қазақтардың басын біріктіріп, оларға ұрыс жүргізу тәсіл­дерін, қару-жарақты қалай қолдану керек­ті­гін үйретті. Бұл жай ғана қарапайым ха­лық­тың наразылығы болған жоқ. Тарихты дүр сілкіндірген, саяси сипат алған көтері­ліс болды. Алайда «Батыр – аңғал» деген қа­зақы пәлсапамен келсек, Амангелдінің қызу­қандылығын көп адам өз пайдасына ше­шуге тырысты.

Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жал­ғасты. Амангелді 1918 жылы наурыз­дың 21-і мен сәуірдің 2-сі аралығында Орын­борда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-сында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып, ату жазасына кесілді. Мәйіті бір жыл­дан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» филь­мін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Бір ескерер жайт – тарихи деректер мен құжаттарда Амангелдінің қалай қазаға ұшы­рағаны туралы нақты пікір айтылмай­ды. Бар болған күнде де түйінді ой негіз­дел­мей, белгісіз күйде қала береді. Қалай дегенмен де, ел үшін жан беріп, жан алыс­қан, жастайынан жетімдіктің шекпенін жа­мылып, қиян-кескі ұрыстарға толы ғұмыр кешкен, «Ардагер Амангелді – ердің ері!» деген шынайы бағасын алған батырдың есімі тарих парағында мәңгілікке таңбала­нып қалды.

Амангелді батырдың ұйымдастырушылық және қолбасшылық таланты   1916 жылғы Ресей императорының маусым айындағы жарлығына наразылық ретінде Торғай даласында бұрқ еткен ұлт-азаттық көтеріліс барысында айқын көрінді. 2–3 ай ішінде елеулі күшке айналған көтерілісшілер Қоғалыкөлде бас қосып, Әбдіғапар Жанбосыновты хан, Амангелдіні көтеріліс қолбасшысы (сардар) етіп сайлады. Әбдіғапар мен Амангелдінің ұйымдастырушылық іскерлігінің нәтижесінде көтеріліс саяси сипат алды және әскери-ұйымдық жағынан нығайып, оған қатысушы сарбаздар қатары 50 мың адамға жетті. Амангелді Торғай қаласын 27 күн бойы қоршауға алды.

Ол көтерілісшілердің Шошқалы, Күйік қопаларындағы шайқастарына, подполковник Тургеневтің жарақты үлкен жасағына қарсы 1917 жылы ақпанның 21–23-індегі Құмкешу-Доғал-Үрпектегі соңғы айқасына тікелей басшылық жасады. Жазалаушылар Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісті тұншықтыра алмады. Көтеріліс Ресейдегі Ақпан төңкерісіне жалғасты. Амангелді 1918 жылы наурыздың 21-і мен сәуірдің 2-і аралығында Орынборда өткен Торғай Кеңестерінің тұңғыш съезіне қатысып, Торғай уезінің әскери комиссары болып тағайындалды. 1919 жылы сәуірдің 20-ында Торғайда Кеңес өкіметі құлап, Амангелді тұтқынға алынып ату жазасына кесілді. Аманкелдінің есімі қазақ халқының тарихындағы аса бір даңқты кезең — 1916жылғы ұлт-азаттық көтеріліспен тығыз байланысты. Империализм қайшылықтарының шегіне жете шиеленісуінің нағыз айғағы болған бұл көтеріліс патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, халықтың бостандығын көздеді. Бұқара халықтың бұл қозғалысы қазақ жігіттерін майдандағы қара жұмысқа алу жөніндегі патша үкіметінің 1916 жылғы 25 маусымдағы жарлығынан кейін өрістей түсті. Аманкелді ҚостанайАқтөбеЫрғыз,АтбасарПеровск т.б. қалаларға өз өкілдерін жіберіп, жұмысшы-шаруаларды патша өкіметіне қарсы күреске шақырaды. Төзгісіз қанауға ұшырап, жерінен айырылған қазақ кедейлері Аманкелдінің отрядына лек-легімен келіп қосылып жатты. 1916 жылдың қазан айында тек Торғай мен Ырғыз уездерінде ғана 20 шақты отряд құрылады. Аманкелді отрядтарға қатаң тәртіп енгізді. Көтерілісшілерді қару-жарақты қолдана білуге жөне соғыс өнерін меңгеруге үйретті. Аманкелдінің көтерілісшілер отряды патша өкіметінің жергілікті органдарына қарсы бірнеше ұрыс жүргізіп, 1916 жылы қазанда Торғай қаласын қоршауға алды. Осы операцияда Аманкелдінің ұйымдастырушылық жөне қолбасшылық таланты айқын көрінді. Оның қол астындағы 50 мың сарбазы ерліктің, табандылықтың тамаша үлгісін көрсетті. Патша үкіметі Аманкелдінің шабуылын тойтару үшін жазалаушы корпус жіберуге мәжбүр болды. Тек жаудың негізгі күштері келіп жеткеннен кейін ғана, 27 күннен соң Аманкелді өз сарбаздарын қаладан алып кетті. 1917 жылы қаңтарда ол қаланы басып алуға қайта әрекет жасады, бірақ күш тең болмағандықтан ел ішіне кетеді. Бұл кездерде Аманкелді большевиктермен, оның ішінде Ә.Жангелдинменмен байланысты күшейтіп, большевиктер партиясының идеясымен қарулана түсті. Уақытша үкімет кезіндегі алашордашыларға қарсы күрес жүргізді, бұқара халыққа пролетарлық революцияның маңызын түсіндірді. Көтерілісшілер армиясы азаттық үшін ата жауымен арпалысқа түсті. Олар қандайда берік қамал ішінен қирайтынын ұқты. Сосын қынына қарай қылыш суырды.

Дәл бұл шақта патшаның «Июнь жарлығы» бойынша қазақтан әскер құрастыру басталған кез еді. «Халықты патша қырды не, табиғат дүлейі қырды не, өлімнің аты – өлім», – деген Құрманғазы. «Дүниеге еркелей келіп босқа кетпеу үшін, келер ұрпақ өсер төл бақытты болашақ жолында салиқалы өмірін сарп етпеген адам адам ба?» дескен сарбаздар 1916 жылдың қыркүйегінен бастап иығына қару іліп атқа қонды. Халық батыры Амангелдінің туы астына жиналып Қаратоғай, Сарытоғай, Көртоғай, Қайдауыл болыстарында мыңбастылар, жүзбастылар сайланып, патша әскерімен соғысуға әзірлік өте-мөте қызу жүргізілді. Ажалдан да тайынбауға бекінді. Сарбаздардың болашаққа деген шынайы сезімі шытынаған жоқ. Соғысқа лағнет айтылды. Бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарды. Жақсылық пен ар-намыс – ердің көркі, ерлік өлмейді деп ұран салды. «Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға алмай, ерлердің ісі бітер ме?» деп ерлік туын жоғары көтерушілердің қатарын да Сарытоғай болысында мыңбасы Оспан Құтыбаев, жүзбасы Батырбас Садырбайұлы бар еді. Ал Қайдауыл болысында мыңбасы Әлжан Қорабаев, Көртоғай болысында Дәуіт Ержанов деген жігіттер еңіреген ерлерін соңына ертіп сапқа тұрды. Әулие-әмбиелер мен қырықшілтен ғайып еренге сыйынып тірі тұрғанда ешбір азаға көнбейтінін білдірді. Көргені жақсы көш бастап, әр болыста атты әскермен соғысқа әзірлік ұйымшылдықпен өтіп жатты.

Амангелді сарбаздары екі бірдей жаумен алысуға тура келді. Екі бірдей жаумен бетпе-бет кездесті. Ел ішінде патша үкіметімен ауыз жаласқан бай шонжарлар қияңқысын, жасырын түрде қатерін аяған жоқ. Олардың арасында жік тудыруға сарбаздардың бағытынан барлық әрекетін істеп бақты. Бірақ оның бәрі ұлы жігерді ұлы күресті тудыратынын ұққан сарбаздардың сағын тындырып, жігерін мұқата алмады, қайта жауға кек қайнады. Ашу-ызаға булыққан халық толқынын ешқандай күш бөгей алмайтынын көрсетті. Өйткені ер егесте шынығып, сесті батырлар болаттай суырылып жатты. Торғай өңірін сілкіндіріп ел қорғаудың дауылы басталды. Жарлы-жақыбайлар өзінің қолбасшысы Амангелді Имановтың соңынан осылай ерді.

1916 жылдың қарашасы Торғай даласы осы күнді әлі ұмыта қойған жоқ. Қазақ даласында бірінші рет еркіндікті аңсаған әділетті оқ атылды. Бірінші рет атылған оқ. Сарбаздар патша әскерімен бірінші рет соғыста айқасты. Қара халықтың сондағы тау жыққандай екпіні-ай шіркін. Осынау тасқын күшті дүниеде ешнәрсе тоқтата алмайтынын дәнелдеді. Азаттық соғысы Күйік қопасында Құмкешуде, Сарықопа, кейін Амангелді бастаған қалың қол Доғал жерінде патша әскерлерімен кескілесе күресті. Ерлер белдескен жауды белден басты. Осынау ұрыстың қай-қайсында да екі жақтан да шығын аз болған жоқ. Әсіресе, Күйік соғысында сарбаздар жаудың басым күшін тас-талқан етіп өздерінің ерлігін таныта білді. Сол алғашқы уақыттарда-ақ Амангелді жауды жеңуге айласы алтау, ақылы жетеудей алғыр қолбасшылығын танытты. Қандай да соғыс қиындығын айлалы ғана жеңетінін сол қиындықты отты жүректі қайратты ғана жеңетініне сендірді. Әйтпесе сарбаздар саны көп болғаны мен олардың алғашқы айқастарында қолындағы қару-жарағы әлсіз еді. Әсіресе алыстан көздеп ататын зеңбірек сияқты қарулары болған жоқ. Дәл сол Доғал соғысында екі жақтан да адам шығыны көп еді. Бірақ бұл сарбаздар өмірдегі ең күшті ең елеулі оқиға.

Осынау шайқаста халық батыры Амангелді Торғай өзенінің бойын өрлей, әр жерден күшті тосқауыл қойып, жауды алға бастырмады, қылт еткенін қиып түсірді. Мерген сарбаздар өте-мөте шеберлік көрсетіп, жау қатарын сирете берді. Әйтсе де оқ-дәрінің жеткіліксіздігі мылтықтың санаулылығы қол күрмеу жасады. Ал сарбаздардың басым көпшілігі қылыш, найза, айбалта сияқты қарулармен ғана жасақтанған еді. Олар жаумен қолма-қол араласқанда болмаса патша әскерлерінің зеңбірек пулеметі қолданып алыстан қимыл көрсетуіне төтеп беруі қиынға түсті. Сондықтан да олар жауды айламен жеңіп, қарулануды көздеді. Ерліктің көзін тауып, жеңістің жолын табуда осы еді.

Қазан революциясының алғашқы күндерінен-ақ Аманкелді бұрынғы көтерілісшілерден қызыл партизандар отрядын құрып, Кеңес өкіметін қорғау және нығайту күресіне белсене араласты. Торғай уезінің соғыс комиссары болып тағайындалды. 1918 жылы наурызда Аманкелді Кеңестердің облыстық сьезіне (Орынбор) қатысты. 1918 жылы шілдеде Кеңес қызметкерлерінің бір тобын басқарып, Торғай уезінде ауылдық және облыстық Кеңестердің сайлауын өткізді. Азамат соғысы жылдарында Ә.Жангелдинмен бірге Қазақстанда тұңғыш ұлттық Қызыл Әскер бөлімдерін ұйымдастырады. Колчак әскерінің тылындағы партизандарға көмектесті. 1918 жылы қарашада Аманкелді және Ә. Жангелдин басқарған отряд ақ гвардияшылардан Торғай қаласын азат етті. Шығыс майданда Колчак армиясының шабуылға шығуына байланысты алашордашылар 1919 жылы 20 сәуірде де төңкеріс жасап, Аманкелдіні қолға түсірді. Қызыл партизандар қалаға кіруге бірнеше сағат қалғанда алашордашылардың қолынан қаза табады.  «Қазақтың Ленинграды» атанған Торғай даласында халық батыры Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтерілістің 100 жылдығы алдында туған дала көне тарих сырын шерткендей.

Бүгінгі бақытты өмір мен нұрлы болашақ жолында толарсақтан саз кешіп қу толағай жастанған ерлер есімі Торғай аспанында мәңгілік шырағдандай маздайды. Ол есімдердің мәртебесі биік. Адам – жаратқанның перзенті емес, жаратылыс перзенті екенін, зұлымдықты жеңбесе қуаныш та көрмейтінін танытты. Адамның өмірге жәбір-жапа көруге емес, таудай қасіретке де қарсы тұрып оны жеңуге келгенін дәнелдеді. Сол құдыреттілердің бірі – Амангелді Иманов. Ол – халық батыры, ол – ел деп туған халық перзенті. Амангелді 1916 жылы патша үкіметіне қарсы шығып халық көтерілісін бастағаны мәлім. Бірдің мыңға татитыны бар емес пе,        Амангелді – әділетті аңсаған қара халықты күреске жұмылдырған ердің ері.

Мәйіті бір жылдан кейін әуелі Алакөлге, кейін аудан орталығына әкелініп жерленді. Қабірінің басына және 1947 жылы Алматы қаласында ескерткіш орнатылды. Батырдың есімі Қазақстанның көптеген қалаларындағы көшелерге, Қостанай облысының бір ауданына берілді. 1939 жылы «Ленфильм» киностудиясы «Амангелді» фильмін түсірді. Бұл көркемөнер туындысы қазақтың тұңғыш дыбысты фильмі болды. Амангелдінің ерлікке толы ғұмыры көптеген ақын-жазушылардың, суретшілер мен композиторлардың шығармаларына арқау болған.

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *