Инвестицияның тиімді жолдары


Тараз техника және бизнес колледжінің

экономикалық пәндер оқытушысы

Алипбаева Фарида Кудайбергеновна 

Бүгінгі кезде, Қазақстан 50 бәсекелестікке қабілетті елдер қатарында.

Елде қолайлы инвестициялық климат жасалған, инвестицияларды тарту бойынша Ұлттық жоспар қабылданған, жеңілдетілген салық режимі әрекет етуде. Ел Дүниежүзілік Банкінің «Doing Business 2014» жаңартылған рейтінгінде 50-ші орында тұр. «Инвесторды қорғау» индикаторы бойынша Бәсекеге қабілеттіліктің жаһанды индексінде екі жыл қатарынан әлемдегі  185 елдің ішінен 10-шы орынға ие болды.

Қазіргі уақытта Қазақстан экономикаға шетел капиталының салыну көлемі бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады. 2005 жылдан 2014 жылдың 30 қыркүйек  аралығында, республика 177,8 млрд. АҚШ долл. тікелей шетел инвестицияларын тартты. Соңғы 5 жыл динамикасының көрсеткіші бойынша, осы аралықта жалпы инвестициялық сомадан 100 млрд. АҚШ долл. тартылды. Сонымен, елде дүниежүзілік қаржы дағдырыс жылдарында да инвестициялық климатымыз және макроэкономикалық жағдайымыз тұрақты болып қалып, инвесторлардың сенімін тудырды.

ҚР негізгі бәсекелестік басымдылықтарға Қытайдың, Ресейдің, Үндістанның тез өсіп келе жатқан нарықтарына географиялық жақын орналасуын жатқызады. Сонымен қатар, Қазақстан арқылы АТА-ны Еуропамен және Таяу Шығыспен қосатын негізгі трансконтинентальді бағыттар өтеді.

Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды . Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Қазақстан елдегі қолайлы жағдайға байланысты ТМД елдері арасында жан басына шаққанда ең көп шет елдік инвестицияны тартуға білек сыбан кірісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың тікелей қолдауымен тартылған шетелдік капитал елдің нормативтік-құқықтық және институттық негіздің тұрақтылығын одан әрі нығайтуда басты рөл ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды. Қазақстанның экономикалық даму саясатының негізгі басымдықтары болып, біріншіден экономиканы әртараптандыру және оның мұнай мен газға тәуелділігін жою, сондай-ақ жоғары құндылықтағы бағалы өнімдерді өндіруге жәрдемдесу дейміз. Екіншіден, сол кездегі саясат бойынша, Қазақстанның әлемнің бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елінің қатарына ену, үшіншіден, Дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы әлемдік экономикамен интеграциялану. Бұл межелерге қол жеткізу үшін Үкіметке көптеген ірі міндеттерді жүзеге асыру қажет болды. Осының арқасында түрлі жеңілдіктер қарастырылды. Экономиканы әртараптандыруда, яғни мұнайхимиялық саланы, құрылысты, туризм мен көліктік саланы дамытуда жеті кластер белгіленді. Мемлекеттің инвестициялық саясаты экономикадағы теңдікті сақтау үшін басымдық берілген салаларға тікелей инвестицияларды көбірек тартуға ықпал етуге бағытталған. Мәселен, сол кезде басымды салалар болып: ауыл шаруашылығы, өңдеу кәсіпорыны, өндірістік инфрақұрылым, әлеуметтік, мәдениет және туризм салаларының нысандары және Астана қаласының нысандары қамтылды. Солардың ішінде шетелдік кәсіпорындар үшін неғұрлым тартымды секторлар ретінде өңдеу кәсіпорындары (64,3 пайыз) және өндірістік инфрақұрылым (26,6 пайыз) болып табылды. Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау шаралары жүйесін жетілдіру мен инвестициялық шарттар тәртібін сақтау мониторингі тікелей инвестицияларды тарту аясындағы заңдылықты жетілдіру жөніндегі шаралармен тығыз байланысты жатыр. Бұл Парламенттің қарауына «Инвестициялар туралы» жаңа заңды дайындауға және енгізуге негіз болды. Соған сәйкес тұтас заң актілері дайындалды. Инвестициялық саясатты — ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді. Әлі-де тигізе беретіні анық. Соның негізінде, яғни бүгінде жеңілдетілген индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шетелдік инвестициялар тарту және осы бағытта дамудың негізгі құралдарының бірі — тікелей инвестициялар тарту болып қала бермек. Бірақ ол үшін, алдымен шетелдердің инвестиция тартудағы тәжірибелерін-де білу керек еді. Бұл орайда көптеген елдердің тәжірибелеріне қазақстандық ғалымдар мен сарапшылар үңілді. Олардың бәрін бір мақалаға сыйғызу мүмкін емес, бірақ солардың ішінен кейбір елдерді атап өткен жөн. Мәселен, Жапонияның инвестиция тартуға құрылған үлгілерін сөз етуге болады. Оларда шетелдік инвестицияны тартуда 1994 жылы Премьер-министр басқарған Шетелдік инвестициялар жөніндегі кеңестің құрылуы маңызды орын алады. Кеңесу органы болып табылатын Кеңес құрамына шетелдік инвестиция мәселелерін реттейтін негізгі министрліктер мен ведомстволардың басшылары енген. Кеңес Жапониядағы шетелдік инвесторлардың қызметі туралы, ақпарат жинақтап, шетелдік инвестиция нарығындағы негізі бағыттар мен жағдайды талдап, материалдарды жинақтап, сосын белгілі бір шешім қабылдау үшін үкіметке ұсынумен айналысады. Аталған кеңестің жанынан сараптамалық комиссия құрылып, оның құрамына, АҚШ сауда-өнеркәсіп палатасының басшылары және Еуропа елдерінің, Азия елдері компанияларының өкілдері, көшбастаушы экономикалық ұйымдардың жетекшілері арнайы шетелдік мүше есебінде енген. 1993 жылдың қарашасында теңгенің айналысқа шығарылуы біздің жас тәуелсіз республикамыздың жылнамасындағы ең маңызды оқиғалардың бірі болып табылады. Ол еліміздің тәуелсіздігін нығайту жолындағы түбегейлі әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүргізу үшін қажетті тарихи қадам болды. Төл теңгеміз пайда болғалы жүргізіліп келе жатқан мемлекеттің тізбекті қаржылық саясатының арқасында елімізде нарықтық институттар макроэкономикалық тұрғыдан тұрақталып, біртіндеп қалыптаса бастады. Өйткені Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі басқа елдерге қарағанда елеулі бірқатар ерекшеліктері бар. 90-шы жылдардың ортасы мен аяғында іске асырылған әлеуметтік-экономикалық даму жобалары ел әлеуетін қалпына келтіруге мүмкіндік бергенімен, Қазақстанның Орталық Азиядағы көшбасшылық жағдайын орнықтыра түсу үшін өңірлік интеграция қарқынын жеделдету қажет болды. Жалпы қолайлы инвестициялық климатты құру жөніндегі мәселелермен қатар, Қазақстан Республикасы аумағында түрлі жобаларды іске асыру жөніндегі трансұлттық компаниялар үшін эксклюзивтік жағдайлар жасалынды. Ол үшін шетелдік инвесторлармен жұмыс істеуді ынталандырушы іскерлік кешенін, сол сияқты институционалдық тетіктерін қосатын тікелей инвестицияларды тарту жөніндегі тұтас жүйені құру іске асты. Инвестицияларды ынталандыру жөніндегі шаралар пакетін қолданудың әртүрлі үш-деңгейі қолданысқа енгізілді. Экономиканың басым салаларындағы инвестициялық жобалар үшін: «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделетін инвестициялық артықшылықтар; шұғыл және өтеусіз негізде шетелдік мамандар үшін кіру визаларын берудің арнайы тәртібі енгізілді. Арнайы экономикалық аймақтарда іске асырылатын инвестициялық жобалар үшін — ең үздік әлемдік тәжірибені ескере отырып, салық салудың айрықша тәртібі болды. Жеңілдіктер бағдарламаның басымдылықтарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтаған өлшемдер бойынша іріктелген кәсіпорындарға берілді. Бұл орайда шетелдік жұмыс күшін әкелуге қатысты ерекше тетік іске қосылды. Сөйтіп белгілі шетелдік инвесторлар, трансұлттық компаниялардың қатысуымен ең ірі және басым инвестициялық жобалар бойынша мемлекеттік қолдаудың ерекше шараларын көздейтін жекелеген инвестициялық келісімдер жасалды. Жоғарыда айтылған салықтық жеңілдіктер мен артықшылықтар, гранттық негізде инвестициялар бөлігінің өтемақысы, оны кейіннен өңдеу не ірі өндірушілерден шикізаттың осы түрін жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында шикізаттың шығу орнын басым тәртіппен ұсыну жүзеге асырылды. Одан әрі ұзақ мерзімді мемлекеттік тапсырысты орналастыру мен ынталандырудың басқа қаржылық және қаржылық емес шаралары ойластырылды. Инвестициялық келісімдер шеңберінде қолдаудың бұл өлшемдері бойынша шешім Үкімет-деңгейінде қабылданатын болды. Әрбір әлеуетті деген инвестормен жеке келіссөздер жүргізілді. Тікелей шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жеке тәсілді іске асыру көптеген маңызды іс-шараларды қамтыды. Соның ішінде, бәрінен бұрын, трансұлттық компаниялардың арасынан әлеуетті мақсатты инвесторлар іздеу және айқындау қажет еді. Бұл орайда әрбір нысаналы инвестормен «Жол картасы» бойынша жұмысты әзірлеу және іске асыруды қоса алғанда, бизнес ашу және оны бастап әкетуге байланысты қажетті шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу және басты саяси көшбасшылар және жетекші компаниялармен кездесуді ұйымдастыру мен Инвестициялық жобаны әзірлеуде, сол сияқты оны іске асыру сатысында консультациялық қызметтер көрсету аса қажет еді. Жеке көзқарасты іске асыру үшін шетелдік инвесторлармен өзара іс-қимыл жасаудың институционалдық тетіктері жетілдіруді қажет етті. Бұл орайда Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Инвестициялар комитетін шетелдік инвесторлар үшін «алғашқы өтініш жасау терезесі» қағидаты бойынша үйлестіруші орган ретінде күшейту қолға алынды.

Кез келген мемлекетке шетел инвестицияларының келуі және олардың тиімділігі инвестициялық жағдайдың қолайлығымен түсіндіріледі. Жалпы еліміздің бизнес-климатын талдау барысында күрделі қаржы бөлудің барлық параметрлерін балмен бағалайды, содан кейін жалпы қорытындыға келеді. Қорытындысында инвестициялық тәуекел көрсеткішін немесе елдің инвестициялауға сенімділік көрсеткіші арқылы  инвестициялық климатты сандық жағынан өлшеу мүмкін болады. Бұл көрсеткіш инвестордың тәуекелі мен шығынын, сондай-ақ шетелдік капиталды тартуға тұтынушы елдің шығынын білдіреді.

Елде инвестициялық климат нашар болған сайын күрделі қаржыны тарту шығыны жоғары болады. Демек, инвестициялық климаттың жағдайы дерексіз түсініп емес,керісінше өзінің материалдық көлемін білдіреді. Айта кететін жайт,бүгінде шетелдік компаниялар өздерінің салалық,өндірістік комплексін қосымша жетілдіріп ұлғайту үшін шетелдерде қызмет атқарып жатқан кәсіпорындарға күрделі қаржы енгізу арқылы жүргізіп жатыр. Сондықтан инвестициялық климатты бағалауға республикалар салаларының жағдайына ғана емес, экономикадағы құрылымдық өзгерістер, мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды игеріп алу мүмкіндігі де әсер етеді.Шетелдік инвестицияны тартуға өте үлкен әсер ететін себеп ол – ұлттық  экономиканың  даму деңгейі болып саналады.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *