Шетел мультфильмдерінің балалардың психикасының дамуына әсері


Илюбаева Гульзайда Нурлановна  . Қазтұтынуодағының Павлодар экономикалық колледжі, 3 курс оқушысы

Балалық щақ – адамның өміріндегі ең қызықты кезең. Онымен не байланысты? Әрине, мультфильмдер! Қазіргі замандығы мультфильмдер қандай? Олардың ерекшелігі неде, жағымды және жағымсыз жақтары? Оларды шексіз көре беруге болама?

Бұл мәселе өте көкейкесті, өйткені мультфильмдер сан  алуан. Заманауи анимация өте тартымды, сондықтан балалардың осылай уақыт өткізуі қауіптілігін анықтау керек.

Мультфильм – өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәрбиесінде аса қажет құралдардың бірі.

Мойындау керек, тілі былдырлап, енді ғана қылық шығарып келе жатқан бүлдіршін күнұзаққа көкжәшікке телміріп, сансыз мультфильмнен көз алмайды. Әйткенмен, сан түрлі мультфильмдердің пайдасынан гөрі зияны көп екен. Бұл – мамандардың пайымы.

Жастарға қатысты сөз қозғала қалса «өскелең ұрпақ жігерсіз,  намыссыз, ұлтжандылықтан жұрдай» деп кінә артамыз. Бірақ оның себеп-салдарына мән бермейміз. Себебі батыстың былапыт дүниесі біздің жастарға тәрбие құралы болып отырған жайы бар. Өзіміз білетін мультфильмдердің бірқатар кемшіліктерін санамалап көрелік…

Біріншіден, ондағы жағымды кейіпкерлердің өзі басқа кейіпкерлерді өлтіріп, қылмыс жасайды. Зұлымдыққа барады. Қан суша ағады. Баланың осыдан барып сол кейіпкерге ұқсағысы келіп, қатыгездікке бармасына кім кепіл? Мамандардың айтуынша, мұндай мультфильмдер баланың психологиясына кері әсерін тигізеді.

Екіншіден, қаншама зұлымдық, қатыгездік жасап жатса да ондағы кейіпкерлер жазаланбайды. Ондағы кейіпкерлер ата-анаға деген құрметті де білмейді. Жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып бермейді. Бұдан бала санасында «дәл сондай жасасам мені де ешкім жазаламайды» деген ой қалыптасары анық.

Үшіншіден, мультфильмдердегі қуыршақтардың сыртқы көрінісі де балалар үшін аса маңызды. Бірақ шетелдік туындыларда жағымды кейіпкерлерге тән жылылық, мейірімділік кездесе бермейді. Ал жағымсыз кейіпкерлер іс-әрекетіне қарай түр-әлпеті де сүйкімсіз болуы тиіс. Бірақ ол шығармалардан ондайды ажыратудың өзі қиын. Өйткені ондағылардың бәрі дерлік – құбыжықтар.

Төртіншіден, телеарналардан көрсетіліп жатқан мультфильмдерде ері қайсы, әйелі қайсы ажыратып болмайсың. Ол туындылардағы ер адамдар бойынан жігітке тән намысшылдықты, қайсарлықты көру қиын. Ал қыздары нәзіктіктен жұрдай.

Бесіншіден, ондағы сөздердің өзінде мәдениеттілік көрінбейді. Кейбір анимациялық фильмдерде кейіпкерлер аузынан небір былапыт сөздердің шығатындығы да шындық. Бұл әлі қалыптасып үлгермеген бала үшін қандай тәрбие болмақ?

Қай-қайсысымыздың болмасын үйіміздегі балаларымыздың бірі үстеріне жамылғы жамылып, «Черный плащ» болып зыр жүгіріп, айғайлап жатса, бірі «Ниндзя-Черепаха» болып, қылышын сумаңдатып жатады, енді бірі «Супермен» болып, алқымыңнан алады, тағы бірі «Өрмекші адам» болып тыным таппайды. Мұның себебі де жоқ емес. Өйткені олардың сана-сезімін, бүтін психологиясын не адам бейнесіндегі емес, не құбыжық емес қалыптағы бейнелер жаулап алған. Тіпті балалар түгілі ересектердің өзін еріксіз баурап алады. Осыдан барып сана-сезімі, өзіндік ұстанымы әлі қалыптасып үлгермеген балалардың мінез-құлқында өзгерістер пайда болады. Күндіз-түні жағымсыз әсердегі фильмдер мен ағыл-тегіл ағылған қанды көріп, содан тәрбие алып өскен ұрпақ не болмақ?

Заманауи мультфильмдер шынайы өмірге жақын: дәл сол мәселелер (ақша, экология, қылмыс, басшылыққа күрес).

Шетел мультфильмдерінің жартысы мына қағида бойынша құрылады: қылмыс – іс жүргізу – жазалау. Шетел мультфильмдеріндегі  кейіпкерлердің мінездемесі:

Кейіпкерлер Сыртқы және ішкі факторлар Кейіпкердің балалардың психикасына әсері
Робот, құбыжық  покемондар Түсініксіз пішін,дауыстың қаттылығы немесе жінішкелігі,үлкен гипноздық көздер, адамдар істей алмайтын іс-әрекетті орындау Роботтардың  санасының, қабілеттерінің адамдардан артық болуы, балаларда өзіне деген сенімділікті төмендетеді,олардың ортаны қабылдауына әсерін тигізеді
Зорлық, кейіпкер ретінде Кейіпкерледің азғындығы,айқайлау, массалық хаос Зорлық көріністері (соғыс,жеке күрестер),бұл балалардың шынайы өмірде осындай көріністерді жиі көруге қажеттілік тудырады

Балалар көбінесе жанжал, төбелес, атыс, өлтіру яғни агрессивтік қарым-қатынас және зорлық элементтері бар сюжетті мультфильмдерді жиі көреді, олар балалардың санасының дамуына әсер етеді.

Мамандардың пайымдауынша, ата-аналар балалардың сүйікті мультфильмдерін бір мезет өзі көріп, ой елегінен өткізуі тиіс. Мәселен, мультфильм таңдау барысында кейіпкерлердің іс-қимылы мен мимикасы үйлесімді болуы керек және туынды қандай да бір оқиғаны арқау етуі тиіс. Екіншіден, туындының сюжеті бала үшін аса маңызды образдар мен оқиғаларға толы болғаны дұрыс. Үшіншіден, мультфильм баланың әлемге, өмірге көзқарасына әсер етпеуі керек.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. И. Гундорова О последствиях восприятия телевизоннойинформации младшими школьникамистр49-53 //Воспитание школьников №9,2005г
  2. И.Гундорова Телевидение и нравственность:возможен ли союз стр 36-39 // Школьный психолог№12 июль 2006

3.Практическая психология образования под.ред. И.В. Дубровиной / М.:2000г.

  1. Ю.Е. Красный, Л.И. Курдюкова – Мультфильмыруками детей.Кн. для учителя.- М.: Просвещение 1990г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *