“Өнегелі ертегілер елінде” қазақ тілінде театрландырылған спектакль


Балтабаева Корлан Шукурбековна
Екібастұз қаласы әкімдігі білім бөлімінің «№ 14 «Малышок»
бөбектер бақшасы»  КМҚК қазақ тілі мұғаліміне

Білімділік: Балалардың тілін дамыту, сөйлеу  мәдениеті  мен  ой — өрісін,  дүниетанымын жетілдіру, берілген ертегі  кейіпкерлердің рөлін атқаруға үйрету.

Дамытушылық:Балаларды  адамгершілікке баулу, баланың  қиялын  есте  сақтауын шығармашылық қабілетін  дамыту,    диалог монолог арқылы сөйлеуді  дамыту.

Тәрбиелік: Баланың  әлеуметтік  және  эмоционалдық  дамуына  жағдай  жасап, әр  баланың  жеке  дара  әртістік,  шығармашылық  қасиеттерін  ескере  отырып, өзін  қоршаған  ортаға,  адамдарға, достарына, өзіне  деген  қарым-қатынас  мәдениетіне  тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: Кітап(әшекейленген), «Бақа мен балық» костюмдері(2 дана),шұлықтан жасалған  «Тышқан мен жылан » саусақ  заттары (5 дана)  , «Не дәмді!» фартук  театры  (6 дана).

Музыка ойналады.

Слайд көрсетіледі. «Тұсау кесу»  тойында берілген сыйлықтар.(Кітап-«Ертегілер»,қамшы,глобус,  пазл ойыны,спорттық гирялар,домбыра,ақша.  Таңдап алынған  кітап суреті  нақты белгімен көрсетіледі.

Музыка ойналады.

1  Бала кіреді. Амандасады.

Сәлеметсзідер ме!

-Міне мен  мектепке барар жасқа да жеттім. Мен кішкентай болғанда әкем мен анам «Тұсау кесу» тойын өткізді.Маған көп сыйлықтар сыйлады.  «Тұсауымды кесіп жатқанда» мен кітапты таңдап алыппын.

-Міне мынадай. (көрсетеді).Ішінде көп ертегілер бар екен. Маған ертегілер ұнайды.Ашып көрейінші?

1 Бала ертегі кітапты ашады. Қызықтайды.

Музыка ойналады.

1 Бала (таң қалады):–Мен ертегі әлеміндемін!Қандай керемет!

Ертегі қойылым көрсетіледі «Бақа мен Балық»(диалог- монолог түрінде).Музыка әуенімен көрсетіледі.

Бала(қызықтайды)-Тамаша! Қандай ғажап ертегі!

Есікті тықылдатып досы келеді.

2 бала: –Сәлем, достым! Не істеп жатырсың!

1 бала. –Қарашы, қандай кітап! Мен ертегі көріп жатырмын.

Өте қызықты.

2 бала: (таң қалады):-О! Күшті ғой!(Кітапқа қарап оқи бастайды)

2 бала(оқиды) :  – «Тышқан мен жылан» Суреттері әдемі екен!

Ертегі көрсетіле бастайды. Шұлық театры («Тышқан мен жылан»)

Келесі кітаптың бетін ашады.Кітап ашылғанда музыка ойналады.

Бала:-Қызық екен! «Тышқан мен жылан» суреті шығады. Бұл қандай ертегі екен? –деп таңқалады.

Музыка ойналады. «Тышқан мен жылан» шұлық ертегісі қойылады.

(Дайындық «Көбелек» тобының балалары ертегіні көрсетеді)

( Ширма арқылы көрсетіледі)

1-2: Балалар таң қалады.

1 бала:– Алақай! Қандай керемет!

2 бала:-Мұндай ертегіні мен  бірінші рет көріп тұрмын-деп мәз болады.

Келесі кітаптың бетін ашады.Кітап ашылғанда музыка ойналады.

1 Бала:-Қарашы ,қарашы! (ктапқа қарап) -«Не дәмді!» -деп оқи бастайды.

Сахнаға балалар «Не дәмді?» ертегіні көрсете бастайды.

(Ересек  «Гүлдер» тобының балалары шығады)

2 бала:-Біз  бүгін ғажап ертегілер әлемінде болдық. Енді мен көп ертегілерді білемін.

1 бала: -Ал, Мен кішкентай іні ,-қарындастарыма  айтып беремін. «Кітап-білім бұлағы» -деп әжем маған мақал мәтелді үйреткен. Шынымен де ол рас екен!Компьютер мен телефон зиян келтіреді, ал кітап –білім береді.

Мен мектепке барғанда жақсы оқуға тырысамын!

Жүргізуші:(Қ.Ш) – Балалар! (Балалар  барлығы ортаға шеңбер болып тұрады.)

Сендер қандай ертегілерді көрдіңдер?

*Бақа суды қалай ішеді екен? (Терімен «ішеді» екен, яғни тері арқылы сіңеді.)

*Тышқан жыланнан кегін алу үшін адамға  не істейді?(Мұрнын тістеп алады)

*Ал балаларға дүниеде ең дәмді не?(Ананың сүті).

Енді сендер өз көңіл күйлеріңізді осы берілген қоржынға салыңдар!

Балалар берілген смайликтерді (өз көңіл күйлерін ) қоржынға салады.

Балалар  барлығы шығады,басқа смайликтерді қонақтарға сыйлап қоштасады.

-Сау болыңыздар!-деп айтады.

«Бақа мен балық».

«Өзі балпақ,басы жалпақ» бір бақа көл жағасында  жүрген. Ол суға жақындап келіп, айнадай жарқыраған көлге қызыға қарап отырды.

Оны Ақшабақ деген таныс балығы көріп, амандасайын деп алдына жүзіп келді. Ол судан басын шығарып:

Балық(Ақшабақ):-Сәлеметсің бе,Бақатай!-деді.

Бақа:-Сәлем, Ақшабақ,сәлем!-деп, бақа да, тарбаң етіп, бір қозғалып, қойды.

Балық:-Бақатай,көрінбей кеттің ғой,бір жаққа барып келдің бе?-деді балық.

Бақа:-Алыс ешқайда барғам жоқ.

Осы жағадағы жайылымда жүрдім,-деді бақа.

Балық:-Жайылымда сендер осы шөп жейсіңдер ме?

Бақа:-Жоқ, Ақшабақ,біздер шөп жемейміз.

Балық:-Енді не жейсіңдер?

Бақа:-Біз кәдімгі құрт қүұмырсқа, маса –шыбын,өрмекші-қоңыз, шегіртке-көбелек,сияқты ұсақ жәндіктерді жейміз,-деді бақа.

Балық:–Сендер де біз сияқты суды жақсы көресіңдер ғой. Құрлықта жүргенде қатты шөлдейтін шығарсыңдар,ә?

Бақа:-Ия ,шөлдейміз ,әрине.

Балық:- Сендер суды қалай ішесіңдер?Жалап ішесіңдер ме, әлде сіміріп ішесіңдер ме?

Бақа:-Біз суды жалап та, сіміріп те ішпейміз.

Балық :-Енді қалай ішесіңдер?-деді балық.

Бақа :-Сыртымыздағы жұқа терімізбен «ішеміз», яғни су бізге тері арқылы сіңеді.

Балық :-Мыналарың қызық екен, Бақатай!-деп, балық оған кәдімгідей таңғалды  да, енді одан басқа бір жайды сұрады:

Балық :-Осы біз сендерді жаз бойы жиі көреміз де, қыс мезгілінде мүлде кездестірмейміз. Қыста сендер жылы жаққа кетіп қаласыңдар ма?

Бақа :-Жоқ. Ақшабақ, біз ешқайда кетпейміз. Осындағы өз мекенімзде қыстаймыз.

Балық :-Біз ғой қыста су  ішінде жүре береміз. Ал сендер сонда қайда боласыңдар?-деді балық.

Бақа :-Біз бе? Біз бір нәрселердің астына, індер мен қуыс кеуектерге кіріп алып, жатамыз әуелі мұз болып қатып та қаламыз.Бірақ көктем келіп, күн жылынғанда қайта жанданып,басында бір-бірімізге қосыла әндетіп,хор айтамыз. Міне біз осындаймыз,достым.Осы кезде бұлардың қасына қармақ салып,балық аулап жүрген балалар келіп қалды.

Бақа: – (қорқып) .Балалар келіп қалды . Қашайық!

Олардан қорыққан бақа  суға секірді де,балық та жалт беріп көзден ғайып болды.

Т.Жексенбай.

«Тышқан мен жылан»

Автор. (аудио запись)Бір тышқан тамақ аулап ,ініне қайтып келсе, онда бір жылан жатыр екен. Тышқан мұнан жаман қорқып, қуып шығаруға батпай, ақыл сұрай, өзінің қайғысын айтқалы көршілеріне барады.

 1.Тышқан: -Тышқандар, қандай ақыл бересіңдер. Менің үйімді жылан алып қойды.

Ақылды тышқандар жиылысып отырып, кеңесін айтыпты:

2.Тышқан-Сен ол інді тастап, өзге ін қазып ал,.Жылан сенің ініңді тартып алғаны әділдік емес,бірақ оған қылар еш айла жоқ.Оған тиіп не қыласың?

3 тышқан:-Дұрыс!Мазасын ала берсең,өзіңді жеп қояды. Өзіңе ін қазып ал.

Автор (аудио запись)Тышқан бейшара қайғырса да, үндемей қойыпты. Бірақ қалай кегін алуды ойлайды. Бір күні сейілдеп келе жатса, інінің аузында жыланның күн шуақта  жылынып жатқанын көріпті. Жанында бір кісі ұйықтап жатыр екен. Тышқан барып оның мұрнын тістеп алып, жыланға қарай тұра қашыпты .

Кісі (Адам) оянып:-Кім? Не мен  оятты! -деп тұра қуады.

Автор:-Қараса, алдында жатқан жыланды көреді. Тышқаннан мұның зияны көбірек болған соң, кісі жыланды өлтіруге алданып қалыпты да, тышқанды қоя беріпті.

Сөйтіп,кегі қайтқан тышқан өз ініне келіп тұрыпты.

« Не дәмді?».(«Что самое вкусное?»)

(Автор)-Бір күні мысық, ит, сиыр,тауық  болыпты .

(Автор)Мысық айтыпты:

Мысық (Кот)- Айтыңдаршы достарым, ең дәмді не ?

(Автор)Сиыр әңгімені естіп:

Сиыр (Корова) -Мөөө! Ен дәмді –Сүт!

Автор:-Ит болса былай депті:

ИТ(Собака):- Аф! Аф! Аф! Ең дәмді  -сүйек!

(Автор)Тауық  тұрып :

Тауық: (Курица) – Қыт! Қыт! Қыт!Қыт!Ең дәмді-тары!

(Автор)Мысық жауап беріпті:

Мысық: (Кот)- Ал маған ең дәмді- сүт!

(Автор)Бұны естіген ұл мен қыз былай жауап беріпті:

Ұл мен қыз( Мальчик и девочка)– Ал  біз үшін ең дәмді –ол ананың сүті!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *