“Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері” мақала


 “№ 3 “Гнездышко” санаториялық бөбектер бақшасы” КМҚК-ның тәрбиеші

Муратбек Айерке

Мектеп жасына дейінгі кезеңде 3-7 ж бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсумен қатар жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы,олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай-ақ баланың бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып,тыныс алу, қан айналужүйелері дамып,ми салмағы 1110-1350-1500 граммға дейін өседі.Үлкен ми сыңарларының қабықтарының реттегіш рөлі,ми қабығы астындағы орталықтардың бақылау рөлі артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып,-2 сигнал жүйесі қарқынды дамиды.

Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып, үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барса, белгілі бағдарлама бойынша баланы жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс-әрекет түрлерінен,әсіресе сюжеттік-рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым-қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс-әрекеті ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады,онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады. Бала ойнау кезінде үлкендердің ісінен үйренуге талпынады.Ойын жануарлар түлектерінің көбіне тән, бірақ оларда саналы түрде емес, Мұқановтың айтуынша «Репетиция» сияқты әрекет. Бала ойыны үлкендердің ісінен үйренуге арналған. Өткен тарихи дәуірлерде бала ойыны қалай өтті деп ойлансақ, көптеген елдерде дәуір кезеңінің ерекшелігіне байланысты бала жеткелікті ойнамаған деуге болады.Басқа елдерді былай қойғанда ерте кезеңде «Асық ойнаған озар, доп ойнаған тозар, бәрінен де,мал бағып,еңбек еткен озар»-деген қағиданы ұстанған қазақ 4-5 жастан баласын еңбек етуге араластырған.

Д.Б.Элькониннің айтуынша бұрынғы кезде балалар тек 5-6 жасқа дейін ойнап, кейін үлкендермен жұмысқа кірісіп, материалдық игілікті өндіруге үлес қосқан. Қазіргі кезде балалар 15-16 жасқа дейін ойнады. Себебі: тұрмыстың нашар кезінде халық баласын көп еркелете алмаған, екіншіден әлеумет қоғамы басқаша болды. Бүгінгі күн тұрғысынан қарағанда дамып жетілген елдердің бәрінде де бала 12-13 жасынан әлі келетін еңбекке жегілу керек екендігі айқындалып отыр. Сонымен бала ойыны белгілі әлеумет дәуірінің жемісі болып табылады.

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *