Білім берудің тиімді түрі


Молдабекова Бахытжамал Коренқызы Рудный қаласының “№7  мектеп-гимназиясы”КММ бастауыш сынып мұғалімі

 

Жаңа білім берудің бұл түрі  –  оқушылардың мектепте алған білімдерін, іскерлік дағдыларын қалыптастырып қана қоймай,  тұлға аралық қарым – қатынастарда  өмірлік міндеттерін  шешу үшін пайдалануда маңызы зор.

Қазіргі таңда  жан – жақты, зерделі дарынды адамдарды қалыптастыруда білім мәселесі оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті туындауда. Соған орай  бізге табысты, әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру міндеті тұр. Мұғалім  оқу ісіне  қызықтырып, оның қабілетін арттыратын жағдай туғыза  алса, шәкірті  өнімді іс –  әрекеті арқылы мақсатына жетеді.

Бастауыш сыныпта  оқушыларының  бойында дарындылық сезімі  бас көтеріп өзін – өзі тани бастайды. Осы тұста   “Шәкіртімнің   дарындылығын  аша түсуде қандай әдіс тиімді ?” деген сұраққа ойланбайтын ұстаз жоқ шығар.  Мұғалім  оқу ісіне  қызықтырып, оның қабілетін арттыратын жағдай туғыза  алса, шәкірті  өнімді іс –  әрекеті арқылы мақсатына жетеді. Осы орайда  функциональдық сауаттылық жеке тұлғаның қабілеттерін дамытудың тетігі, білім, білік дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы.

Міне, осы сәттен бастап ғылыми ізденістерін, оқу, жазу, математикалық, компьютерлік, құқықтық, денсаулық  сауаттылығын  қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмыс арқылы оң нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сауаттылық қызметі – алған білімдерін күнделікті іс – әрекетте пайдалану біліктілігі. Өз тәжірибемде  ғылыми зерттеу бағытында реферат, аннотация, әдеби шолуларды қарастырсам, публицистикалық шығарма барысында очерк, тілге жеңіл  фельетондар жаздыртамын.Бұл тапсырманы  шәкірттерім   қызығушылықпен орындай алады. Аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама жаздыру әрі қарай жалғастыра жазып, сәтті шешім тауып аяқтауға  дағдыландырса, сюжетті  суреттен сөз тудыру абстракт – логикалық  дамуын  ықпал етеді. Бастауыш сынып оқушысы  арифметикалық амалдарды орындаумен шектелсе, орта буында геометрия, алгебра әлемінде латын, грек  әріптерімен жазылған сандармен жұмыс жасай оқу, білу арқылы сауаттылығы арта түседі.Ал, дүниетану пәнінде  функциональдық сауаттылық түсіну бағалау және тәжірибе біліктілігін дамытады. Қазіргі заманда біздің оқушылардың алдына қойылатын талаптар да күннен-күнге, жылдан-жылға өсуде.

Сонымен қатар заман талабы оқушылардың бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру болып табылады. Ақпараттық құзыреттілік арқылы нақты объектілер көмегімен қажетті ақпаратты іздеу, талдап таңдап  алу, ұйымдастыру, түрлендіру,сақтау және ақпаратты беру біліктері қалыптасады. Бұл құзыреттілік оқушының оқу пәндеріндегі және білім аймақтарындағы, сонымен бірге қоршаған дүниедегі ақпараттармен жұмыс істей білу дағдыларын қамтамасыз етеді. Коммуникативтік құзырет – бірлесіп жұмыс істеуді бағалау, адамдар арасында сенімділік, бірін-бірі түсіну, тыңдау, сыйлау, дәстүрді білу, топпен жұмыс жасай алу, орындаушылардың жұмысын дұрыс ұйымдастыру, басқару шешімдерін таба алу және қолдана білу қабілеттері.

Әлеуметті-құқықтық құзырет – өз елінің азаматы ретінде өзінің және қоғам мүшелерінің әлеуметтік қызметтерінің маңызын түсіну, қоғамдық міндеттерге тұрақты қарау, мемлекет нышандарын білу, адам құқығын жете білу, қажетті жағдайларда оларды қолдану, өзіне жауапкершілік арту жатады. Құзыретті оқушы даярлау мақсатында оқушылардың іс-әрекетін белсендіруге және қарқындандыруға негізделген технологиялардың бірі. Иә, егемен ел болып, тәуелсіздігімізді еншілеп, еңсеміз тіктеліп, өркениет көшінің алдыңғы сапына шыққан, бәсекелестікке қабілетті, дамыған алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосылуды мақсат тұтқан жайдары еліміздің жарқын болашағы – жас ұрпақ. Осы ұрпақты болашаққа даярлау, қоғамға сай бейімдеу–мектеп еншісінде екені сөзсіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *