Тәуелсіз елдің ұланымын


Әскерғали  Еркебұлан Жанатұлы Қостанай облысының, Таран ауданының,  Новоильиновка селосының  “Новоильинов  орта мектебі” 2 сынып оқушысы жетекшісі Утегенова Галина Маратовна

Болашақ біздің қолымызда. Мәңгілік ел ұрпағы мына біз боламыз. Ересек кісілер туған елдің жетістігін айтып әнге қосып  жырлап жатады. ендеше, талай заман, талай ұрпаққа жайлы мекен, құтты қоныс болған ауылымның сұлу табиғатын неге мақтамасқа, оған неге жылы сөз арнамасқа?

Қазақстан елін  “Қазақ елі”, “Ұлы дала елі” деп атауға ұйғарғанын да біліп жүрмін.  Өте дұрыс. Өйткені ұлы даламен  менің  ата – бабаларым жеңіс туын қаншама рет желбіретті десеңізші! Олар  Тәуелсіздікті аңсап өтті ғой.

Ал, олардың арманына 1986 жылы желтоқсан құрбандары қол жеткізіп кетті. Міне, ұрпақ сабақтастығы деген осы емес пе? Біз хандық заманды, соғысты тек оқып білсек, желтоқсан оқиғасын өте жақсы білеміз.

Менің әкем де шеруге шығып, әзер құтылыпты. Желтоқсанды мереке деп тойлап жатса, ол үнемі мұңайып отырады. Бәлкім, қаза тапқан достары есіне түсетін болар… Тәуелсіздік туын желбіретіп кеткен Қайрат, Ләззат, Ербол сынды ағаларымызды біз  суретінен танимыз. Олардың ерліктерін көрініс түрінде қайталап жүрміз.”Қазақ  деген атым бар, атам десең атыңдар” деген  Қайрат ағаның сөзі  жүрегімізде жатталып қалған. Міне, осындай ерлікпен алып беріп кеткен  көк туды біз ешқашан жерге түсірмеспіз.

Арада  көп  жыл өтсе де Ұлы Отан соғысының батырларын ұмытар емеспіз. “Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген” деген өлең жолдарында елі үшін жанын қиған батырлардың арманы жатыр. Олай болса,  арманым тез ержетіп, елімді шекарада кірпік қақпай күзетіп тыныштығын қорғау парызым. Мен елімді сүйемін. Өйткені мен қазақстандық патриотпын. Көк байрағым әрқашан биікте желбірей түсші! Ержеткенде өзім желбірететін боламын. Қазағымның рухын жоғары ұстайтын боламын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *