Туған жерім – тұғырым!


Қалихан Алихан Рудный қаласы әкімдігінің “№15 орта мектебі” КММ 3 сынып оқушысы, жетекшісі Оспанова Салтанат Амиржановна

Туған жер туралы ой толғап, қалам  тербемеген ақын – жазушы жер бетінде  жоқ болар, сірә!? Бүгінгі күнге дейін туған жерге қаншама әдемі сөздер арналғанымен, ешкім де әлі атамекеннің құдіретін  танытатын сөзді ойлап таппаған да шығар… Неткен ыстық, неткен құдіретті едің, туған жер!

         Рудный  қаласына мен бірінші сыныпта жүргенде қоныс аударған едік. Торғай атты   алтын бесігіме аяқ баспағалы бірнеше айлардың жүзі болған еді. Осы ағаттықтың орнын толтырмақ болып, жақында ғана туған жеріме барып, тағзым етіп, сәлемдесіп келген жайым бар. Шіркін – ай! Өз еліңнің ауасы да, суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге  ұқсамайтын – ұлы сезім. Отан ұғымының аясы кең. Мен үшін Отанды сүюдің бірнеше маңызды нұсқалары бар. Соның ішінде маңыздысы қастерлі нәрсе мәдениет, дәстүріміз. Елбасы қазақтың күрделі мәселелерін ашық айтып, ішкі тұтастықты бұзуға дәмеленген рушылдық, жершілдік секілді алып-қашпа әңгімеден бойды алыс ұстауға ша­қырды.

Елбасы атап өткендей, діни таңдау жасауда ішкі «сүзгінің» болуы – ең басты қажеттілік. Ішкі сүзгі қалыптасуы адамның өмірлік салты, тұрмысына байланыс­ты. Оны қалыптастыруда, әсіресе қазақ аналардың орны ерекше. Ежелден қазақ халқы өз қызын еркін өсіріп, сонымен қатар ибалы етіп тәрбиелеген. Ал қазіргі кездегі тұмшаланған қыз-келіншектердің ерсі көрінісі, әрине, біздің мәдениетке жат екенін түсінуіміз керек.

Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл  дүниеде біздің  бір  ғана Ота­ны­мыз – тәуелсіз Қазақстан. Хандықтың 550 жылдығында қазақ батырларының ерлігімен жете таныса түстік. Сөйтсем, Жәнібек, Абылай, Қабанбай, Наурызбай деген  есімдер тегін емес екен. Әр есімді ата – аналарымыз ырымдап қойыпты. сол ержүрек бабаларымыздай елін қорғасын, ез болмасын деп ойлапты.

Әрине, алдағы уақытта олардың ойынан шығуға тырысамын.  Маған Мәншүк, Әлия, Ләззат сынды апаларым үлгі – өнеге қалдырды емес пе? Менің мақсатым, үш тұғырлы тілді үйреніп, еліме елеулі пайдамды тигізу. Ол үшін осы кезден бастап, сабағымды жақсы оқуға тырысып жүрмін. Мен Қазақстанның азаматымын.  Дінімді, тілімді қастерлеуім керек екенін үнемі жадымнан шығармай жүремін.

“Мәңгілік ел” жолы менің жолым. Қазақ елін таныту, абыройын асқақтату біздің міндетіміз. Біз саналы, елжанды азамат болғанда ғана Қазақстанымыз мәңгі гүлдене бермек. Менің Отаным бірлігі жарасқан ел. Осындай елде тұрғанымды мақта тұтамын. Отан – досым, бауырым, ата- анам деп түсінемін. Мен Қазақстан атты  бейбіт елдің ұланымын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *