“Өткеннен мұрағат, өткенге ұлағат”


Кәдиржан Нұртуған Кәдиржанұлы Фурманов атындағы жалпы білім беретін мектебі 8 сынып оқушысы

жетекшісі Кабажаева Айгерим Казымовна

Ардагерлер! Ардагерлер! Ардагерлер!

Бас иіп жас ұрпағың үлгі етер,

Қастерлейді халқымыз қаһарманын

Жүр есінде сан жарық сапарларың! – деп жүрекжарды өлең шумақтарын сіздерге арнадым.

         Иә, біз жасымыздан Бауыржан атаны оқып өстік. Ал, қазіргі таңда ұстазымыз Айгерим  Кабажаева бізге тарихымыздан мәлімет беруде.  Соғыс  жылдары ұзын бойлы, қара сұр Момыштың ұлы Бауыржан сол кезде отыздың үстіндегі жас жігіт екен.«Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам», – деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек. Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды», – дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы.

Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Міне, біз  осындай ерлікті оқып өссек, есейе келе өз туған жерімнің  батырларын оқуды әдетіме айналдырдым. Иә, мектеп қабырғасынан Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестеп қала беретіні сөзсіз. Дегенмен “Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас” демекші, өзімнің туған жерімдегі қаһармандардың аты – жөні мен үшін үлкен ғанибет. Бiздiң парызымыз – бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз! Олар кемде-кемде қалды. Иә, ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз –  Отанды  сүю, еліміздің, жеріміздің адал патриоттары, достық пен бірлік туралы түсінігімізді молайтып отыруымыз қажет.  Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған – туысқандарына, жақын – жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

Ержүрек батырдың кiтаптарын  оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiнен, халқыңа деген махаббатынан, ұлттық биiк рухынан қуат аламын. «Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Олай болса, Жеңіс күні – абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Жұдырықтай жұмылған, білектей біріккен кеңпейіл Қазақ елі жасасын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *