Адамгершілікке тәрбиелейтін пән


Ли Марк Артурович Рудный қаласының “№7  мектеп-гимназиясы” КММ 4 сынып оқушысы

жетекшісі Молдабекова Бахытжамал Коренқызы

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру, ізгілікті білім беру ортасын құру.
Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.  Адамгершілік тақырыбы – мәңгілік. Осы орайда  біздің  рухани – адамгершілік  әлеуетімізді  ашып көрсете алатын бірден – бір пән “Өзін – өзі тану” оқулығы.   Иә,   рухани – адамгершілік білім құлдилап бара жатқан заманда, дәл осы пәнді енгізіп, құндылықтар мен қасиеттердің мәнін түсінуге ықпал еткен «Өзін-өзі тану» пәнінін негізін қалаушы Сара Алпысқызына алғысымыз шексіз. Осы пәнді енгізген аз ғана уақытта бәріміз үшін осы пән сүйікті пәнімізге айналып үлгірді.

“Өзін-өзі тану” пәні жүрекпен тыңдайтын сабақ екенін түсіндім. Әр сабақта өз ойымызды еркін айтып,  келешекке аяқ басуға зор көмегіміз тиіп жатса ұстазға бұдан артық бақыт бар ма? Бүгінгі күні сыныптастарыммен сабақ барысында етене араласып, олардың шын досына айналып та үлгірдім.  Яғни, олармен пікірлесіп, әсіресе, тұйық оқушылардың жан – дүниесіне үңілу дағдымызға айналды.

Адамгершіліктің қайнар бұлағы – халқында, отбасында, олардың өнерлерінде, әдет – ғұрпында. «Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болатыны кәміл” деп  Әл-Фараби айтпақшы, әр адам өзінің адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Осы айтылған  адамгершілік, адалдық, мейірімділік  т.т  ізгі қасиеттер  дәл осы пәннен көрініс табады. «Жағдаяттар кезінде ойлану» біздің нақты өмірлік жағдаяттарды бағалай білу қабілеттерімізді дамытуға, өзінің ойы мен ісіне, әрекеттеріне жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етсе,  бейнематериалдағы  өмірден  алынған мысалдар  көру  ойлануға жетелейді. “Ән шырқайық, достар!” сабақта қосылып ән айту достарымның  сезімдерін сергітіп, көңіл-күйін жадыратады.Қорыта айтқанда, «Өзін-өзі тану»   біздің адамгершілік – рухани дамуының негізін қалауға және өмірлік дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді деген ойдамын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *