Ең сүйікті мерекем


Нурбулат Бейбарыс Нурбулатұлы Қостанай облысының, Таран ауданының Новоильиновка селосының “Новоильинов орта мектебі” 6 сынып оқушысы

жетекшісі Утегенова Галина Маратовна

Қалың жұртшылық болып  атап өтетін мерекені мен де асыға күтіп жүрмін. Ол 1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күні.

         Тәуелсіз Қазақ елінің  Көк байрағын  өз  қолымен тұңғыш көтеріп, ата – бабамыз ғасырлар бойы армандаған бейбітшілік ел мекенін құрған Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев менің де атам. Жыл  сайын Елбасымыздың туған күнінде отбасымызда  ет асып, тәтті шәй  ішуді дәстүрге айналдырғанбыз.  Бұл күн біздің отбасы үшін  ең қадірлі мереке. Атам мен әжем қонаққа келеді. Олар елдің тату – тәтті, бірлікте өмір сүріп отырғанын Елбасымыздың кемел ақылымен байланыстырады.

Дастарханның ақ  батасын атам “Ақ патшамыз аман болсын” деп қайырады.  Сол күні ата – анаммен көшеге шығамыз. Менің байқағаным  бұл күні   адамдар да ашық – жарқын  бір – бірін құттықтап жатады.  Сөйтсем, Тұңғыш Президент күні мен үшін ғана емес,  халық үшін де  үлкен мереке екен.  Қазіргі таңда  мен алтыншы сыныпта оқимын. Сондықтан  Тұңғыш Президент туралы кітаптарды өз бетіммен түсініп оқып, ол туралы кино да көрсем де терең түсіне аламын.

Елбасымыз жас кезінде ұшқыш болуды армандапты. Әке – шешесіне де мейірімді болып, ат жегіпті. Әрине, мен оны “Балалық шаққа саяхат” атты кинодан көрдім.          Елбасымыздың  “Отанды сүю   отбасынан басталады” деген ұлағатты сөзін де  санама құйып алғанмын. Сонымен қатар менің Отаным Қазақстан.  Тау тұлға тәрізденіп Елбасымыз тұрғанда  еліміз ынтымақта өмір сүре беретіні  хақ. Теледидардан көргенімде шашы да ағарыпты.  Оның да мәнісін енді түсінгендеймін.  Дана атамыз елінің тыныштығын, киімі бүтін, тамағы тоқ болуын ойлап, тыным таппайды екен ғой. Самолетпен алыс – алыс жерлерге ұшып жүргені де елінің татулығының қамын жасапты.  Бізге де ағылшын тілін үйреткісі келетіні, біз өсіп ержеткенде  терең білім алсын деген ойы бар екен. Ойлап қарасам, Елбасымыз “Ел – тірегі” екен.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *