Тақырыбы; «Үйшік» орыс ертегісі

Ақтобе қаласының, Белогор негізгі мектебінің  бастауыш сынып мұғалімі Молдагазина Гульмира Зейновна

Сабақтың мақсаты; Білімділік: Оқушыларға ертегі мазмұнын меңгерту, ертегіні ойнау арқылы сөз құдіреттілігін білуге үйрету. Дамытышулық: Жүйелі ойлау, ойын әсерлі жеткізу, жүйелі сөйлеу қабілеттерін анықтау, ролдеп ойнауға үйрету; Тәрбиелік: Бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, адамгершілік, шыншылдық, еңбексүйгіштік қасиеттерді ұялату, бірлікке тәрбиелеу.

Сабақ типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Ертегі сабақ. Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, топтық жұмыс, пікір айту.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар,тапсырмалар, суреттер,сахналауға арналған маскалар,үйшіктің бөліктері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушыларга сабақ ерекшелігі туралы айтып, мақсаттарымен таныстыру.
  2. Негізгі бөлім. Қызығушылықтарын ояту.»Ертегілер » әнін тындату арқылы  балаларды сабаққа психологиялық дайындау. Сабатың ертегілер еліне саяхаттау арқылы өтетіндігін  айту, ертегі туралы қысқаша түсінік беру, олардың түрлеріне тоқталып, мысалдар келтіру.
  3. Ұй тапсырмасын сұрау.

Слайд: Орман суреті. Ормандағы аңдарды анықтау.

  • Балалар, ел Президенті Н.А. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында ел басшыларына нақты 10 тапсырма берген болатын. Сол тапсырмалардың ішінде қазақстан халқын баспанамен қамтамасыз ету керек екендігі тапсырылған болатын. Яғни қол жетімді бас паналы болу. Сол тапсырманы ормандағы аңдар да естіп қуанып жатқан көрінеді. Сабағымыз  ертег сабақ болғандықтан аңдар да баспаналы болғысы келіп бір-біріне үй салып, көмектесіп жатқан көрінеді. Бүгінгі сабақта біз де аңдарға арнап үй салып беріп көмектесіп көрейік. Ол үшін үйдің бөліктері берілген, әр бөлікті орнату үшін үй тапсырмасын айту керек-дей отырып үй тапсырмасын сұрау. «Наурыздағы тілек» жатқа сұрау.  Әр баланың жауабынан кейін үй бөліктері құрасырылады.

Құрастырылған үй арқылы бүгінгі сабағымыз орыс халқының ертегісі «Үйшік» екендігін хабарлау.

Мағынаны ашу. Енді ертегідегі кейіпкерлерді табу үшін жұмбақтарды шешу керек. Өзі айлакер,өзі қу, жүрген жері айқай да шу.(түлкі) Таңдайлары тақылдап, шулайтын кім шалшықта, бірін-бірі мақұлдап?(бақа)  Еден астын тырналап, түнде үйқы бермейді(тышқан) Паналайды үңгірді, издемейді тасаны (аю) Қалқиып ұзын құлағы, елеңдеп қорқып тұрады (қоян) Қандай аң орманда алақ-жұлақ етіп жүреді?(қасқыр).

Интербелсенді тақтада жаңа сабақ мазмұнын ашатын мақал мәтелдер берілген. Сол мақалдардың мағынасын ашу арқылы жаңа сабаққа кіріспе жасау. Ертегі тақырыбын білдік, оның кейіпкерлерін таптық, ертегінің не туралы екендігін мақалдар арқылы білдік, енді тек ертегі мазмұнымен танысу қалды.

Жаңа сабақ. Ертегі мазмұнын презентация арқылы тындау.

Біз қазақ тілі сабағында етістікпен танысып жатқанбыз, олай болса етістік дегеніміз не?(оқушылар жауаптары) Тапсырма: Берілген  аңдар суреттерінің жанына оқулықтан олардың іс-қимылын білдіретін создерді тауып, оны көрсетесіндер.

Ертегіге байланысты балалардың ойларын білу, пікірлерін тындау. Ертегіні сахналау.

Бағалау.

Үйге тапсырмаберу.

Қорытындылау.

Leave a Reply

Your email address will not be published.