Жумагулова Акмарал Бакытбековна


Аты-жөні Жумагулова Акмарал Бакытбековна

Қызметі:Биология пәні мұғалімі

Жұмыс орны :Өскемен қаласы әкімдігінің «№6 орта мектебі» КММ

Мекен жайы :Шығыс қазақстан облысы, Өскемен қаласы

Педагогикалық тәжірибесі: : 7 жыл

Санаты:2 санатты

Марапаттар :   1.Республикалық ғылыми-танымдық педагогикалық «Биолог анықтамалығы» журналындағы «Үздік слаид-2014» сайысына белсене атсалысып, журнал дискісіне жарияланған мазмұнды-танымды слайд презентациялары үшін 3 дәрежелі диплом және төсбелгімен марапатталған.

  1. Биология пәні мұғалімдеріне арналған КИО республикалық қашықтық олимпиадасында үздік нәтиже көрсеткен.
  2. С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нде «Биология сабағында ойын элементтерін пайдалана отырып, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру» педагогикалық байқау-конкурсында 3 орын алған.
  3. Өскемен қаласы әкімдігінің «Оқу-зерттеу экобиоорталығының ұйымдастыруымен Қ.Р. Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Экологиялық білім беру және ағарту жүйесіндегі аймақтық компонент – 2016» мерейтойлық XV аймақтық педагогикалық жаратылыстану-ғылыми конференциясына қатысып, «Өскемен қаласын көгалдандыруда клондық микрокөбейті әдісінің пирамидальды теректі өсіруде тиімділігі және болашағы» атты тақырыпта үздік баяндама жасағаны үшін алғыс хат және сертификатпен марапатталған және де жинаққа шыққан.

Өмірбаяны

Жумагулова Акмарал Бакытбекқызы 1989 жылы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы Марқакөл өңірінде дүниеге келген. 2007 жылы Құмаш Нұрғалиев атындағы мектеп гимназиясын бітірген. 2011 жылы. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің биология мамандығын бітірген. 2011 жылы Күршім ауданы Қайнарлы ауылында өз еңбек жолын бастаған. 2014 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистратурасына оқуға түсіп,  оны 2016 жылы бітірді. Ғылыми дәрежесі «Жаратылыстану ғылымдары магистрі». Қазіргі таңда 2014 жылдан бастап Өскемен қласындағы №6 орта мектепте биология пәнінен сабақ береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *