Стандарттаудың негіздері


Полат Абылайхан Құралбекұлы 

Шымкент  аграрлық  колледжінің оқушысы,  

жетекші  Вакасова Алтын Шаштыевна

Стандарттау  дегініміз – барлық  мүдделі жақтардың  қатысуымен ғылымның  белгілі бір аумағында  қызметін реттеу мақсатымен құрылатын  және  пайдаланылатын ереже. Стандарттау ғылымның табыстарына  негізделген және ол тек қана  қазіргі  уақыттың  табыстарын  ғана емес, сонымен бірге  келешектегі  техниканың дамуының  негізін анықтайды.  Басқаша айтқанда,  стандарттау – бұл жазылған  ережелердің  жоспарлы қызметі,  нормалары  мен талаптары. Стандарттың  сәйкес  болуы экономикалық өнімнің сапасын, қауіпсіздік  ережесін сақтау арқылы материалды  тиімді  пайдалануды қамтамасыз етеді.

Стандарт  –  бұл стандарттаудың  нормативті – техникалық құжаты, ол ережелерді, стандарттаудың  талаптарын айқындайды.  Стандарттауды  ғылымның, техниканың жетістіктері негізінде  жасайды.  Стандарт материалдарды заттармен қоса,  ортақ сипаттағы  ұйымдастыяру тәсілінің нормаларына,  ережелеріне арналған талаптарға  жасалуы  да мүмкін.  Стандарттаудың  көрсеткіштері өнімнің  сапасының  көтерілуіне және  өндірудің  тиімділігіне  кепілдік  береді.

Нақты  бұйымдар, материалдар және басқа да өнімдерде  техникалық өзгерістер орын алуы  мүмкін, ол сонымен осы өнімге, оның  жасалуына және оның қабылдануына зор талаптар қояды.

Жүйелеу –  заттарды, құбылыстарды рет-ретімен орналастыру, яғни мақсатты, нақты жүйені құрайды.  Жүйелеудің  көп тарағаны объектілердің  орналасуының  әліпбилік  жүйесі. Мұндай жүйені  энциклопедиялық  және  политехникалық  анықтамаларда,  библиографияда қолданады. Сонымен қатар бұл жүйені  объектінің реттік  нөмірлеуінде және  хронологиялық реттеуде де  пайдаланады.  Мысалы МЕМСТ-ты реттік нөмірін мемлекеттік комитеті стандарты деп тіркейд, сол арқылы әрбір  стандартта бекітілген  жылы  белгілі болады. Сондай-ақ машина өлшемі және жүйелер параметрі олардың  бөлігі мен  бөлшектеріне үйлесімді  сандардың  қатарын ұсынады.

Симплификация –  стандарттаудың бір түрі.  Ол қазіргі  уақыттағы  қажеттіліктерді  қанағаттандыру үшін  әр түрлі  бұйымның  санын немесе  типтік  мөлшерін төмендетумен сипатталады.  Симплификацияда  көбінесе түрлі  бұйымдардың  керексіз бөліктері мен  бөлшектері алынып  тасаталады.  Симплификация  объектісіне қандай да бір техникалық өзгерістер  енгізілмейді.

Бұйымның типтік  құрылымы – өңдеу  және барлық бұйымның құрылымдық параметрлерінің  белгілеуінен тұрады.  Сан салалы типтердің   және  бір типті өлшемді бұйымдардың бөлігін және бөлшектерін ғана  қорытындылап қоймай, сонымен қатар ғылымның жетістіктерін және  техниканың дамуын есепке   алады.

Технологиялық типтендіру  процесі – зерттеу және техникалық үдерістерді белгілеу, бір типті бөлшекутерді өндіру, жинақтау және топтастыру. Техникалық  типтендіруде  мына  жұмыстарды  орындау керек.  Бұйымдарды және  олардың бөлігінің типтік өкілдерін құру; ол бөлшектерге сәйкес көптеген белгілерге ие болу.  Біздің мемлекетімізде  техникалық типтендіру жақсы дамыған.

Стандарттаудың әдістері.

Стандарттау категориясы. Мемлекеттік   стандарт жүйесі  шеңбер тәріздес мынадай санаттардан  тұрады:  Мемлекеттік (МЕМСТ),  салалы (ССТ), республикалық (РСТ) және кәсіпорын (бірлестік) стандарты (КСТ). Сан салада  әрекет етуде  барлық  кәсіпорындар, ұйымдар  мен  мекемелерге  мемлекеттік стандартты  қолдану – міндетті.  Кәсіпорын стандарты белгілі бір  кәсіпорында  ғана іске асады және ол бекітілген стандарт сол кәсіпорынның  белгісі  болады.

Мемлекеттік стандарттар мемлекеттік  аттестациядан  өткен бүтін және  бөлшек  өнімге,  оның ішінде  экспорттық тауарларға қойылатын  талаптарды құрауы тиіс.  Ал мемлекеттік  стандарттың  объектілері  деп сыналарды айтуға болады: жалпы  техникалық және әдістемелік ережелер  мен нормалар (тиісті берілістің  дәлдік нормасы, ауытқу және қондыру, бұранданың өлшемінің ауытқуы, үлесті сандар, т.б.) экспорттағы  бұйымның  дәлдік нормасын қолданудағы  жалпы  талаптар көрсеткіші,  физикалық  шаманың  бірліктері, мемлекеттік өлшеу құралдарындағы  сынақтар,  өлшеуде  орын алған  қателіктер т.б.

Салалы  стандарт. Салалы  стандарттың  объектісі  машина, жабдық, құрылғы және басқа  бұйымдар, олардың  бөлшектері  мен бөліктері, сондай-ақ, сол салада қолданылатын арнаулы  технологиялық  құрал-саймандар,  шикізат, жанармай, жартыфабрикат және т.б. болып келеді.

Республикалық  стандарт.  Одақтық, республикалық және  қарамағындағы кәсіпорын шығаратын өнімге қойылатын талаптарды  бекітеді.  Республикалық  стандарттың объектісіне шикізат,  материалдар, жанармай және  республика  кәсіпорындарындағы  пайдалы  қазбалар  мен олардың  қолданылуы  жатады.

Кәсіпорын  (бірлестік) стандарты белгілі  бір  кәсіпорында ғана қолданылатын нормаларға, ережеге, әдістерге, бұйымның  бөлігіне және басқа да  объектілерге бекітіледі.  Кәсіпорын стандарты өнеркәсіптң  барлық  саласына ерекше  әсер  етеді.

Объектілеріне байланысты  стандарттар былай  бөлінеді:  техникалық  шарттар,  жалпы  техникалық талаптар, параметрлер, типтер, маркасы, типті  технологиялық  үрдістер, т.б.

Стандарттау  жұмысын  жобалау мемлекеттік  жобалау  жүйесінің  құрамдас  бөлігі болып табылады. Стандарттау жобасы  жаңа  және  алдыңғы  пайдаланып жүрген стандарттың барлық категориясы, ғылыми-зерттеу, тәжірибелі құрылымдық жұмыстарын және  стандартты құру жұмыстарын қамтиды. Стандарттау  жоспарының орындалуын  мемлекеттік стандарт  бақылайды.

 

Стандартты  құру  әдісінің  негізгі ережесі.

Мемлекеттік  стандарт жүйесі стандарттауды  құрудың  алты сатысын құрайды.

  1. Стандартты құру ұйымы  және  техникалық  тапсырманы құру;
  1. Жобалау  стандартын  құру және оны пікірлерге жіберу;
  2. Пікірлердің  қорытындысы және стандарттың  соңғы жобасын зерттеу;
  3. Стандартты бекітіп, көрсетуге  дайындау;
  4. Стандартты тіркеу, қарастыру және бекіту;
  5. Стандарттың басылымы.

Жоғары сапалы  және тиімді  стандарттың  орындалуы  тек міндетті түрде  принциптері  орындалғанда ғана  болады.

  1. Жүйелі принципі. Бұл элементтердің   өзара   байланысының  функциясы қойған  мақсаттардың ең  жоғары  талаптардың  жиынтығы.  Бұл принципті машина стандартында, құрылғыда, аспаптарда және басқа  бұйымның  жиынтық өндірісінде қолданады.
  2. Прогрессивті және оңтайландыру принципі. Бұл принцип ең төмен деңгейдегі  шығыннан  барынша  көп экономикалық нәтижеге  қол жеткізілуі.  Бұл мақсаттың дамуы жүйелі  стандартқа негізделген әдістің  озық  болуына әсер етеді.
  3. Стандарттаудың функционалды принципі. Бұл  принцип кешенді стандарттауда, бұйымның   стандартталуында басты нысана  болып табылады.
  4. Стандарттаудың өзара  байланыс принципі.  Көп мөлшердегі  жалпы техникалық және  халықаралық  саладағы  стандарттауда олардың өзара  байланысы қажет.  Сонымен қатар терминдер мен анықтамалар саласында  да  байланыс болуы  керек.
  5. Стандарттаудың ғылыми-зерттеу принципі. Тек қана практикалық тәжірибенің кең  қолданылуын ғана  қарастырмай, сонымен бірге олардың  арнайы теориялық, сараптамалық және тәжірибе жұмыстарын  ұйымдастырды талап етеді. Осы принцип барлық стандарттарға жатады.
  6. Үйлесімділік принципі. Бұл принципке сәйкес стандарттау мәнінің (мысалы, үш) бірнеше қатарын құрады, себебі бірінші қатарды таңдағанда екіншіге, екіншісі үшіншіге үйлесімді болу үшін керек. Осы  принцип бойынша бұранданың  бұралуы және диаметрдің  өлшемдері, нормаға  сай бұрышы ауытқу және қондыру стандарттары  құрылған.
  7. Материал шығының принципі. Машина құру материалының және жартылай фабрикат құны жалпы өзіндік құнның 40-80% -ын құрайды.  Сондықтан  материалдың үйлесті  шығының өнімнің бірлік шығынына түсіруджің халық шаруашылығында үлкен маңызы бар.

Стандарттың  патенттік жиілігі, экспортқа  шығарылатын көптеген стандарт агрегаты машинада, аспаптарда және  құрылғыларда кең  қолданылады.  Бәсекеге  қабілеттілікті қамтамасыз ету  үшін бұйымның әлемдік деңгейдегі сапасы ғана емес, сонымен бірге өндіруі мен өнеркәсіптік үлгілерін бұзбауы қажет.  Бұл патенттелген стандартты объектінің иесі белгілі бір уақыт арасында қолдануға құқығы  бар.  Осы құқықтарды бұзғандарға айыппұл салынады және қамауға алынады. Сондықтан стандарттың өкілі патентті қолдану ісінде абай болғаны абзал. Осы талаптар техникалық әдістерге жатады.

Стандартты қайта қарау және жаңартулар енгізу.  Мемлекеттік  стандарт стандарттың құрылу мерзімін және олардың  әрекет ету уақытын бекітеді.  Шығарылатын өнім осы стандарт нормаларына, көрсеткішіне,  таратылу аумақтарына байланысты талаптарға сәйкес  келсе, стандартты кәсіпорынға енгізеді.

Стандартқа жаңартулар енгізу, оны бақылау мен техникалық шарттың  орындалуын мемлекеттік стандарт жүзеге  асырады. Тек қана стандарттауды қатаң сақтағанда ғана  стандарттау күткен нәтижесін береді. Сондықтан стандарттар заң  күшіне ие және оның орындалуы тек қана үгіт-насихат болса, стандарттың талабына сәйкес келмейтін жаңдайда стандарт жобасын қайта қарастыру қажет.

Халықаралық  стандарттау туралы қысқаша түсінік.

Отандық стандарттарды құрғанда стандарттаудағы халықаралық ұйымның  ұсынысын есте ұстау керек. Стандарттау аумағындағы ең ірі  халықаралық ұйым – U60-ның негізгі мақсаты – оның жарғысында айтылғандай, «бүкіл әлемде стандарттаудың  дамуына қолайлы жағдай туғызу үшін интеллектуалды, ғылыми-техникалық және  экономикалық қызмет аумағында халықаралық тауар алмасуы мен өзара  келісімдерді жеңілдету».

Қазіргі уақытта U60 құрамына 70 мемлекет кіреді. Метрология саласында 1875 жылы құрылған Халықаралақ мөлшер және салмақ ұйымы бар.  Бұл  ұйымның  комитеті халықарақ бірлік жүйесін  зерттеу арқылы  құрылды, бұл конвенцияға біріккен барлық  мемлекетке қолайлы ұйым болып саналд.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері. М.Рахымжанова
  2. Основы стандартизации, допуски, посадки, и технические  измерения. Н.С.Козловский, А.Н.Виноградов
  3. Сборник задач по допускам и техническим измерениям. Б.С,Зинин, Б.Н.Ройтенберг.
  4. Лабораторно-практические работы по предмету «Допуски и технические измерения». Г.М.Ганевский
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *