Газ бөлу механизмінің техникалық күтімі мен жөндеуі


Баубеков Усербай Беганович Шымкент аграрлық колледжінің 

арнайы пәндер оқытушысы

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасы халық шаруашылығының дамуы, оның  экономикалық қуаттылығының нығаюы  маңызды саланың  бірі – ол аул шаруашылығынсыз мүмкін емес.Азық-түліктің халыққа қажеттілігінің әрдайым  өсуіне байланысты, аул шаруашылығы, тек қана оның материалды-техникалық базасын нығайту, механикаландыру,электрлендіру,өндірістік процестерді автоматтандыру және машина- трактор паркін жетілдіру мен өсіру арқылы қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда аул шаруашылық техниканың сан алуан түрлері бар:  жоғры қуатты машиналарымен қатар мини техникаларда шығарылуда.

Қазіргі заманда техникамыз  дамыған, сонымен қатар ол өте күрделі,  сондықтанда   оларды жоғарыэффективті  пайдалану үшін  және техникалық қызмет көрсету және жөндеуге арналған қуатты база болуы тиіс.

Бүгінгі күні әлемдік өндіріс жылына миллиондаған техника шығарып келеді.Олардың айырмашылығы мен ерекшеліктері қозғалтқышты,тежеуіш жүйесін,трансмиссия жұмыстарын реттеу,басқаруды электрлендіру мен автоматтандыру болып табылады.

Зауыт конструкторлары басқару жүйесін тежеуішті күшейту,көру аймағын жақсарту,кабинаны желдету жүйелерін жақсарту,оператордың орындығын жетік қондырғылармен ыңғайластыру,басқару автоматикасын қолдану және басқа қосымша жақсартулар арқылы механизатор еңбегін жеңілдетіп келеді. Дегенмен,жаңа техниканы құрылымдық жақсарту оны күрделендіре түсіп,жаңа аспаптар мен автоматиканы қолдануды және қосымша әр түрлі қондырғыларды пайдалануды қажет етеді.

Машиналар сапасын,олардың сенімділігін,бұзылмайтындығын және тиімділігін арттыру техникалық прогрестің негізгі бағытына жатады және олардың өзара ауыстырмалылығын қамтамасыз етуді талап етеді.

Техника агрегаттарының құрылысы мен оларды пайдалану ережелерін жақсы білгенде ғана халық шаруашылық өндіріс еңбеккерлері алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай шешуге болады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдалынатын механизмдерге техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың да маңызы арта түспек.

Техниканы пайдаланудың тиімділігі көптеген жағдайда техникалық сервистің дамуына,оның ішінде ауылшаруашылық тауар өндірушілердің сүранысының зерттелуіне;пайдаланушылар мен жөндеушілер кадрларының біліктілігі мен оқытуына; жөндеу-технологиялық құрал-жабдықтарымен және қосалқы бөлшектермен,айырбас материалдарымен қамтамасыз етілуіме,олардың сапасымен тікелей байланысты.

  1.      Клапанның акауын анықтау және жөндеу әдістері.

Клапанның  жиі ақауланатыны: ол, тозуы,тарелкенің

жұмысшы       ұштамасында қаяулардың   пайда болуы және

күйуі.Сонымен қатар клапан сырығының ұшы мен  беттерінің тозуы.

Клапан сырығының ұшы мен  беттерінің тозуын шарықтау арқылы

жөндейді.

Шарықтау алдында сырықтың түзулігін тексереді.Тексеру индикатор арқылы тексеру сайманында жасалады.(сурет      ).Тексеру кезінде қисықтығы  0,05мм дейін болуы тиіс.Шарықтау ОПР-823 (СШК-3) болмаса   Р-108 арнайы станокта жасайды. Қайрау бұрышы -45  еңгізу клапандарында: А-01; А-41; ЯМЗ-238НБ; ЗИЛ-130 – 60  . Қайрау тасының айналу   шапшаңдығы 6500айн./мин. ал қысу патрондікі – 160айн/мин.

Қайрақ тастың ұнтақтылығы 40-25,қаттылығы СМ1 және СМ2.                                   Клапанның тарелкесінің жұмысшы  ұштамасындағы цилиндрлік   беті      қайраудан кейін таза сызықсыз қаяусыз болу керек және цилиндрлік    бетінің биіктігі -0,5мм. кем болмауы тиіс.Сонымен қатар сырыққа         қатынасты ұруы  0,05мм.артық болмау керек.Клапанның тозған сырығын   кішірейтілген өлшемге қайрауға,болаттауға болмаса хромдауға болады.   Сырықтың сопақтығы мен үшкілдігі (конустығы) 0,02мм.артық болмау   керек.

  1. Серіппенің ақауы және оны жөндеу әдістері.

Қозғалтқыштың жұмыс істеуіне байланысты клапан серіппелері өзінің серіппелігін жоғалтады және отырады.

Клапан   серіппелерінің серіппелігін анықтау үшін әмбебаб аспапты қолданамыз.(     Сурет).Басу құрылғысымен серіппені техникалық жағдайда белгіленгендей берілген ұзындыққа дейін қысып бекітеді де, аспаптың теңгерімі мен ілмелі салмақтың көмегі арқылы аспаптың тараз механизмін теңестіріп, серіппенің қысылу күшін анықтап, оны техникалық жағдайда берілген көрсеткіштермен салыстырады.таблица-1.

Егерде техникалық жағдайдағы көрсеткіштерге сай болмаса, онда оны  домалатпа (накатка)  арқылы қалпына келтіреді.Станокқа орнатылған білікке серіппені кигізіп бір жағын бекітіп қояды.Домалатуды қысымы 2,0-4,0кН, қадамы 14-16мм,шпинделдің айналу шапшаңдығы 80-100айн/мин.тең болған кезде жүргізеді.Өту саны 2-3. Серіппені термикалық бекіту әдісімен қалпына келтіру кезінде аспаптың қысатын қондырғыларымен серіппенің екі үшынан қысып берілген өлшемге дейін созып оның бойымен электр тоғын өткізеді.Серіппе 400-450 С дейін қызғаннан кейін (қызғанын уақытқа және серіппенің үстіндегі майдың булануына қарап айтуға болады),оны қысатын қондырғыдан босатып ауада суытады.

3.Күйінте және өстерінің ақауларын жөндеу.

Күйінте өстерінің төлкемен жанасатын сыртқы беті тозады.Оны вибродоғалық балқылау және қалыпты өлшемге келтіріп жону арқылы жөндейді.Балқылау үшін болаттан жасалңан У7,У8, болмаса 60,65 сымдарды қолданады.

Өстерді болаттау арқылы да қалпына келтіруге болады.                        Клапан күйінтенің жиі кездесетін ақаулары ол: шаппаның тозуы, төлкенің ішкі диаметрінің тозуы,күйінтедегі төлкенің отыруының олқылануы және реттеу бұраманың оймасының тозуы.Егерде шаппаның бетінің тозуы аз болса,онда оны радиусын сақтай отырып қолмен сыдыру-ажарлау станогында шарықтап қалпына келтіреді. Егерде тозу тереңдігі 2-3мм. болатын болса онда оны балқылайды және ажарлайды. Ажарлау кезінде шаппаның цилиндрлік беті төлке тесігінің өсіне паралель болуы тиіс.Паралельдігін шаблонмен тексереді.(    Сурет).

Реттеу бұраманың оймасының тозуын күйінтенің аяқжағын ыстық кезінде жанжағынан отырғызады,кондуктор арқылы тесік тесіп қалыпты өлшемдегі ойма ойады.Ішкі беті тозған төлкені ауыстырады.

  1. Клапан түрткіштері және түрткіштер төлкелері.

Түрткіштерде сырықтың беті мен тарелке тозады. Сырықты жоғары көміртекті болаттан жасалған сымдарды қолдана отырып вибродоғалық балқылау арқылы, болмаса металл ұнтақтармен қақтау арқылы қалпына келтіреді.Балқылау болмаса ерітіп жабыстырудан кейін түрткіш сырығын домалақ ажарлауыш станогында ажарлайды. Сонымен қатар, түрткіш сырығының бетін электрикалық өсіру (болаттау,хромдау)арқылы да қалпына келтіруге болады.

Түрткіш  тарелкесінің жұмысшы беті шамалы тозатын болса (0,3мм дейін) онда оны тозған іздері кеткенше ажарлайды.Егерде көп тозатын болса,онда тарелкені Т-590 электроды арқылы электродоғалық балқылау әдісімен пісіреді болмаса газды жалын арқылы шойынмен.  Сырық жұмсарып кетпес үшін, түрткішті, тарелкені балқылау кезінде бұлаудың ішіне ағын суға салып қояды (тарелке судың үстінде болуы тиіс). Балқыланған тарелкелерді берілген биіктікке дейін ажарлайды.

  1. Таратқыш білігінің ақаулары және оны жөндеу әдістері.

Таратқыш білік ақауларына мыналар жатады:      жұдырықшаларының,тірек      мойыншаларының, тісті доңғалақтар орнының  тозуы және майысуы.

Тірек мойыншаларының тозуы 0,1мм-ден асса,онда оларды жөндеулік өлшемдерге келтіріп ажарлайды.Ажарлауды шеңберлі ажарлау станоктарында түйіршіктігі 46…60 электрокоррундтан жасалынған және қаттылығы СМ абразивті ажарлағыштармен жүргізіледі. Өңдегеннен кейін бетінің бұдырлығы Ra = 0.63мкм.артық болмауы керек.

Өңделген мойыншаның сопақтығы және конустығы 0,03мм аспауы керек Тозық жіберімді шамасынан жоғары болғанда тірек мойыншаларды балқылайды,және қалыпты өлшемге келтіріп ажарлайды. Мойыншаларды қалпына келтіру кезінде кейде хромдау,темірлеу, метал ұнтақтармен қақтау және басқа тәсілдер қолданылуы мүмкін.Қосылыстарды жөндеу өлшемдеріне келтіру брысында ішкі диаметрлері кішірейтілген төлкені тірек мойыншасының орнына блокқа керіліспен отырғызады. Одан кейін қырнау станогында кескіштері бар борштанганы пайдаланып, осы төлкелерді ажарланған тірек мойыншаларының қлшемдеріне келтіріп қырнау жүргізеді.Таратқыш біліктің жұдырықщалары тозуы бір қалыпты емес.Жұдырықша кескінінің жұмыстық сопақ бөлігі тозуға ұшырайды. Тозуда жұдырықшалар биіктігінің кемуі клапанның көтерілуі биіктігіне және оның уақыт-қимасына әсерін тигізеді, бүл мотордың қуатын және үнемділігін төмендетеді. Таратқыш біліктін жұдырықшалары арнайы көшірме-ажарлау станоктарында ажарланады.

ҚОРЫТЫНДЫ.

Әдістемелік жұмысты қорытындылай келе ауыл шаруашылығында жөндеу-техникалық қызмет көрсету базасында оның құрылымын,бағдарламасын керекті жұмысшыларын ,жұмыс орындарын, құрал-жабдықтар сандарын есептеу және тағы басқа жұмыстарды жүргізу үшін техник-механик мамандардың санын ғана емес,сапасын арттыруға кәзіргі кезде айрықша көңіл бөлінуде.Сондықтан,болашақ орта буын мамандардың кәсіби шеберліктеріне сай дайындау өте қажет.

Машинаны пайдаланудың тиімділігі көптеген жағдайда техникалық сервистің дамуына,оның ішінде ауылшаруашылық тауар өндірушілердің сұранысының зерттелуіне; пайдаланушылар мен жөндеушілер кадрларының біліктілігі мен оларды сапалы дайындауына да байланысты.

Техниканы ұдайы жаңаруы механизатордың еңбек сипатын түбегейлі өзгертетінін,сонымен бірге оның жан-жақты білімді болуын,жоғарғы шеберлігін талап етеді.осыған орай,жаңашыл оқытушылардың оқыту-методикалық әдістерін инновациялық тәсілдерін сабақ барысында кең пайдалана білуі керек.Сондықтан,колледж оқу орындарындағы инженер-педагогтарын, арнайы пән  оқытушыларының кәсіптік-әдістемелік даярлықтарын, олардың мамандыққа деген көзқарастарының сапасын көтеру,

теориялық және әдістемелік білімдерін арттыру, шеберліктерін жетілдіру кәзіргі заманымыздың өзекті мәселерінің бірі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1) Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Ульман И.Е: және т.б. Машиналардың техникалық күтімі және жөндеуі. М.Агропромиздат, 1989ж.
  2. Зуев И.М., Сорокин Э.П., Шпаро А.В. Мал шаруашылығындағы машиналарды жөндеу, монтаж және пайдалану. М.Агропромиздат, 1989ж.
  3. Лауш П.В. Машиналардың техникалық күтімі және жөндеуі бойынша практикум. М.Агропромиздат, 1985ж.

4.Левицкий И.С., Смелов А.П.,Мамедов А.М.,Воробьев В.Н. Машина жөндеуден практикум.М. Колос,1974ж.

2) Қосымша әдебиеттер тізімі

  1. Андреев П.А. «Мал шаруашылығындағы машиналар мен жабдықтардың техникалық күтімі. М.Россельхозиздат, 1980ж.
  2. Бабусенко С.М. Тракторлар мен автомобилдерді жөндеу. М.Агропромиздат, 1987ж.
  3. Бельских В.И. Тракторларды диагностикалау және техникалық күтім бойынша анықтамалар. Россельхозиздат, 1986ж.
  4. Жуков М.П. Ауыл шаруашылық техникаларын пайдалану, жөндеу  және сақтау бойынша анықтамалар. М.Россельхозиздат, 1987ж.
  5. Сельцер А.А. Тракторлардың ақауларын анықтау және қалпына келтіру. М.Агропромиздат, 1987ж.

6.Жүнісбеков П.Ж. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет.А.Фолиант,2010ж.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *