«Тәуелсіздік таңы»


Мақсотова Алтынай Аманбайқызы Атырау қаласының № 4 облыстық мектеп-интернатының оқушысы.

6 « в» сынып жетекшісі Ундаганова Гүлназ Алпысбайқызы

Өзің жайлы жазылар-ау мың дастан,

Қасиетті , қасіретті желтоқсан.

Рухы биік еліміздің жастары,

« Тәуелсіздік таңы» үшін айқасқан.

Желтоқсанды айтып өту парызым,

Сайрап жатыр тарихымда әр ізің.

Дүр сілкінтіп қазақ халқын танытты,

Сыпырып ап бұғауланған қамыттты.

« Отаным» деп жалындаған жастары,

Намыс кернеп, азат шеру бастады.

Қазағымның мақтанышы ұл-қызы,

Ел намысын бір оятып тастады.

Сол жастардың қаныменен қол жеткен,

Тәуелсіздік қымбат едің сен неткен?

Осы күнді армандаған боздақтар,

Қайрат, Ләззат, Ербол өтті өмірден.

Тағзым етіп  басымды мен иемін,

Арыстарым, аруларым, киелім!

Әрбір айтқан сөздеріңді үлгі етіп,

Сағынышпен еске алып жүр елің!

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *