«Қазақстаным бұл менің!»


Мұхтасаров Аманғали Қанатқалиұлы Атырау қаласының № 4 облыстық мектеп-интернатының оқушысы.  жетекшісі Ундаганова Гүлназ Алпысбайқызы 6 « в» сынып жетекшісі

«Жауына табынбаған ,

От болып жалындаған…»

Азаттық қоныс қылған,

Елінде бақыт тұнған.

Қыраны еркін самғап,

Аспанда қалықтаған.

Желбіреп жалаулары,

Иені жоқ даласында

Әнұраны шарықтаған.

Бәріне құшақ ашып,

Ешкімді жатсынбаған.

Көңілі ашық қашанда,

Бар елмен туыс болған.

Дұшпаны тұрса күліп,

Қиып түсер қылыш болған,

Дәстүрін ұмытпаған,

Ұлыларын ұлықтаған.

«Көздерінде от ойнар»

Ұлдары батыр кілең..

Қисынынан сөз табар

Өр халқы ақын кілең.

Осындай бар ма ел десе,

Ойланбастан айтар ем

Қазақстаным бұл менің!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *