Абайдың он бірінші,он бесінші қара сөзі

                                                              Солтүстік Қазақстан облысы,   Петропавл,

№20 орта мектептің қазақ тілі

                                                              мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

                                                              Абишева Жанна Аманжолқызы 

Презентацияны көру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Абайдың жас ұрпаққа өмір сүруді үйрету туралы нақыл сөздерін салыстыра отырып,қара сөздерінің мәнін аша білуге үйрету,оқушының өзіндік пікірінің қалыптасуына ықпал жасау.

Дамытушылық:Есту қабілетін,тілін дамыту,ұлттық ойлау заңдылықтарын танып меңгерту,жан-жақты дамыған тұлға ретінде танылуға жетелеу.

Тәрбиелік:Оқушылардың бірін-бірі бағалауы,адамгершілік-имандылық тәлім-тәрбиесінің тарихи-мәдени негіздерін қалыптастыру ,ұрпақтар жалғасуындағы жақсылықты үйренуге, жамандықтан жиренуге тәрбиелеу.

Сабақтың құралы мен көрнекілігі:слайд-презентация,коллаж,аудио үн таспа,Абайдың қара сөздері

Сабақтың түрі,типі:дәстүрлі сабақ

Әдісі:дамыта оқыту (сұрақ,жауап,талдау-тарату,жинақтау)

Пәнаралық байланыс: тарих,философия

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру

а)Психологиялық тренин

(оқушылар жасыл,сары,көк түсті қағаздарды өздері таңдап алады.Сабақтың соңында әр түстің қандай көңіл-күйді білдіретінін атап өтіледі)

ә)Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.

    Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз,қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма  Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.

  

 

Н.Ә.Назарбаев

Абай қара сөздері-оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына.Ұлы ойшыл қара сөздерінде «артқа алаң болмай»алға ілгері басуды арман етті.Қазақтардың тарихи бетін дұрыс жолға бұрды.Ол өмірдегі құбылыстарды жіті қабылдап,өмірдің мездеріне жирене қарады,оқырманын солардан безіндірді.Абай атамыз өз заманында ел билеп,болыс болды.Елбасымыздың кемеңгерлігінің, саясатының арқасында еліміз биік шыңдардан көрініп келеді. «Абайды тану арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз»-,деп оны бойтұмар ретінде медеу тұтады.

 

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

харакет” (араб)-        әрекет,іс, жұмыс

“ғибрат”  (араб)-өнеге,үлгі, сабақ

Мына сөздердің мағынасын ашыңдар:

1.Малды болса,әкесін жаулауды да ұят көрмейді екен.

2.”Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады”

3.Бұлардың жас баладан несі артық?

4.”Құр көзбен көрген біздің хайуан малдан неміз артық”

5.Ой толғау «Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

                        Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.»

     

ІІІ. «Қазаққа қара сөзге дес бермеген»

а)аудио үн таспадан тыңдатып,мазмұнын меңгерту

ә)Әр топтан бір-бір оқушы шығып мазмұндайды)

Түсіндірме сөздікпен жұмыс

«Дерт» кесел,сырқат,ауру

«Ахирет» өлген кісіні орап қоятын ақ мата

«Ауқатты» дәулетті,бай

   «Зерттеймін мен зерделеймін әр ойды»

(Мәтін мазмұны бойынша коллаж жасау)

-Коллаж мәтін мазмұнына сай болу керек.

-эстетикалық үлгіде жасау

ІV «Абайды оқығанмен қара сөзін,сол кезде пайда болған маған сезім»

(Бүгінгі күнмен байланыстыру.)

-Сызба,кесте түрінде келтіру

-Мақал-мәтелдер,нақыл сөздер қолдануға болады.

  1. Қорытынды

Сонымен, ұлы кемеңгер, ойшыл Абай ақынның сөздері халқы үшін, халқының пайдасы үшін жазылған мол мұра боп, кейінгі ұрпағына адасқанда жол сілтер, шөліркесе сусын болар мәңгі өлмес, өміршең дүниелер боп, ұрпақтан- ұрпаққа жалғасып келеді.

Ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» деп, кейінгілерге қалдырған өнегелі сөзінің өзінен көп сырды аңғаруға болады.

Абай шығармаларын оқып, қажетімізге жаратсақ, ол біздің ақын рухына деген құрметіміз болмақ.

Біз сабақтың басында әр түрлі түсті қағаздарды таңдап алған болатынбыз .Енді әр түстің негізгі ұғымдарын түсінейік.Алда Тәуелсіз мемлекетіміздің қасиетті төл мерекесі келе жатыр.Сол себептен мына көк қағазымызға осы отырған қонақтарға,өзімізе және барша халқымызға тілегімізді білдірейік.

ҮІ. Үй тапсырмасы:а)«Он бірінші ,он бесінші сөзі»   (Әдеби                           теориясы бойынша талдау

ә)10 мақал-мәтел жазып,жаттап келу

б)Шығармашылық жұмыс

Он бірінші қара сөзі :Анттың,адалдықтың,ұяттың бір тоқтаусыз кеткені ме?…

Он бесінші қара сөзі: Өзіңе-өзің есеп бересің бе?…

 

VІІ.Бағалау

Leave a Reply

Your email address will not be published.