Табиғат – менің өз үйім

Исмаил Нурлыбек Науырзым  ауданы білім бөлімінің “Мереке орта мектебі” 4 сынып оқушысы. Жетекшісі Заитова Жумакул  Калибековна бастауыш сынып мұғалімі

Таразы басында екі қымбат нәрсе бірі табиғат, бірі адам. Бірі жеңіл тартса таразы аударылады, демек адам мен табиғат егіз ұғым.

Адамсыз табиғат, табиғатсыз адам өмір сүре алмайды. Өйткені адам баласы табиғатта тіршілік етеді. Аяулы табиғатсыз осы ғаламда өмір сүру, тіршілік ету мүмкін емес. Қазіргі таңда табиғаттың ластануы үлкен мәселе болып отыр. Барлық дүние жүзінде қорғау шаралары қарастырылуда. Табиғат бiзден үлкен көмек күтуде.

Табиғаттың зардаптарын болдырмау үшін және  табиғатты қорғау үшін мен не істеуім керек? Міне, осы сұрағыма жауап тапқан сияқтымын.  Күнделікті өмірде  автокөліктерден шыққан улы газ, өнеркәсіптік құбырлардан шыққан химиялық улы қалдықтардан табиғатты  қорғауға менің шамам келмес. Ал, өзім шомылатын  Тобыл өзеніне қоқыс тастамасам, басқаларға тастатпасам бұл менің суды қорғағаным. Көктемде құстар келіп жатқан сәтте бұзақы балалар рогаткамен құсты атып жатуы жиі кездеседі. Осындай сәтте мен оған жол бермесем, міне бұл менің өз үлесімді қосқаным емес пе? Өйткені  құстар аз болғандықтан “Қызыл кітапқа” кіргізіліп жатыр. Өз үйімнің ауласынан бастап, көшеде өсіп тұрған гүлдерді таптатпау менің қолымнан келеді. Сондықтан  әрдайым гүлдерге қамқор болып жүремін. Мен “Қызыл кітапты” дүниетану пәнінен білемін. Оған азайып бара жатқан аң – құстар, өсімдіктер енеді екен. Ендеше, мен қорғап жүрген құстардың сол құстардың бірі болуы әбден мүмкін. Олай болса, табиғатты қорғауға өз әлімше үлес қосқаным, табиғатты қорғау деп білемін. Өйткені Жер – ана табиғат менің өз үйім. Менің отбасым табиғатқа қамқор болса, қоғамның табиғатқа тазалығы артады, қоғам таза болса, мемлекетіміз гүлдене түсетіні анық. Менің мерейлі мақсатым, табиғатқа араша түсу, қорғау демекпін.

Leave a Reply

Your email address will not be published.