ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДЕП ЖӘНЕ ШЕБЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫ МЕҢГЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ


Бекбердиева Тойгул Элевсановна Ақтау колледжінің оқутышысы

      Оқушылармен қарым-қатнас тұрғысынан педагогикалық әдеп мұғалімнің идеалдық сенімін, жүріс-тұрыс  мәдениетінің, жалпы және арнаулы білімінің, мамандығына байланысты ізденіс жемістері қордың жиынтығы іспетті. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагок болмақ жоқ. Педагогтың әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен жасалмайды, ол мұғалім ізденісінің нәтиежесі, ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Педагогикалық әдеп мөлшеріне темпераменті мен мінез-құлқына т.б ерекшеліктеріне байланысты. Педагогикалық әдеп әр мұғалімнің дара қасиеті.

Кейбір мұғалімдердің оқушыларға біріңғай әдіс-тәсілдермен ықпал әсер етуі тәп-тәуір нәтиже берсе, екінші бір мұғалімдерде оның керісінше болатын жайыттары жоқ емес.

Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің бірі. Байқағыш мұғалім шәкіртінің ішкі әлеміне терең үңіліп, көңіл-күйін қабағынан танып әр қайсысының мінез-құлық ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір оқушының тілін табуға, әрбір оқушының оның сезімдерімен ойларына өз сезіміндей қуанып, қабылдануына мүмкіндік береді. Байқағыш мұғалім сабақ үстінде оқушыдардың қайсысы тапсырманы орындағанын, қайсысы орындаған жоқ және жаңа материалды қайсысы құлықпен тыңдап, қайсысы құлықсыз тыңдап отыр-бәрін қалт жібермейді. Мұндай мұғалімдер ықтиярсыз көндіру тәсіліне көп жүгінбей- ақ та сыныптың оқушысын өзіне тарта біледі жәңе олардың өз-өздерін еркін ұстап, іштей ашуларына ықпал етеді. Оқушыларды қадағалау барысында мұғалім олардың жекеленген сұрақтарға қайтарған ауызша, жазбаша жауаптарын, олармен өткізілген арнайы әңгіменің қорытындыларын пайдалана алады.

Ілтипаттылық. Әдетте, оқушылар өте жақсы көретін мұғалімдері өздеріне дауыс көтеріп сөйлегенде көңілдеріне ауыр алып қалады. Дауыс көтеру жазықсыз жазғыру, әділ қойылмаған баға ғана емес, мұғалімдерді көзге ілмей, өтініштерін құлықсыз, жүрдім-бардым тыңдаса да, ең болмағанда қастарына жақындап жай-жапсар білмесе де олардың көңілдеріне келеді.

Мұғімге қажетті бір басты сипат – ұстаздық қиял. Бұл оқушылардың даму жайын, болашағын болжау қажет. Баланың өткен өмірі жайлы мен қазіргі жағдайын терең білген оқутушыға ғана оқушының келешекте қандай адам болып шығатыны топшылай алады. А.С Макаренко адамның келешегін болжау дейтін принцип ұсынған еді. Егер оқытушы, өзін оқушы орнына қойып келешегіне көз жіберіп барлай алмаса, ол «қиын» баланы қайта тәрбиелемек түгіл тәрбиелі оқушының өзіне де дұрыс жолға сала алмас еді. Логикалық оймен қиысқан творчестволық қиял ғана ұстаздық таланттқа тән оқушының тапқыштығы қалыптасады.

Мұғалім тұлғасына қойылатын негізгі талаптар. Білім беру  мен ғылым қызметкерлерінің үшінші сьезінде мұғалімнің қазіргі ролі беделі атап көрсетіледі.

Мұғалім – ерекше тұлға. Өйткені ол – балалармен үлкендер әлемінің арасындағы сарапшы. Сондай-ақ, ол баланың психологиялық құпияларын жетік біле отырып білім береді, оны адам болуға үйретеді. Мұғалім еңбегін өзінің мәнділігі бойынша ешқандай өзге еңбекпен салыстыруға болмайды, өйткені ол еңбектің нәтижесі – адам. Ең білгір , ең жауапты, ең негізгі болып табылатын сол мұғалімге отбасы мен қоғам ең қымбаттысын өз елінің  азаматтарының тағдырын оның болашағын табыс еткен.

Мұғалімдік қызмет әрбір оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауап беретіндігі мен сипатталады. Бүгінгі мұғалім еңбегінің нәтижелері қандай болса, біздің ертеңгі қоғамымыз дәл сондай болмақ. Әрбір адам мен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді дәл осындай қызметті көзге елестету қиын.

Мұғалімдерді қандай болса, қоғамы да сондай деген бұлжымас заңдылық ерте уақыттарының өзінде-ақ белгілі болады. Азамат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекеттер  ғана алға озып шыққан. Мұғалімнің рөлін төмендету қашанда болмасын мемлекетті аздырып, әдет-ғұрыптарды нашарлататын қынжыларлық жағдайлармен аяқтарып отырған. Мәслен, В.А Сластенин қабілеттердің мынадай негізгі топтарын бөліп көрсеткен:

  1. Ұйымдастырушылық. Мұғалімнің оқушыларды топтастыра алуы оларды іске араластыру, міндеттерін бөліп беру, жұмысты жоспарлау, атқарылған істің қорытындысын шығару және тағы басқа біліктеріне байланысты.
  2. Дидактикалық. Оқу материалын көрнекілік, құрал- жабдықтарды іріктеу және дайындау, оқу материалын ұғынықты, анық, мәнерлі, сенімді және бірізділікпен баяндау танымдылық қызығушылықтармен рухани қажеттіліктердің дамуын ынталандыру, оқу- танымдық белсенділігін арттыру және т.б.
  3. Рецептивтік. Тәрбиеленушілердің рухани әлеміне ене алу, олардың эмоциалдық көңіл күйін- обьективті бағалау, психика ерекшеліктерін анықтау біліктерінде көрініс береді.
  4. Коммуникатьивтік. Мұғалімнің оқушылармен олардың ата-аналарымен, әріптестерімен, оқу орындарының жетекшілерінің педагогикалық мақсатқа сәскес қарым-қатнастар орната алу біліктіліген байқалады.
  5. Суггестивтік. Оқушыларға эмоционалды – еріктік ықпал жасаудан көрінеді.
  6. Зерттеушілік. Педагогикалық ситуациалармен процестерді танып білу және обьективті бағалау білігінен көрініс береді.
  7. Ғылым-танымдылық. Мұғалімнің педагогика, психология, әдістеме салаларындағы жаңа ғылыми білімдерді меңгеру қабілеттілігіне саяды.

Мұғалімдер арасында жүргізілген толып жатқан сауалнамалар нәтелері бойынша жетекші педагогикалық қабілеттерге педагогикалық қырыгылықты жатқызуға болады, ал дидактикалық, ұйымдастырушылық, экспрессивтілік басқалары қосалқы, көмекші топқа санала алады. Педагокикалық қабілеттерді (талант, икемділік, биімділік) педагогикалық алғы шартты деп есептеуге тура келеді, алайда олар тіпті де шешуші кәсіби сапа емес. Қаншама тамаша биімділіктерге ие болған мұғалімділікке кондидаттар педагок ретінде өздерін көрсете алады, ал бастапқыда қабілеті кем қанша студерттер шынығып педагогикалық шеберліктің шыңына көтерілді. Мұғалім – ол қашанда ұлы еңбеккер.

Гуманизм – бұл мұғалім үшін міндетті сапа, яғни өсіп жетіліп келе жатқан адамға жер бетіндегі жоғары құндылық ретінде қарым-қатнас жасау, бұл қарым-қатнасты ол нақты істермен қылықтарында көрсетіледі.

Мұғалім мамандағына тұлғалық сапалар кәсіби сапалардан ажыратылмайды. Кәсіби сапалар арнайы білімдер, біліктер, ойлау жолдарын әрекет әдістерін игерумен байланысты.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қызықты психология\ республикалық ғылыми-практикалық танымдылық-психологиялық журнал\\ №1,2014 2-8 бб, 15-16 бб.

2.Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: Оқулық- Алматы:  Заң әдебиеті, 2006-228 бет

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *