ҚАЗІРГІ ПЕДАГОГИКАДАҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ АЛАТЫН ОРНЫ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ


Танбаева Мадина Абдуллаевна Ақтау колледжінің әдіскері

«Адамға  ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне апат әкеледі» – деп ұлы шығыс ғалымы, ғұлама  –  философ әбу Насыр әл – Фараби бекерден айтпаған болса керек.

Тәрбие  – күрделі әрі ұзақ процесс. Оған белгілі бір дәрежеде білім, тәжірибе, шеберлік қажет. Ондай болмаған жағдайда тәрбие саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізу қиындыққа түседі. Сондықтан  да біз тәрбиені шығармашылық жұмыстарының жемісі деп білеміз.

Тәрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:

– әлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тәжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.

– педагогикалық мағынада – бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс – әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.

Тәрбие қоғамдық талаптарға сәйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тәрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық – әрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге әлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да әсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.

Қазіргі заман тәрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның әлеуметтік – мәдени (өмір және әрекет – қылық кейпін таңдау және іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкершілікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тәрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау және психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл – күйге сәйкестігімен (көңіл – күй тәжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тәжірибесін құрастыру үшін), жағдайға қарай орындалуымен (негізгі құралы – тәрбиелік жағдай), болашақта бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.

«Жас бала – жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді» – дейді халқымыз. Жерге отырғызған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп, жапырағы жайқалып, саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп, үзбей тәрбиелеуді керек етеді.

Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез – құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым – қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру құралы.

Тәрбиелеу – халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту (Әл – Фараби).

«Тәрбие – біз кімдерді тәрбиелейміз, солардың жүрегіне ықпал ету… Тәрбие – бізге мәлім адамгершілік әдет – ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп, бір адамның екінші адамға ықпал етуі»(Л.Н.Толстой).

«Тәрбие – кең мағынасында – бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс» (В.А.Сухомлинский).

«Тәрбие, кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәмл жасқа толып, өзіне – өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М.Жұмабаев).

«Тәрбие – бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар» (Иммануил Кант).

«Тәрбие – тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процесі» (Х.Й.Лийметса).

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік – жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Тәрбие  – көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу, қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті, отбасы, мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты. Дегенмен де ата – аналар мен жұртшылық әрекетін қадағалап, бағыт – бағдар беріп, олардың бала тәрбиесіндегі жұмыстарын бірыңғай бағытта ұйымдастырып отыратын ол – ұстаздар тобы. Оның орталығы – мектеп

Құқықтың тәрбие беру баланың жеке тұлғасын қалыптастырып, олардың бойына жоғары идеялык пен қоғамдық меншікке қатынасты көзқарасты дарытудың асыл міндеттерін атқарады. Мемлекетіміз жастарға құқықтың тәрбие беру ісіне үнемі маңыз беріп келеді. Қазақстан заңдарына терең құрмет сезімін қалыптастыру, оларды сөзсіз сақтау және орындау -ұзақ уақыт тәрбие жұмысын жүргізудің жемісі. Көбіне құқықтық сананың төмендегі, материалдық және рухани игіліктердің не екенін жөнді түсінбеушілік қоғамға жат қылықтарды туғызады. Сондықтан да әр оқушының санасына құқықтық нормаларды жеткізу, жеткізіп қана өоймай оның күнделікті мінез-құлық нормасына айналдыру үшін күресу құқықтық тәрбиенің             міндеті           болып табылады.

Құқықтың тәрбие негізі отбасынан басталады. Қоғамдағы тәртіпсіздік пен қылмыстың көзі – маскүнемдік. Азғындықтың құзына итермелейтін жағдайлардың алғышарты осыдан басталады. Мектеп жасындағы жастар арасында бұл теріс құбылыстың орын алып отырғаны жасырын емес.
Оқушылардың тәртіп бұзуының бір жағы отбасында жатыр. Бізде отбасы әр қилы: маскүнемдікпен күн өткізетін, ұрыс -керістен көз ашпайтын, басқалардың, мемлекеттің есебінен арам жолға барып қалғысы келетін отбасылары бар. Осындай отбасында өскен баланың оқуға, еңбекке қалай қарайтыны өз-өзінен түсінікті емес пе? Мұндай отбасында тербиеленген бала қылмыс жасауға бір табан жақын тұрады. Арамтамақтық өмірді жақсы көреді,         өзімшіл           болады.
Оқушылар арасында құқықтық тәртіпті бұзушылықтың алдын-алу үшін жүргізілетін       шаралар:
–  тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайды  жою;
– оқушының тәрбиесін, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру;
–           оқу,еңбек       іс-әрекетін     тиімді            ұйымдастыру;
– отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту, сөз, баспа-сөз бостандығы мәселелері жөнінде тәрбиелік             іс-шараларды откізу.

Құқықтың тәрбиенің бір үшы жыныстық тәрбиеге де байламысты екені даусыз. Көңілі сүйген адамына үйлену, отбасы құрау, бала сүю және оны бағып-қағуға қамқорлық, айырылысқан жағдайда балаларға жәрдем көрсету – бәрі де жастардың жете түсінуін, ұғынуын қажет ететін заңдар мен міндеттер. Қазіргі студент – ертеңгі маман, өндіріс жетекшісі, басшы. Демек, кәсіптік оқу орнын тәмамдаған оған кәсіби мамандықпен қатар құқықтың тәрбие де ете керек. Педагогика мен тәрбиенің халықтық ұстанымын ғылыми тұжырымдаған орыс педагогы К.Д.Ушинскийдің: “өмірде де, ғылымда да барлық халықтарға бірдей тура келетін тәрбие жүйесі жоқ. Әр халықтың ұлттық тәрбие жүйесі әр-түрлі. Өз еліне басқа елдің тәрбие жүйесін енгізу мүмкін емес, себебі халықтардың өмір сүру моделі де, тәлім-тәрбие моделі де әр басқа” дегенін қайда қоймақпыз.

Ауыл жастарының арасында құқықтық тәрбие жұмысын ұйымдастыруда олқылықтар бар. Жастар арасындағы насихат пен құқықтың тәрбие мәселесі жөнінде жоғары ұйымдары таранынан белгіленген шаралар жүзеге асырылып, қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру қажет.
Мектептер жаңа компьютерлермен жабдықталған, құқықтық тәрбие де өз жүйесін тапқандай. Мәдени шаралар жүргізуге арналған саз, құрал-жабдықтары     бар.

Құқықтың тәрбие тура жолмен жүруге үйрететін әділеттілік әдістеріне сүйенеді. Адам мұндай жағдайда өзінің ар-ұятына жүгінеді.Оқушы өзінің айналасындағы адамдарды, әлеуметтік игіліктерді қате бағалауы мүмкін. Мұның өзі оның көбіне көп құқықтың тәрбиені бұзуына әкеліп соқтырады.
Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан – 2030” стратегиялық бағдарламасында Отан қорғау мен оның қауіпсіздігіне ерекше мөн бергені мәлім. Қарулы күштерінің бір тармағы ретінде ішкі әскердің де іргетасы қаланды. Ішкі әскер барлық қазақстандықтардың, қарапайым азаматтардың мүддесін қорғаушы – құқықтың тәртіп әскері. Бұл мектеп, отбасы және қоғам жұртшылығының құқықтық тәрбие жұмысын жүргізудегі басты бағытының бірі – оқушылар арасында заң тәртібін бұзушылықтың алдын алу шараларын жүргізуге кең жол          ашып отыр.

Құқықтың мәселелерді сөз ету, оны тыңдаушысына жеткізіп бере білу аса қиын өнер. Бүған тек қана білімді болу жеткіліксіз, сонымен бірге тәжірибелі, көпті көрген, адамдардық жүрегіне барар кілтті таба білер тәрбиеші          болу    маңызды.

Оқушылардың мектептегі өмірі тұлғаның азаматтық қалыптасуының шешуші кезеңі болып табылады. Осыжылдары адамгершілігі, дүниетінымы, сенімдері, ұжымшылдығы, тәртіптілігі, өзіне және басқаға талап қоюы, адалдығы мен шыншылдығы, қайырымдылығы мен ұстамдылығы, жігерлілігі мен             батылдығы    қалыптасады.

Бұлардың мазмұнына мемлекет заңдары және қоғамда өмір сүру ерекшеліктерін құрметтеу, қоғам заңдылықтарын бұзуға төзімсіздік, қоғамдьщ тәртілті сақтау да енеді. Құқықтық мәдениет          екі             тұрғыдан       қаралады:
1. Құқықтық мәселелер, құқықтық қатынастар, құқықтық мекемелер әрекетін оқушының           білуі.
2.  Тұлғаның педагогикалық және психологиялық мәнінің құқықтық санаға әсері.

Адамның құқықтың мәдениеті күрделі. Әңгіме адам, оның санасы, мінез-құлқы, жүріс-тұрысы туралы                       болғанда,       көптеген сұрақтар туындайды.
Құқықтық қоғам демократиялық принциптерге сүйене отырып, әр адамның шығармашылық күштерін, ниетін, ойын, сезімі, ұмтылысын толық және еркін жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Демократияны жетілдіру мемлекеттік және қоғамдық өмірдің құқықтық негізін бекітуге тікелей тәуелді. Мемлекет және қоғпм өмірінің құқықтық негізін бекіту процесі төмендегідей маңызды шараларды жүзеге асыруды қажет         етеді.
–           заңдылықтарды        үздіксіз          жетілдіру;
–           заңның           орындалуын  бекіту;
– қоғамдық тәртіп орнатуға әрбір азаматтың қатынасуы. Бұдан заңдылық пен құқықтық тәртіптің бекітілуіне қамқорлық тікелей мемлекет мойынында болу  қажеттігі       шығады.

Адамның жалпы мәдениеті мен оның құқықтық мәдениетінің арасында тығыз байланыс бар. Сондықтан да құқықтық тәрбиені адамгершілік тәрбиесі теориясының        құрамды         бөлігі ретінде            қарастырамыз.

Құқық қоғам мен қоғамның өрбір мүшесінің бүкіл өмірін қамтып жатады. Құқықтық мәдениеті төмен дамыған адам тек заңның өрескел бұзылған жағдайында ғана оған зейін аударады да, құқықтық талаптарды мойындамаған көп      жағдайларды             байқамайды.
Заңды білмеу — құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен қүтқармайды. Бұл жерде оқушы заң және құқықтық мәдениет ұғымын шатастырмау керек. Құқықтық мәдениет оқушыдан жан-жақты    құқықтық      білімдерді      талап             етеді.

Адамның құқықтық мәдениеті — күрделі психологиялық құбылыс. Бұл құбылыс қоғамның, мемлекеттің көптеген маңызды салаларында көрінеді. Ең бастысы адамгершілікті адам тұлғасының сапалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал жасайтын тәрбие құралдарының бірі – орынды тәртіп және мінез-құлық тәрбиесінің жоғары деңгейінде болуы.
Сонымен адамның құқықтық мәдениеті дегеніміз – орынды тәртіп пен мінез-құлық, жан-жақты құқықтың білімдерімен заңды құрметтеу, құқықты қорғау іс-әрекетінің терең бірлігі.

Құқықтың мәдениеттің осы екі деңгейіне көтерілген, яғни құқықтың білімді меңгерген, заңды құрметтейтін адам заңға қайшы келетін әрекеттерден аулаң болады. Тек қана заңға сәйкес жүру дағдысы пайда болады. Мұны заңға мойынсүнушы-лық дейді. Бұл деңгейлік сатыда ішкі қозғаушы күш — адамның үяты, ар-ожданы. Ұят, ар-ождан және сенімдер адамның мәдениеті тек қана заңға мойынсұну емес, заңды қорғау үшін тұрақты белсенді әрекетке қатысуға дайын тұру.

Қазіргі кезеңде қоғамның бірте-бірте демократиялық дамуы жалпы білім беретін орта мектептерде мектеп басшыларынан, мұғалімдерден құқықтық тәрбиені зор шеберлікпен, шығармашылықпен іске асыруды талап етеді.

Құқықтың тәрбиені заман талаптарына сай жүргізу үшін ең алдымен сынып жетекшілерінің және мектептердің озат тәжірибесін терең зерттеп, нәтижесін оқу және тәрбие жұмыстарында ұтымды, жинақты етіп пайдаланып, оңтайлы формалар, әдістер мен тәсілдерді іздестіру қажет.
Құқықтық лекциялар, видеолар ұйымдастыру. Мақсаты  -жеткіншектер мен жасөспірімдерді еліміздің заңдарына және халқына құрмет сезімін тәрбиелеу, құқықтық біліммен қаруландыру, оны насихаттау.
Лекциялардың жоспары жасалып, онда лекциялар тақырыптары көрсетіледі.

Видеолар  – әр түрлі жастағы балалар үшін ұйымдастырылады. Оқушыларға жас ерекшеліктеріне байланысты түрлі көркемдік, хроникалық-құжаттық, ғылыми фильмдер, кино-фильмдер көрсетуге болады.
Жасөспірімдердің заң тану мектептері. Мұндай мектептерді жастар сарайы, жалпы білім беретін орта мектептердің жанынан ұйымдастыруға болады. Негізгі мақсат – жас түлектерді құқық және еңбек, азаматтық және заңдары жайлы біліммен қаруландыру. Мектептердегі құқықтық тәрбиенің басқа формалары: құқықтық білім факультативтері, дәріс, баяндама, әңгіме, пікір-талас, олимпиада, кештер, сайыстар, т.б.

Тәрбиенің жалпы әдістері негізінде құқықтың тәрбие әдістері үш топқа бөлінеді:

  • Сөздік ақпараттық әдістері: дәріс, әңгіме, әңгімелесу, өнеге, түсіндіру, дәлелдеу, насихаттау,             бекерге           шығару. Бұл әдістің тиімділігі нақты материалды оқушыларға түсінікті тілде мазмұндай     білуге            байланысты.
  • Ұқтыру, машықтандыру әдістері: үйрету, тапсырма, жаттықтыру, талап. Бұл әдістер оқушылардың іс-әрекеттері мотивтерінің қалыптасуына мүмкіндік туғызады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Әбенбаев С. «Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы – Дарын, 2004ж.
  2. Кукушин В.С. Теория и методика воспитательной работы: Учебное пособие. – Ростов н\Д: Издательский центр «МарТ», 2002ж.
  3. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы: Мектеп, 1987ж.
  4. Әмірәлиева Ш. Аға ұрпақ тәжірибесі жастарға. – Алматы, 1982ж.
  5. Айтмамбетова Б.Р. Тәрбие процесінің мәні және мазмұны. Тәрбие принциптері (5-лекция). – Алматы, 1991ж.
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *