Занятия по музыкальной литературе «А.К.Глазунов. Өмірі мен шығармашылығы. «Раймонда» балеті» Направление Художественно-эстетическое направление


Жибек Садуова, Ақтөбе қаласы

 ГККП “№1 Балалар музыка мектебі”

музыкалық теория пәндерінің оқытушысы

Сабақтың мақсаты: А.К.Глазуновтың өмірбаяны  және «Раймонда» балетімен таныстыра отырып, шығарманың музыкалық идеяларын ұғынуға үйрету.  Шығарманың ерекшелік пен оның құрамында жататын бөлемдерінің айырмашылығын меңгерту, салыстыру, талдау,ой қорытындысын жасауды игерту. Музыка тындауға,тындай отырып оны саналы түрде қабылдауға баулу. Жазу түсінігін жеткізу арқылы сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Сабақ  барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2. Жаңа білімді хабарлау

1.Оқытушы сөзі: бүгінгі сабақта орыс композиторы А.К.Глазунов туралы және оның «Раймонда» балетімен танысамыз.

Алдымен , Глазунов туралы айтып кетейін: XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында орыс музыка мәдениетіндегі соңғы өкілдердің бірі – композитор Александр Константинович Глазунов болды.

Алғашқы кезеңдегі музыкалық стилі «құдретті топтың» дәстүрінің арқысында қалыптасты. Ұстаздары Балакирев және Римский – Корсаковтан басқа маңызды орын алған Бородиннің шығармашылығы.

Глазуновтың шығармашылық мұрасы кең, ауқымды. Композитор операдан басқа өзге барлық жанрларда қалам тартты.

Глазуновтың шығармашылығындағы маңызды орын алатын аспаптық музыка, бәрінен бұрын – симфониялық.

Ол сегіз симфониямен қатар оркестрге арнап жазған көптеген шығармалары бар. Сонымен қатар көрікті  шығармаларының маңыздысы – 3 балеті, оның ішінде ерекшесі – «Раймонда» балеті.

А.К.Глазуновтың  «Раймонда» балетінің сюжеті

7 қаңтарда 1898 жылы Петербургтегі Мариин театрында «Раймонда» балеті үлкен жетістікпен қойылды. Композитор Глазуновпен бірге бұл туындыны даңқты хореграф М.М.Петипа 1896-1899 жылдар аралығында жазған.                                                                                                                                 Балеттің басты сюжеті Франция еліндегі сол заманның шайқасқа шыққан әскерлердің әрекеті.

Мәтінмен жұмыс

а) Мәтінмен жұмыс. Глазуновтың өмірбаяны мен «Раймонда» балетімен танысу.

Алдыңызға берілген мәтінмен танысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады.

Ой толғаныс

б) мәтінмен жұмыс аяқталған кезде қорытуға арналған сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Сұрақ жауап арқылы пысықтау.

ББУ (білем,білгім келеді, үйрендім) стратегиясы бойынша плакатпен жұмыс.

в) видеотаспадан «Раймонда » балетіндегі «Үлкен адажионың» үзіндісін тамашалау.

Қорытынды

г) «Раймонда» балетінің үзіндісін тамашалап отырып, балет ұғымының не екенін түсіндіріп беріңіз. Енді  ассоциация стратегиясын қолдана отырып, балет ұғымы не екенін дәлелдейік.

балет

– Сахналық өнердің бір түрі

-Ой мен жан құбылысын қозғалыс, дене  қимылымен көрсетеді                               — – Мазмұны муз.-хореогр. образдар арқылы ашылатын спектакль.

Бағалау:сабаққа белсене қатысымдарына, дайындықтарына қарай бағалау

Үйге тапсырма:бүгінгі тақырып бойынша қосымша оқулықтарды қолдана отырып лекция дәптерге толықтырып, шағын әнгіме құрастырып келу.

 

 

 

Метки: ,

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *