Заманауи педагогикалық технологиялар


Қостанай обл Қостанай ауд Затобол кенті Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп – гимназиясы Директордың оқу ісі жөнінен орынбасары Калиева Эльмира Абдикадыровна

Жастардың сапалы білім, саналы тәлім-тәрбие алып, саламатты болып өсуі – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі.

Мақсат – айқын, міндет – біреу: ел еңсесін еселеу жолында аянбай еңбек етіп, білімнің алтын қазығын игеру. Олай болса, Елбасының мығым әрі мықты, сындарлы да салиқалы саясатын қолдай отыра, ел игілігі үшін бар күш-жігеріміз бен білімімізді сала бермекпіз.

«Өнердің, білімнің кілтін тапқан ғана озады» дегендей бүгінгі таңның талабы таудай болып тұрған заманда талмай еңбек етіп, сауатты да мәдениетті, қажырлы да қайратты, ізденімпаз болсаң ғана  «білекті бірді, ал білімді мыңды жығады» деген ата – бабаларымыздың ұлағатты сөзінің кемелденгенінің айқын көрінісі.

Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың «Халық пен халыкты, адам мен адамды теңестіретін – білім» деген нақыл сөзін өсиет ете отыра алға карай ұмтылуымыздан басқа алда жол жок екені айдан анық. Біз үшін «ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» тіршілік жасау жат қылық болуы тиіс. Біздің қоғамда адал еңбекті терең біліммен ұштастырған ғана табысқа жете алатынын есімізден шығармағанымыз абзал. Бұл – заман талабы. Себебі, еліміздің өз тәуелсіздігіне қол жеткізіп, саяси-әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан шақта сапалы білім беріп, жан-жақты, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар адамгершілігі жоғары, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу мұғалімдердің алдында тұрған негізгі міндет. Осы орайда, Елбасы Н.Назарбаевтың:

«… Бізге бұрынғы қай кездегіден де білім мен ғылымның баға жеткіліксіз қорын барынша арттыру, оны қазіргі заманға сай ету қажет» – деген сөзі егеменді елімізде білім мәселесіне мемлекет тарапынан қаншалықты көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді.  Үстіміздегі ғасыр – жеке тұлғаны қалыптастыру, ізгілендіру, дамыту ғасыры. Балалар күннен –күнге қолжетімділігі артып келе жатқан анағұрлым кең коммуникациялық үдерістерге тиімді және ойдағыдай қатысуға мүмкіндік беретін сыни тұрғыдан ойлау мен зерттеу дағдыларын дамытуы керек (Wolfe and Alexander, 2008). Сондықтан сабақтарды жаңа технологиялар арқылы оқыту ісі күннен-күнге өзекті болып келеді.

“Джигсо”, “Дана үкі”, “ББҮ”, «Диалогтік оқыту», «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» стратегияларымен қоса, “Миға шабуыл”, “Қос жазба күнделік”, “Үш қадамдық сұхбат”, “Ат пен атқосшы” әдістерін, суммативті бағалауға жету жолындағы формативті бағалаудың түрлерін, қызығушылық, белсенділік танымын арттыруда түрлі тренингтер мен топтастыру жолдарын үнемі пайдаланамын. Бұл әдістер оқушының бойында өзіндік көзқарасының, танымының деңгейін көрсетіп, одан әрі ынталандыру, көшбасшылық қабілетін дамытып, бағыттау нәтижесінде шығармашылығын арттырып, дүниетанымын кеңейтуге көп ықпал етеді деп білемін. Заманауи технологиялардың өзектілеріне тоқталар болсам, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулі жайлы өз тәжірибеммен бөліскім келеді. Алдымен осы модуль төңірегінде ой өрбітсем. Оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, өз ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысанан ойлауға үйренеді («Бастауыш мектеп» 8-9, 2007, 12-бет). Осы идеяларды іске асыратын болсақ, менің ойымша, бұл әдіс шәкірттерге де, оқытушыларға да үлкен жауапкершілікті сезіндіріп, оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға, олардың тиімділігін арттыруға көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Сабақ жоспарларын құру барысында алдымен осылай талдау жүргізіп алуды жөн көремін.

Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті (Мұғалімге арналған нұсқаулық, 39-бет). Бұл ойды синтездеу кезінде қолданған оқушыларды жаңа мазмұн тудыруға итермелейтін, шығармашылық жанрда жазған эсселері арқылы қорытуға болады. Жинақтау үшін қолданылатын INSERT әдісі – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс екенін білеміз. Сондықтан да оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездесетінін де көріп, біліп жүрміз. Ал осы әдісті қолдану барысында  оқушылар білетіндерін анықтап, білмейтіндерін талдап сұрауға дағдыланады. Қойылған мақсаттарға жету жолында оқушылар түрлі әдістер арқылы ұмтылыстар жасай біледі.  Ұйымдастыру кезеңінде қолданылатын «Өрмекшінің торы» тренингі арқылы үй тапсырмасын бекіту кезінде «оқушылар нақты мақсатты көздеген, көбірек білетін қайраткер жандармен әлеуметтік қарым-қатынас нәтижесінде ойлау және сөйлеу дағдыларын дамытады» (МАН, 28-бет) деген Выготскийдің пікіріне сүйене отырып, балалардың қызығушылығын арттыруға болады.

Міне, бұл технологияда оқушы өз топшылауын, өз пайымын еркін білдіреді, өзіндік дәлелдер келтіреді, басқалардың ой түйіндерін сынайды, өз пікірін, өз тоқтамын жасайды. Бұл әдіс шәкірттерге де, ұстаздарға да үлкен жауапкершілікті жүктейді. Оқыту әдістерін жетілдіруге, дамытуға олардың тиімділігін арттыруға көмектеседі. Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Сын тұрғысынан ойлау – бұл кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, талдау, әртүрлі стратегиялар арқылы өзінің ойлау негіздерін сыни тұрғыда дамыту. Жаңа технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық айтуға, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауға үйренеді. Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;  олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (МАН, 54-бет). Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болады. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан – жақты шәкірт тәрбиелей алады.

Осы тұстан әлеуметтік ортаның тұлғаның дамуына ерекше ықпал ететінін байқауға болады. Л. С. Выготскийдің  «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…» деген пікірін «Диалогтік оқыту» технологиясы мен элементтерінің негізінде -ақ, жазған эсселерінің өзінде күрделілікке ұмтылып, қызығушылық танытқандығынан байқадым.  Оқушылардың жазба дағдыларын ауызекі сөйлеу қабілеттерімен ұштастыруда тақырып көлемінде ой қозғау, «Көршіңмен ақылдас», «Мен айтамын, сен тыңда» әдістері оқушылар арасында сенім қалыптастырып, ЖАДА орнатуға себеп болады. Сұрақ қоюдың технологияларын қолдана отырып, білім алуына қолдау жасау үшін мәтін бойынша түрткі сұрақтар қоя білу шеберлігі, «Джигсо» стратегиялары маңызды роль алады. Ал қалай оқу керектігіне үйрету жолында кластэр, Венн диаграммасы, суреттерді топтастыру, 5 жол өлең әдіс- тәсілдері мұғалім үшін технологиялар қоржынын толықтырады. Бұрынғы қалыптасып қалған дәстүрлі сабақтан жаңашылдыққа көшу кезінде байқалатын оқушы жауабының ұзақтығы, өзіндік «мен» болмауы, логикалық сыни ойлауының төмендігі, сөздік қорларының аздығы сияқты кедергілерді толыққанды жауап алу, пікірлерге көзқарас білдіру, ынтымақтастық орнату, кеңес алу арқылы шешу жолдарын қарастыруға болады. Нәтижесінде сөйлеу мәдениеттері қалыптасып, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сыйластық пайда болады.

Оқыту мен оқу үрдісінде түрлі технологияларды қолдану тиімді екеніне көзім жеткенннен кейін, сабақ барысында орын алған қателіктерді жою мақсатында әлі де жаңа тәсілдерді игеру керектігін өзіме мақсат етудемін.  Тәуелсіз елдің тірегі – білімді ұрпақ, өркениет біткеннің өзегі – білім, ғылым, тәрбие дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, ал мектептің тірегі де, жүрегі де, білімнің тұтқасы да – мұғалім. Қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға тәрбиелеу үшін заман ағымына сай білім беру мазмұнын жаңаша құру қажет.

Басшылыққа ала отырып құрылған мақсаттарым сыни тұрғыдан ойлауды дамыту жолдарында оқушылардың астарлы мағынаны ашуда, интерпретация жасау, иллюстрация жасау, рефлексия көрсетуде өз пікірінің құндылығын байқап, сыни ойын ортада ашық білдіретін, бәсекелестікке қабілетті болып, бірлескен топтық жұмыстарда, өздігінен оқудың тәсілдерінде өзін жеке тұлға ретінде танып –біліп, біреудің бірегейі екенін көрсете біледі деп сенемін. Сол себепті мұғалім өз білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педагогикалық технологияны меңгеруі т

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *