Тиімді оқыту мен оқу


Қостанай обл Қостанай ауд Затобол кенті Н.Наушабаев атындағы Затобол мектеп – гимназиясы Байзакова Гульжанат Дандибековна Бастауыш сынып мұғалімі

 Қазіргі таңда мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиесін арттыру мен жетілдіру барысында «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасына біртіндеп көшіп, білім саласына жаңалық енгізілуде.  Аталмыш бағдарламада орта білім беру жүйесін әлемдік жоғары деңгейге жеткізетін әдіс-тәсілдер берілген. Осы бағдарламаны ұсынған ғалымдардың зерттеулері бойынша, оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап ету керек деген.

Тиімді оқыту мен оқу бағдарламасының теориялық негізімен таныса отырып, білім беру үрдісіндегі қазіргі таңдағы оқу барысында жеті модулдің бір-бірімен ықпалдастыра құрған сабақтардың жүйелі, нәтижелі болатыны жаңалық болды. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері – жеті модульдерін мұғалімдер тәжірибесінде қолдану арқылы оның артықшылықтарына көз жеткізді. Осыған байланысты оқу процесінде жеті модульге қатысты туындаған жаңалықтарды жақсы деңгейді қабылдап, тиімді пайдалана білу керек.

Бағдарламадан мұғалімге арналған нұсқаулық кітабынан көптеген ғалымдардың еңбегін қарастыра отырып, олардың қажетті тұстарына тоқталып кететін болсақ, сабақ барысында ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру «құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» (Мерсер, 2005) деген пікірінде, оқушылар өздерінің бірлескен жұмыс істеу барысында өз білімін топтағы балалармен бөлісуге дайын болады. Мәтінмен жұмыс істеу барысында «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісін пайдаландым. Бұл әдіс диалогтік оқыту арқылы жүзеге асырады. Оқушыларға шығармашылық тапсырмаларды орындатуда да Мерсердің зерттеуіне сүйенген жөн. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың білім алуының ажырамас бөлшегі болып табылатындығын дәлелдеп, әңгімелесудің 3 түрін құрастырды. Осы диалогтік әңгімені дамыту арқылы оқушылардың бірлескен сұхбат тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне идеяларын дәлелденуіне, оқушылардың қандай деңгейде екендігін анықтауға мүмкіндік берді.

Заман талабына сай білім саласында оқыту мен оқу тәжірибелерінде үлкен өзгерістер болуда.  Атап айтатын болсақ, кез келген мұғалім ең алдымен дәстүрлі түрінде өткізу стилінен арылып, оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана отырып, тиімді оқыту жүйесінде жеті модульді ықпалдастыра, жұмыс жасауға дағдылануы қажет. Бұл бағдарламамен жұмыс жасауға кез-келген мұғалім  міндетті болып саналады. Себебі, келешек ұрапағымызды өзіндік дәлдерін жеткізе білетін, ынталы, сенімді, белсенді, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері жоғары, өз көзқарастарын айта алатын тұлға етіп қалыптастыру міндеттелген.

Жалпы, «Тиімді оқыту мен оқу» бағдарламасы бойынша өткізілген сабақтарда оқушылардың сабақты қалай оқу керектігін үйренуді меңгере отырып дағдыланды. Яғни метатанымдары пайда болады. Өздері ой қорытып, нәтижеге жетуге ұмтылады. Топтық жұмыс арқылы оқушы мен оқушы арасында, жұптық жұмысты пайдалану арқылы мақсатқа қол жеткізе алады. Сыныпта сабақ барысында көп өзгерістерді байқауға болады. Оқушылар өз ойларын Блум таксономиясы негізінде құрылған сұрақтарға толық жауап бере отырп, жаңа сабақты өз беттерімен тез меңгере алады. Сабақтағы  үнсіз  оқушылар сөйлеп, сабаққа қатысып отыратынын да байқауға болады.

Әр педагог  сабақтарында тиімді оқытудың  түрлі  әдіс-тәсілдерін қолдану  арқылы  жеті модульдің  тиімді жақтарын анықтай алады. Осы оқыту бағдарламасында көптеген ғалымдардың еңбектерін өз  тәжірибесінде пайдалана отырып, байқауға блады. Атап айтар болсам, әйгілі психолог Л.Выготскийдің «Әлеуметтік-мәдени теориядағы маңызды ұғым –жақын арадағы даму аймағы. Бұл теория негізінен оқушының өз бетінше  шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтықты шешуге негізделген  теориясы.

Өткізілген сабақтарда жақсы нәтижеге жету үшін, алдымен сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында «құрдастар тобындағы өзара қарым-қатынас оқуда маңызды рөл атқарады» (Мерсер, 2005) деген пікір ойдың шарықтау шегі екенін білдірді. Ал  диалог  арқылы сыни  тұрғыдан ойлауларын  дамыта отырып оқыту.

Жаңа технологиялардың арқасында оқушылардың белсенділігі артып, жан-жақты көріне білді. Сыни тұрғыдан ойлай алатын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады;  олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (МАН,54-бет). Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай сауатты, білімді оқушылар тәрбиелеуге болатынына көзім жетті. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Оқушылардың сапалы білім алуы мұғалімдердің білімділік және кәсіби шеберлігін қажет етеді. Үлгілі ұстаз ғана қабілетті, жан – жақты шәкірт тәрбиелей алады деген пайымға тоқтадым.

 

 

 

 

 

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *