Ашық сабақ әзірлемесі: “Қазақ әдеби тілінің белгілері”


Шариғат Айгерім “Инновациялық Еуразия университетінің Екібастұз” колледжі

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ әдеби тілінің белгілері»

Топ: ББ-116

Мерзімі: 26.12.16.

Пән: қазақ тілі

1.Білімділік: студенттерге әдеби тіл туралы түсінік беру, ауызша және жазбаша тілдің айырмашылығын ұғындыру.

2.Тәрбиелік: студенттерді адамгершілікке, ізгілікке баулу. Табиғатты, отанды сүюге тәрбиелеу.

3.Дамытушылық: студенттердің әдеби тіл туралы түсініктерін кеңейте отырып, сабақта қолданылған қосымша материалдар арқылы дүниетанымдарын кеңейту.

 

Білім беру бағдарламасы мен стандарттағы  жоспарланған құзіреттері:

Ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, жинақтай және қолдана білу. Алған білімдерді игеру, жобалау, құрастыру, зерттеу және шығармашылықпен қолдана білу тәсілдерін меңгеру. Әдеби тілді адамзат мәдениетінің бір бөлігі тұрғысында қарастыру.

Оқу нәтижелері

біледі: әдеби тіл белгілерін, тіл мәдениетін, сөз тазалығын.

меңгереді: әдеби тілдің стильдік тармақтары мен олардың айырым белгілерін.

дағды қалыптастырады:

шығармашылық сауаттылығын арттырады

құзіретті:

терминдерді үш тілде қолдана білуге дағдылану.

Тірек ұғымдар (студент білуі керек): стиль атауларын, талдау үлгісін.

Сабақтың түрі:   Жаңа білім

Сабақтың тәсілі: Еркін талқылау

Сабақтың оқыту әдісі. Топтық жүйе, сын тұрғысынан ойлау   технологиясы.

Сабақта қолданылатын стратегиялары: ой қозғау, постер құрастыру, топтасып оқу, топтасып талқылау, ой толғаныс, ой қорыту.

Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: Арнайы слайдтар, постер, маркерлер, магнит, тақта, деңгейлікпен құрылған тапсырмалар, кесте, бағалау парағы.

Пән аралық байланыс: Қазақ әдебиеті, тарих, ағылшын тілі

Сабақтың құрылымы:

Ұйымдастыру кезеңі – 2 минут

Топқа бөлу – 3 минут

2.  Үй жұмысын тексеру – 5 минут

3. Оқытушының кіріспе сөзі –  5 минут

Жаңа сабақты түсіндіру –  8 минут

Кітаби тілдің белгілеріне шолу жасау – 15 минут.

Миға шабуыл.  (ауызша сұрақтар), 2- минут

Мағынаны ажырату. (10 минут). (топтасып оқу, топтасып талдау стратегиясы)

Сергіту сәті «Қара жорға» 2- минут

Талдау жұмысы:  «морфологиялық талдау»  – 10 минут

Сабақты бекіту.  10-минут

Рефлексия, 2 минут

Үй тапсырмасын беру 2-минут

Кері байланыс – 2 -минут

Студенттердің білімін бағалау 2-минут

Сабақ барысы:

 

1. Ұйымдастыру кезеңі (5 минут)

1.1. Оқытушы журналды толтырып, студенттерді түгендейді. Студенттердің сыртқы көрінісіне,          аудиторияның тазалығына,  студенттердің сабаққа дайындығына көңіл аударады.

1.2.  Топқа бөліну үшін мақал-мәтелдер жазылған парақтарды алады. Мақал-мәтелдер арқылы 5 топқа бөлінеді. Саны бар мақал түскен студент бірден топ басшысы болып сайланады.

 

2.Үй тапсырмасын (5 минут) парақшада берілген сұрақтар арқылы тексеру. 10 сұрақ беріледі, жауап беріп болған соң, сағат тілі арқылы студенттер оқытушы берген дұрыс жауап арқылы бір-бірін тексереді. Бағалау парақшасында бір-бірін бағалайды.

Сұрақтар:

1) Қазақ тілінің әлемдік деңгейдегі өркениетте эстетикалық, дүниетанымдық, әлеуметтік қуаты, деңгейі қандай?

2)Жалпыхалықтық қазақ тілі даму, қалыптасу, қолданылуына қарай қандай үш түрге бөлінеді?

3)Қазақ әдеби тілінің қандай қызметтік (функционалдық), стильдік тармақтары бар?

4)Қазақ әдеби тілін жасаушы кім және оның қалыптасып, байып, сапалық дамуына үлес қосып, әсер ететін кімдер?

5) «Қоғам тілді дамытады, тіл қоғамдық сананың дамуына ықпал етеді » дегенді қалай түсінесіз?

6) Қазақ тілінің кемелденген тіл екенінің негізгі белгілері қандай?

7) Түркі тілдер тобына қандай тілдер жатады? Олардың қайсысы қазақ тіліне өте жақын болып келеді?

8) Түркі тілдерінің көбіне ортақ болып келетін аса маңызды тарихи жазба мұраларды қандай қандай дәуірлерге жүйелеп бөлуге болады? Ондағы негізгі шығармаларды атаңыз?

9) Араб жазуы қай кезеңде қолданылып, тілдік жүйемізге қалыптаса бастады? Тілімізге оның өзіндік әсері қандай болды?

10) Қазақтың ескі жазба тілі қай кезеңде қызмет етті?

Жауаптары:

1)Қазақ тілі-дәстүрлі, тұрақты, қатаң тілдік нормасы бар, стильдік тармақтары сараланған, жалпыхалықтық тілден ұлттық деңгейге көтерілген тіл.

2)Жалпыхалықтық қазақ тiлiнiң әдеби тiл‚ қарапайым сөйлеу тiлi‚ жергiлiктi сөйлеу тiлi (диалект) тәрiздi түрлерi бар. Жалпыхалықтық тiлдiң жергiлiктi сөйлеу тiлi‚ қарапайым сөйлеу тiлi тәрiздi түрлерiне қарағанда‚ әдеби тiл өзiнiң қырналып‚ екшелiп‚ сымбатталғанымен‚ тiл тұтынушылардың бәрiне ортақ нормаларының қалыптасқанымен‚ функционалдық стильдiк тармақтарының саралана түскенiмен ерекшеленедi. Жалпыхалықтық тiлдiң ең жоғары формасы болып табылатын қазақ әдеби тiлi қазақ халқының қоғамдық өмiрiнiң барлық саласында дерлiк қызмет етедi. Оның қоғамдық өмiрдiң бұқаралық ақпарат; көркем әдебиет; ғылым-бiлiм; ресми‚ құқық‚ саясат салаларында және тұрмыста қолданылатын стильдiк тармақтары бар.

3)Тіл мемлекетте жүргізілетін іс қағаздарының, әдебиеттің, оқу-ағарту, тәрбие жұмыстарының, саясаттың, өнер-білімнің, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық салаларында қызмет атқарады. Осыған орай тілдің түрлі стильдік тармақтары пайда болады. Қазіргі қазақ әдеби тілінің мынадай стильдік тармақтары бар:

1) ресми іс қағаздарының стилі;

2) публицистикалық стиль;

3) ғылыми-көпшілік әдебиет стилі;

4) көркем әдебиет стилі;

5) ауызекі сөйлеу тілінің стилі.

4)Қазақ әдеби тiлiн жасаушы – халықтың өзi. Әдеби тiлдiң қалыптасуы мен дамуына аса көрнектi сөз зергерлерi‚ мәдениет‚ ағарту‚ бiлiм мен ғылым‚ қоғам қайраткерлерi ерекше еңбек сiңiрiп‚ үлес қосты. Әдеби тiлдегi көркем сөз‚ даналық сөз‚ танымдық‚ тәрбиелiк сөз үлгiлерiн ұрпақтан ұрпаққа жеткiзiп отырды. Тiлдiк құралдарды саралап‚ талғап қолданудың үлгiсiн көрсете отырып‚ тiлдiң iшкi мүмкiндiктерiне сүйене келiп‚ өздерiнiң тыңнан жасаған бедерлi сөз өрнектерiмен әрдайым әдеби тiлдiң байып‚ сапалық дамуына әсер еттi. Сөйтiп, әдеби тiлдiң дәлдiк, өткiрлiк, байлық, икемдiлiк, серпiндiлiк тәрiздi iшкi қуатын шыңдай түстi.

5) Қоғамдық сананың айрықша саласы- өнер, өнердің жалпы адамзат мәдениетінен алатын орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқаратын қызметі орасан. Өнердің бірнешеу құралы- бояу, әншінің құралы- үн, бишінің құралы- қимыл болса, әдебиетшінің құралы- тіл. Демек, әдебиет- сөз өнері.

6) Грамматика жүйесіндегі сан, сапа, себеп-салдарлық, қатыстық, қимылдың өту сипаты т.б. мағыналардың болуы грамматикалық құрылымының дамығандығын көрсететін негізгі белгілер болып табылады.

7) Кейбір ғалымдардың пікірінше қазақ тілі 3 диалектіге бөлінеді: нағыз қазақ, ноғай, қарақалпақ. Қазақ тілі көне түрік тілдеріне жақын болып келеді.

8) алтай дәуірі; ғұн дәуірі; көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.Aтақты тюрколог С.Е. Малов түркі тілдерінің жазба ескерткіштерін зерттеп, олардың тарихын, бір-бірімен қарым-қатынасын, фонетикалық өзгерістерін салыстыра отырып түркі тілдерінің классификациясын жасаған. С.Е. Малов көбіне дыбыстардың өзгешелігін есепке ала отырып  4 топқа жіктейді: ең көне түркі тілдері, көне түркі тілдері , жаңа түркі тілдері, ең жаңа түркі тілдер .

9)Араб графикасына негізделген қазақ әліпбиін кезінде А.Байтұрсынов реттеп, тіл ерекшеліктеріне сай жетілдірді, ол 30-жылдарға дейін “төте жазу” деген атпен қолданылып келді. Бұл жазудың емлесі морфол. дәстүрлі шарттарға негізделген.

10)Қазақ әдеби тіл тарихын зерт­теу­шілер оны 3 кезеңге бөліп қарастырады. Оның алғашқы кезеңі – ХV ғасырдан ХІХ ғасырдың екінші жартысына дейінгі аралықты қамтиды.ІІ кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ХХ ғасырдың 30-жылдарына дейін мерзімді қамтыды.

3.Оқытушының кіріспе сөзі (5 минут)

Флипчартта дайындалған тапсырма арқылы сабақтың тақырыбына шығу.

Оқытушы бүгінгі өтілетін тақырыпты айтып, тақырыптың маңыздылығын түсіндіреді.

Қазақ әдеби тiлi – қоғамдық өмiрдiң әр алуан саласында қолданылатын, стильдiк тармақтары сараланған, мәдени жұртшылықтың бәрiне ортақ нормасы бар, ауызша және жазбаша түрде қызмет ететiн тiл. Қазақ әдеби тiлi қоғамдық өмiрдiң бiлiм мен ғылым саласында, құқықтық қатынас саласында, бұқаралық ақпарат саласында, әдебиет пен өнер саласында, тұрмыстық қарым-қатынас саласында қызмет етiп, тiлдiк ұжымның қарым-қатынас қажетiн өтейдi. Осымен байланысты қазақ әдеби тiлiнiң бес түрлi стильдiк тармақтары қалыптасып сараланған: бiлiм мен ғылым саласында – ғылыми стиль, құқықтық салада – ресми iс қағаздары стилi, қысқаша айтқанда, ресми стиль, әдебиет пен өнерде – көркем әдебиет стилi, бұқаралық ақпарат саласында – публицистикалық стиль, тұрмыстық қарым-қатынаста сөйлеу тiлi стилi.

Бүгінгі сабағымыздың  тақырыбы:  «Әдеби тілдің белгілері».

Мақсаты: әдеби тіл туралы түсінікті игеріп, ауызша және жазбаша тілдің    айырмашылығын ұғыну.

4.   Жаңа сабақты түсіндіру. (екі студент презентация қорғайды) (8 минут)

Сөйлеу тiлiнiң лексикалық ерекшелiктерi.

Сөйлеу тiлiнде күнделiктi тұрмыста қолданылатын қарапайым бейресми сөздер жиi ұшырасады, бейтарап сөздермен қатар диалектi сөздер, кейде тұрпайылау сөздер де кездесiп отырады. Оларды көркем әдебиетте жазушылар кейiпкердiң сөйлеу ерекшелiгi мен мiнезiн таныту, ашу үшiн т.б. стильдiк мақсатта әдейi пайдаланады. Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi. Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр – келiп отыр, боп па – болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Сөйлеу тiлiнiң фонетикалық-морфологиялық ерекшелiктерi.

Дыбыстарды түсiрiп айту сөйлеу тiлiне тән фонетикалық белгiлерге жатады: басың қағыр (басың қалғыр), кеп отыр – келiп отыр, боп па – болып па т.б. тiркестерде дыбыстарды түсiрiп айту  сөйлеу тiлiне тән құбылыс.

Синтаксистiк ерекшелiктерi. Сөйлеу тiлi стилiнiң басқа стильдерден өзгешелiгi, ең алдымен сөйлем құрылысынан байқалады. Сөйлеу тiлiнде сөйлем түрлерi аралас келедi. Сұраулы, лептi, риторикалық сұраулы сөйлемдер көп қолданылып, сөйлем диалогқа құрылады:

Баланың сөзiн сөз деп, о несi-ай маған! (Б.Майлин)

Кiтаби тiлдiң ауызша, жазбаша түрiнiң нормалары, жүйелерi ереже түрiнде грамматика оқулықтарында, оқу құралдарында түрлi сөздiктерде көрсетiледi. Сондықтан бұл нормалар “заңдастырылған” (кодификацияланған) нормалар деп танылады. Сөйлеу тiлiнде де норма, белгiлi бiр жүйе болады. Бiрақ сөйлеу тiлi нормалары “заңдастырылмаған”, бiршама еркiн болады.
5.Кітаби тілдің түрлеріне шолу жасау. (15 минут) Әр топ өзіне берілген тапсырмаға тиесілі тақырыпты постерге салып, қорғайды. Тапсырма орындайды. (постерге – 15 минут, тапсырмаға – 5 минут)

1-топ:  (Ресми іс-қағаздар стилі, 88-бет)

2-топ:  (Ғылыми стиль, 92-бет)

3-топ:  (Публицистикалық стиль, 96-бет)

4-топ:  (Көркем әдебиет стилі, 102-бет)

5-топ:  (Ауызекі сөйлеу стилі, 77-бет)

Миға шабуыл (2 минут) /мәтіннен үзінді беріледі, жылдам жауап беру арқылы әр топ мәтіннің қай стильге жататынын анықтайды/

Стиль түрін анықтаңыз.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды…

Стилін ажыратыңыз.

Дәннің химиялық құрамын екі топқа бөлуге болады.

1) органикалық заттар; 2) минералдық заттар.

Стилін табыңыз.

“Шынар” фирмасынық басшысы С. Әбілев мырзаға.

Стиль түрін анықтаңыз.

Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ химиялық қасиеттері болады.

“Йондар дегеніміз – зарядталған атомдар немесе атомдар тобы”.

 

Мағынаны ажырату.(10 минут) (Топтасып оқу, топтасып талдау стратегиясы). Оқулық бойынша тапсырма орындайды.

1-топ: 55-тапсырма

2-топ: 58-тапсырма

3-топ: 63-тапсырма

4-топ: 70-тапсырма

5-топ: 46-тапсырма

Сергіту сәті «Мен  қазақпын» (2 минут)

 

Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Сенімхат(үлгісі 89-бетте)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Телефонхат (үлгі 90 бет)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Жарнама (96-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Мақала  (96-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Бұйрық (88-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»
11. Рефлексия.  (2 минут) ИНСЕРТ әдісі бойынша

Бүгінгі тақырып бойынша алдымызға  қойған мақсатқа жете алдық па?

Сабақ несімен ұнады? Не ой түйдіңіз?

 

Үй тапсырмасын беру (2-минут):

ІІІ деңгей: 61-жаттығу

ІІ деңгей: «Публицистикалық стильге тән тілдік белгілер» – баяндама

І деңгей: «Қазақ әдеби тілінің стильдік тармақтары» – эссе жазу.

13. Кері байланыс (2 минут): стикерде тілектері мен ұсыныстарын арнайы плакатқа жапсырып қалдырады

(2-минут)

14. Оқушылардың білімін бағалау(2 минут): Топ басшысы өз тобындағы оқушыларды бағалайды, сабақ соңында толық бағаларын  оқытушы толықтырып журналға қояды.

Бағалау парақшасы:

 

Жеке дара ұпай саны бойынша 12-15 ұпай жинаған студент «5» деген бағамен, 6-11 ұпай жинаған студент «4» деген бағамен,   3-5 ұпай жинаған студент «3» деген бағамен бағаланады. Топпен жұмыстағы ұпай санымен оқытушы толықтырып толық бағасын журналға қояды.


Топ басшысының аты-жөні:

Топтық жұмыстың ұпай санын-топ бойынша кім көбірек жұмыс жасаса, соның клеткасына қоя беріңіз
студенттердің жеке-дара ұпай саны

Кітаби тілдің түрлеріне шолу жасау.топқа 5 ұпай
Мағынаны ажырату, тапсырма  5 ұпай
Рапт әдісі бойынша

4 ұпай
Миға шабуыл

1 ұпайдан
Көп жұмыс жасаған оқушыларға + қойыныз
Барлығы
Үй жұмысы

3 ұпайдан
Ауызша жауаптар

1 ұпайдан
Морфологиялық талдау

1 ұпайдан
Миға шабуыл

1 ұпайдан
Рапт әдісі бойынша

4 ұпай
Барлық жинаған ұпайы
Бағасы
Қорытынды бағасын оқытушы қояды

Топтың аты

Топтың тізімі
Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Морфологиялық талдау: (10-минут)  (Сағаттың суреті бар қағаз үлестіріледі, әр топ ақылдаса отырып 12 студенттің атын жазады, мен атаған санда кімнің есімі тұрса, сол талдауға шығады):

«Кітаби тілдің жазбаша және ауызша түрде қызмет ететін бірнеше стильдік тармақтары бар» – берілген сөйлемдегі асты сызылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыз.

Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Сенімхат(үлгісі 89-бетте)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Телефонхат (үлгі 90 бет)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Жарнама (96-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Мақала  (96-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»
Сабақты бекіту. (10 минут) «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында РАПТ әдісі бойынша жазады:

Рөл
Аудитория
Пішін
Тақырып
Өз қалауымен
Өз қалауымен
Бұйрық (88-беттегі ереже)
«Тәуелсіз Қазақстан»

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *