«Қыс кереметі» шығарма


Нурадинова Назерке Мерамбековна, 

Степногорск қаласының «А. Косарев атындағы №9 орта мектебі» ММ 2 «Ә»сынып оқушысы

Жетекшісі  Акназарова Фариза Ерназаркызы Бастауыш сынып мұғалімі

Қыс кереметі

Жоспар
1. Аязы бар, аппақ қыс
2. Жаңа жыл қыстың мейрамы
3. Шырша үлкен, шырша әдемі
4. Қорытынды

Күзден соң қыс келеді. Желтоқсан-қыстың айы, бұл кезде күн суытады. Барлық жер аппақ қарды жамылып, жарқырап жатады. Қыста боран бұрқырайды, аязы бетіңді, мұрныңды, құлағыңды шымшып, қызартады. Балалар қуанышты, олар шанамен, етіктерімен биіктен сырғанайды. Қарда шаңғымен жүреді, мұзда коньки тебеді.

Қыс айында жаңа жыл мерекесі болады. Қаланың ортасына үлкен шыршаны тұрғызады. Сосын шыршаны әдемілеп безендіреді.

Шыршаға жұлдызшалар, жалаушалар, ойыншықтар іледі. Шырша жарқырап, жайнап кетеді. Шырша қыстың-серігі.

Біздер қысқы демалысқа шығамыз. Қар лақтырып, қардан аққала жасап ойнаймыз. Қыс айында, қар жауғанда суық түскенімен бәрібір көңілді болады. Қыстағы аппақ қар, сырғанақ, жаңа жыл мерекесі жаз кезінде болмайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *