Студенттерге салауатты өмір салтын қалыптастырудағы жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Файзиев Елнур Хамзаевич Түркістан медицина колледжінің оқытушысы

 І.  Кіріспе

ІІ. Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру

Негізгі бөлім

ІІІ. Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Қорытынды

І. Кіріспе

Салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Қазіргі кезде білім беру мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық тәрбиесі – ортақ мәселе. Халық санының өсуі, оның сапасы, деннің саулығы мемлекет әл – ауқатының дамуына мұрындық болады. Сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде соның 4 негізгі күшін атап көрсетті. Оның бірі – жер үстіндегі байлық деп отырғанымыз – адам, оның білімі мен іскерлігі, таланты мен мәдениеті, денсаулығы деген еді.

Салауатты өмір салтын қалып-тастырудың  негізгі  бағытгары мыналар:

  •   жеке және қоғамдық гигиена;
  •   дене шынықтыру, гиподинамиямен күрес;
  • организмді жаратылыс-табиғи факторлармен — су, ауа, күн жарығымен және т.б.

шыңдау;

  •   күн тәртібін тиімді пайдалану;
  •  дұрыс және уақтылы тамақтану;
  •   жұкпа аурулардың алдын алу;
  •    тән ауруларынан сақтандыру;
  •    жарақаттанудан, уланудан, т.б. сақтандыру;
  •    зиянды әдеттерден (темекі тарту, алкоголь, есірткілік улы заттарды)   сақтандыру;
  •    жыныс гигиенасы;
  •    психопрофилактика және психогигиена;
  •   кикілжің және денсаулық;
  •    экология және денсаулық.

 

ІІ. Негізгі бөлім

Дене тәрбиесі сабағында жаңа инновациялық технологиялардың тиімділігі

Білім – қоғамды тұрақтандыратын, рухани мұраны сақтайтын, ұрпақты ұрпаққа сабақтастыратын құрал. Қолда бар мүмкіндікті пайдаланып Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану, жаңа технологияны әркімнің өз сабағында пайдалану арқылы оқушы жастарды халықтың дәстүр үрдісінде адамгершілікке, салауатты өмір сүруге баулу дені сау ұрпақ тәрбиелеу дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Олай болса, оқыту мен тәрбиелеудің ой елегінен өтетін әдіс-тәсілдерін, жаңашыл педагогтардың тапқан әдістемелерін біліп қана қою жеткіліксіз, оны әркім өз мүмкіндігінше күнделікті сабақта пайдалану қажет.

Мен өзім  колледжде дене шынықтыру  сабағынан  педагог – маманы боламын.

Дене шынықтыру пәнінің басқа пәндерге қарағанда көптеген ерекшеліктері бар. Мұнда негізінен студенттердің қабілеті, бейімділігі баса назарда болуы керек. Дегенмен де студенттерді бейімдеу, қабілетін дамыту, спортқа деген қызығушылығын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан студенттердің пәнге қызығушылықтарын арттыру мақсатында сабақта тақырыпқа байланысты спорт түрлерінің шығу тарихын, спорт түрлері дамыған елдерді спорттың әр саласындағы белгілі спортшылар өмірін алуға болады.

Мен ойын элементтерін, әдістерін деңгейлеп орындату арқылы оқушылардың тапсырмаларды орындауда жинаған ұпайларын «даму мониторингі» кестесіне белгілей отырып, оқушы біліміне талдау жасап отыру қажет. Өтілетін тақырыптарға байланысты қызықты сергіту ойындарын ойнатудың да сабақ барысының сапасын арттыруға ықпалы көп. Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!», сонымен қатар қозғалмалы ойындар және ұлттық ойындарды сабақта түрлендіріп өткізуге машықтандыру.
Дене шынықтыру пәнінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың орны орасаң болары хақ. Студенттердің пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көтеруге сыныптан тыс спорттық шаралардың да маңызы зор. Соның ішінде қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, әр түрлі жарыстарын, тоғызқұмалақ, арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлерін өткізіп отыру керек. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі қалыптасады. Студенттердің  танымдық қабілеттерін артырып, салауатты өмір сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді. Нәтижесінде оқушылардың білім сапасы артып, оқу тоқсандарында жоғары сапаға қол жеткізуге болады.

Дене шынықтыру сабағында  сергіту сәтін алуға болады. Өз тәжірибемде өткізген «Эстафеталық жарыстар» атты сабағымда, алдымен оқушыларға ой толғау жасау мақсатында қазақтың ұлттық ойын түрлеріне тоқталуды, ұлттық ойындар туралы өз түсініктерін сұрай отырып, сабақ барысы кезінде орындатуды жоспарладым. Міне, осы арқылы оқушылар сабақтың жарыс түрінде топтық ойын әдісінде болатына көз жеткізеді.
Сабақты қызықты өткізу үшін мультимедиалық проектор арқылы қазақтың ұлттық ойындарының тарихын таныстырып өтіп, жасырылған сұрақтарды табуға машықтандыру, әр топқа белгіленген ұпай сандарына қарай бағалап отырдым. Кейін сабақ барысын: «Кім шапшаң?» бөлімі деп алып, бұл бөлімінде оқушылар белгіленген жерге дейін эстафеталық таяқшамен жүгіріп барып, белгілі жеріне жеткен кезде, тақтаға жазылып берілген есептерді шапшаң орындап шығып кейін қайтып келулері керек. Студенттердің бұл бөлімде сабаққа деген қызығушылығының артуымен бірге, машықтанады, логикалық ойлау қабілеттері артады, қимыл-қозғалыс әрекеті дамиды.
Ал деңгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдануда. Бұдан қандай нәтижелерге қол жеткізуге болады?

Сабақ барысында:

Алдымен студенттердің «Не?» деген сұрағына: Сабақта шынайылық, оқыту бар екенін көрсету.
Студентттің «Қашан?» деген сұрағына: Сабақтан кейін болатын жағдайды толық анықтатуға көз жеткізу қажет.

Студентттің «Қайда?» деген сұрағына: Студенттің және ұстаз арасындағы серіктесін анықтап, нәтижеге қол жеткізу қажет.

Қорыта айтқанда, мен алдымен жеке тұлғаның әлеуметтік, құзіреттілігін дамытуды керек еттім. Сол арқылы ұжымдық зерттеуге қол жеткіздім, яғни оқушының өзін-өзі басқарудағы әлеуеті артты.

 

ІІІ. Қорытынды

Жаңа идеяларды қолдана отырып, орындалатын жұмыс бағытым:
1. Студенттер мен  қарым-қатынасты қалыптастыру.

  1. Студенттердің логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  2. Әр студентттің әрекетін, ұлттық болмысын пайдалануға жұмыстану.
  3. Студенттің ұлттық моралының орындалуын қамтамасыз ету.
  4. Студенттің санасын, сенімін, көзқарасын,білімін арттыру.
  5. Студенттің парасатын, ойлауын қалыптастыра отырып машықтандыру.
    Ең бастысы, оқу үрдісінде міндетті пәндерде студентттің теориялық білімін әлеуметтік тұрғыдан қалыптастыруға мән беру керек.

Жұмысымның нәтижесінде:

Әр  студенттің білімі, қабілеті қалыптасады.

Студенттің бойындағы жетістіктері көрінеді.

Студенттің қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады. Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.                                 

Leave a Reply

Your email address will not be published.