Қарасан ауруы қауіпті ауру


«Шымкент аграрлық колледжі» оқушысы Үсен Таңшолпан

Жетекшісі Мырзабаева Динара

Ірі қара малдардың қарасан селі (эмфизематозный карбункул)- жедел өтетін, безгек сияқты дене қалтырауымен, ағзаның етті жерлерін басқанда дыбыс беретін ісіктердің пайда болуымен білінетін індетті ауру. Қарасанмен негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы ауырады. Жас төл колостральдік иммунитеттің, ал сақа малы иммундеуші субинфекцияның әсерінен төзімді келеді. Негізінен коңды, бұлшық еттерінде гликогені мол жас жануарлар ауырады. Түйе мен шошқаға қолдан жұқтыруға болады. Зертханалық жануарлардың ішінде теңіз тышқаны аса сезімтал. Инфекция қоздырушысының бастауы – ауырған жануарлар, ал таралу факторларына ауру қоздырушысының спораларымен ластанған топырақ, жем-шөп, жайылым, батпақты, ағыны жоқ су көздері жатады. Ауру алиментарлық жолмен және зақымданған тері арқылы жұғады. Қоздырушысының денеге бойлауына ауыздың кілегей қабығының бүлінуі, ішек-қарынның қабынуы, кейбір гельминтоз аурулары жағдай жасайды. Қойларға негізінен тері арқылы қырыққан кезде жұғады. Ауру өте жіті өтетіндіктен ем көбінесе нәтиже бермейді. Тек қана уақытылы, алғашқы белгілері біліне бастағанда жүргізілген ем нәтижелі болады. Емдеу үшін антибиотиктер қолданылады. Ауруды болдырмау үшін малды балшықты, ағынсыз су көздерін суаруға, сазды жайылымдарға жаюға, топырақпен былғанған жемшөп беруге болмайды.

Ферма мен жайылым территориясының санитариялық-гигиеналық жағдайына үнемі бақылау жасап, жануарларды жарақаттанудан сақтау керек. Сау емес шаруашылықтарда сиыр малын 3 айдан 4 жасқа дейінгі аралықта, қойды 6 айдан жоғары жаста егу қажет. Әдетте жайылымға шығар алдында егеді. Егер жайылым маусымы ұзақ болса 6 айдан соң қайталап егеді. Қарасан жиі байқалатын жерде бұзауларды 2 рет 3 және 6 айлығында егеді. Қарасанға диагноз індеттанулық деректер, клиникалық белгілер (сықырлайтынісіну, денеқызуы, ақсау), патологоанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады.

Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі: мал орындарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру, балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату, суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған немесе күдікті суаттарды жабу, мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу, өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау.

Ірі қара мал мен қойдың қарасанына қарсы вакцина

Қолданылуы: вакцина қарасаннан таза емес шаруашылықтарда аурудың алдын алу үшін ірі қара мал мен қойларды иммундеуге арналған.

Сипаттамасы: вакцина формалинмен өлтіріп алюминий гидра тотығымен тұндырылған қарасан қоздырғышының қойылтылған ерітінді. Вакцина түбінде борпылдақ тұнба түзетін, сілкілегенде оңай бұзылатын біркелкі сұйықзат. Препараттық тұнбадан жоғары бөлігі сары түсті, ал тұнба ақшыл – cарғыш түсті келеді.

Иммунитеттің ұзақтылығы: иммунитеттің ұзақтылығы вакцина егілген күннен бастап 9-12 айға дейін созылады.

Қолдану тәсілі және дозасы: жануарларды 3 айлығынан бастап 4 жасқа дейін салмағы мен қондылығына қарамай 1 рет 2 см² мөлшерінде иммундейді.

Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *