Ірі қара мал лейкозы


«Шымкент аграрлық колледжі» оқушысы Жаубасаров Бекдос

Жетекшісі Алишев Нұрғали

 (Leukosis bovum, лейкоз крупного рогатого скота) – қатерлі ісік шалу негізінде жетілмеген қан түзу жйне лимфоидты торшалардың шамадан тыс көбейіп, әртүрлі ағзаларды жайлап алуы және ісікті ұлпалардын пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Лейкоз туралы алғашкы хабарлар Гермаяияда бұл дертке адам (Р. Вирхов, 1845) жылкы мен шошқа (Лейзеринг, 1856), сиыр (Зидамародский, 1876) шалдығатындығы туралы басылды. Қазіргі уақытта бұл ауру барлык жануарларда, соның ішінде салкын қандыларда да анықталып отыр. Лейкоз дуние жүзінің барлык елдерінде кездеседі, әсіресе АҚШ, Орталык және Солтүстік Европада, Таяу Шығыста кең тараған. Сиырдын лейкозы Қазакстанда 60-70 жылдары Балтық жағалауындағы елдер мен Белоруссиядан әкелінғен сиырлар аркылы тарады.

Қоздырушысы Bovine leikosis onkovirus Retrovirdae туыстастығының Onkornoviridae туыстык тармағына жатады. Құрамында РНҚ бар, көбейгенде ДНК,көшірмесі бар провирус түзеді.

ІҚМ лейкозының вирусына сиырмен катар буйвол, енеке, кой және ешкі бейім. Лейкозбен сиыр малының барлык тұкымының кай жастағысы болмасын ауырады. Әйтседе ауру 4-8 жас аралығында жиі байкалады. Баска тұкымдарынан гөрі кара-ала және кызыл тұкымды сиырлар бұл ауруға бейім келеді.

Лейкоздың коздырушысының бастауы ауырған жануарлар. Ауруға шалдыкқан сиыр ауру белгісі біліне бастаған мезеттен бастап вирусты сүт пен уыз аркылы бөліп шығарады.

Табиғи жағдайда инфекция туғанға дейін және туғаннан кейін беріледі. Туғанға дейін вирустар гамета аркылы, ал бүтін вирион эпигенетикалық немесе экстрахромосомдык трансмиссия жолымен беріледі. Туғаннан кейін вирус сүтпен немесе жанасу аркылы беріледі. Жанасу тікелей немесе аралык себепкер аркылы (жәндіктер, әр -түрлі заттар мен аспаптар) болуы мүмкін.

Сиырдың лейкозы негізгі екі түрге бөлінеді: энзоотиялык, және спорадиядық. Энзоотиялык лейкоз бұл аурудың клиникалык және патологиялық анатомиялық белгілері айкын білінген түрі, негізінен ересек жануарларда 5-8 жас арадығында жиі байкалады.

Инкубациялық кезеңі табиғи жағдайда 2-6 жыл, колдан жұктырғанда 2 айдан 2 жылға дейін. Клиникалык. белгілерінің айкындалуы 3 кезеңге (байкалғанға дейінгі, бастапқы жайылған және титықтаған) бөлінеді.

Жайылған кезеңінде қанда гематологиялык өзгерістермен катар аурудың әртүрлі клиникалык белгілері байқалады. Ауырған мал тез арықтап, жүрек кызметі бұзылады. Кілегейлі қабықтары көгеріп, сарғыш тартады. Тыныс алуы нашарлайды. Әукесі, төсі, кіндік тұсы домбығып, артқы бір немесе екі аяғы да ақсайды. Несеп бөлуі киындап, буаз мал іш тастайды, бедеу қалады. Желінінің бір немесе бірнеше бөлігі ісінеді. Лейкозға тән белгілер: үстіңгі сөл түйіндері (жауырын алдындағы, құлақ түбіндегі, жақ астындағы, шабындағы, желін үстіндегі), тік ішек аркылы сипап көруге болатын ішкі сөл түйіндері шамадан тыс ұлғаяды.

Спорадиялық лейкоз сирек кездеседі, оған 3 жаска дейінгі жас малдар шалдығады. Спорадиялык лейкоз 3 түрге бөлінеді: бұзаудың, тимустық және терідегі.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Энзоотиялык лейкоздың екі патологиялык-анатомиялык түрі болады, Біріншісі лимфоциттердің қан түзу ағзаларына шоғырланып, дерттің сүйек майына шабуымен сипатталады. Мұндай лейкоз қан торшаларының басым түрлеріне байланысты лимфоидты, миелеоидты, шала түрленген (гемоцитобластоз), түрленбеген (дифференцияланбаған) деп аталады.

Екінші түрі лимфосаркома, ретикулосаркома, лимфогранулеметоз түрінде сөл түйіндерін, көк бауырды және баска да лимфоидты ұлпаларды зақымдайды.

Алдын ала диагноз індеттанулық деректерді ескере отырып, клиникалық белгілері бойынша қойылады. Клиникалық балаудың басты әдісі – гематологиялық тексеру. Түпкілікті диагноз гистологиялық тексерудің нәтижесінде патологиялық-анатомиялық әдіспен қойылады.

Емі. Лейкоз кезінде емдік шаралар жұргізілмейді. Ауру малдар сойылады.

Лейкозға карсы иммунитет толык зерттелген жоқ. Лейкоздың, вирусына қарсы қанда антиденелер пайда болады. Олардың диагностикалық маңызы болғанымен қорғаныс кабілеті күдікті.

Лейкоздың алдын алу үшін сау шаруашылыктарға сырттан мал әкедгенде, тек осы ауру жоқ шаруашылыктардан алу керек және осы ауруға шалдықпаған малдары бар жерлермен шаруашылык қатынастарына шектеу койылады.

Лейкоз аныкталған жағдайда шаруашылыкка шектеу койылады да, сауыктыру шаралары колданылады. Сауыктырудың негізгі екі жолы бар.

Біріншісі – ауру шыққан табынды түгелдей алмастыру.

Екіншісі – жүйелі түрде лейкозға тексеріп /клиникалык, серологиялык/ ауруға шыкқан малды окшаулап, сояды.

Шаруашылык, соңғы ауырған мал сойылғаннан кейін екі жыл өткен соң сауықтырылды деп есептелінеді. Одан кейін екі жыл бойы барлық мал жылына бір рет гематологиялық тексеруден өткізіледі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *