Туберкулез

«Шымкент аграрлық колледжі» оқушысы Салбек Талшын

Жетекшісі Алишев Нұрғали

Туберкулез (лат. tuberculosis, грек. Рhthisis) – созылмалы түрде өтетін, әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар /туберкулалар/ пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бүрынғы дәуірге жататын археологиялык казбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бүл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде, туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ /б.э.д. IV/, Гален т.б. қалдырды.

1882 ж. неміс ғалымы Р.Кохтың аурудың коздырушы микробын ашты. Ал, 1890 ж. Р.Кох туберкулинді ашты. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі – 1921 Францияда Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцинаны алуы еді.

Туберкулездің қоздырушысы Mycobacteriumтуыстастығына жатады. Айрықша қасиеті – қышқылға төзімді келеді (өйткені оның құрамында 40 пайызға дейін липид және воск бар). Микобактерии 3 топқа бөлінеді: патогенді, атипті және сапрофитті. Патогенді түріне негізіне үш түрі жатады: M.tubtrculosis (адамды ауыртады); М.Bobis (ірі қараны); М.аvіит (құсты). Сирек кездесетін 4-ші түрі -М. ріsсіит балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғаңда бұл микробтын 31 түрі бар деп есептейді.

Туберкулезге үй және тағы хайуандардың 55, ал құстардың 75түрі шалдығады, олардың ішінде ең сезімталдары: теңіз тышқаны, маймыл, ірі кара және тауық. Бұларға жуық шошқа, марал, түйе, ал терісі кұнды аңдардан – күзен түрады. Сирек ауыратын жануарларға ешкі /табиғи жолмен жұққанда сирек, колдан жүқтырғанда жиі ауырады/. Туберкулезге адам аса бейім келеді.

Инфекция коздырушысының бастауы – туберкулезбен ауырған жануарлар. Олар микобактерияларды нәжіспен, кақырықпен, сүтпен, сирегірек жағдайда шәуетпен бөліп шығарады.

Микобактериялар сау малдың денесіне ас корыту жолы және тыныс жүйесі арқылы енеді. Бұзауға негізінен сүтпенен алиментарлык жолмен, ал ересек малға сонымен катар аэрогендік жолмен жұғады. Шошқа мен құска негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Аурудың жасырын кезеңі /жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін/ 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінде көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Ауырған малды тек кана аллергиялық немесе серологиялық тексеру аркылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән закымдануы сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын тексерген сәтте байқалады. Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады, сонымен катар желіннің, сірі қабыктарының закымдануы /меруерттену/, генитальдік және денені жайлаған /генерализацияланған/ түрі кездеседі.

Ірі караның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі, оқтын-оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсендеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қакырық түсуі байқалмайды десе де болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген сораны мал жұтып кояды, немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Ауру мал ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қоңдылығы мен өнімділігі төмендейді. Көрінетін кілегей қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тындағанда сырыл естіледі, перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошактары табылады. Ішек закымданған кезде іш өтіп, кондылығы күрт төмендеп жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі.

Желін зақымданған кезде желінүсті сөл түйіні ұлғайып, қатаяды, беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Сауып көргенде сүттің сұйылып, кан немесе ірімік араласқанын байқауға болады.

Патологоанатомиялык өзгерістер. Әртүрлі мүшелер мен ұлпаларда байқалатын өзгеше бұдырмақ, түйіндер /туберкулалар/ туберкулезге тән ерекшелік болып есептеледі. Сірлі қабықтар зақымданған кезде көкірек және құрсақ перделерінде көптеген “меруерт” деп аталатын тығыршықтанған, жылтыраған, үлкеңдігі кейде емен жаңғағына жететін туберкулез түйіндері кездеседі.

Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық белгілерін талдау, аллергиялык, серологиялық, патологоанатомиялық, гистологиялық, микробиологиялық және биологиялық зерттеулердің нәтижелері негізінде қойылады.

Жануарларға тірі кезінде диагноз коюдың негізгі әдісі – аллергиялық зерттеу. Малды туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан басталады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин, сүт коректілерге арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/, құсқа арналған құрғақ тазартылған туберкулин /ППД/. Туберкулинді тері арасына және көз коньюнктивасына жібереді. Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағынан жібереді.

Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес аң фермаларында туберкулезді дауалау үшін тубазид /изониазид/ колданылады.

Туберкулез кезінде иммунитет стерилді емес. Медицинада қолданылатын БЦЖ вакцинасымен туберкулезге қарсы күзенді егеді.

Дауалау және күресу шаралары ережелерге сәйкес жүргізіледі. Туберкулез шыкқан жағдайда шаруашылықты (ферманы) сау емес деп тауып, карантин кояды да, сауықтыру шараларын іске асырады.

Туберкулезден сау емес ірі қара шаруашылықтарында реакция беретін жануарларды жедел оқшаулап 5 күннің ішінде етке өткізеді. Туберкулезге реакция бермеген қалған жануарларды әрбір 30-45 күн сайын қатарынан екі рет бүкіл табын бойынша теріс нәтиже алғанға дейін туберкулезге тексереді. Бүдан кейін тағы да үш ай үзіліспен екі рет бакылау тексерісін жүргізеді. Теріс нәтиже алған жағдайда, егер туберкулезге күдік туғызатындай баска негіз болмаса, бұл табындағы малдарды туберкулезден сау деп есептейді.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published.