“Мамандығым-мақтанышым”


Рзабаев Куанышбек  студент Д-16-Э Рудненского политехнического колледжа

Руководитель Касымбаева Салтанат Арыстановна преподаватель  русского языка и литературы  

Бұл өмірде адамның тағдырын айқындайтын екі нәрсе бар: бірі – өмірлік жолдасы жары болса, екіншісі – мамандық. Мен өз мамандығымды және түсетін жоғары оқу орнымды 9-сыныпта таңдадым. Мамандық тандау – бұл өте маңызды іс. Өйткені біз өзіміз таңдаған мамандық саласында өмір бойы қызмет атқарамыз.

Мамандықтың саны әр алуан: дәрігер, мұғалім, ұшқыш, есепші, аспаз, елші, қаржыгер, архитектор, механик, көлік жүргізуші, сазгер, сатушы, ғарышкер және т.б. Бірақ бұларды байланыстыратын маңызды факт – бұлар бәрі халық үшін қызмет атқарады. Ал халық үшін қызмет көрсету маңызды мәселе. Түркі тілдес халықтың “жеті рет өлшеп, бір рет кес” деген нақыл сөзін ұран етіп, мамандықты дұрыс таңдауымыз керек.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі “осы заманғы білім беру, парасатты экономиканың негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту”,-деп көрсеткен.

Қазақстан Республикасының болашағы, сыртқы саяси және сыртқы экономикалық қызметіндегі басымдықтары мен ұлттық мүдделерінің жүзеге асырылуы, халықаралық аренадағы беделінің өсуі, ұлттық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі, мемлекет алдындағы жоғарғы азаматтық жауапкершілікке ие мамандарға байланысты.

Осы орайда мен мамандығыма, заманға сай жетік маман болып шығуыма және Қазақстанды шет елдерге танытуға бар күшімді саламын. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын бітірушілердің мына қызмет түрлерімен айналасу мүмкіндігі бар: мұнай-химиясы синтезінің технологиясы, көмірсутек шикізатын дайындау процесстері, қазып шығару және тасымалдау технологиялары, көмірсутек шикізатын өңдеудің каталитикалық процестерінің химиялық технологиясы, биологиялық белсенді заттардың химиялық технологиясы, көмірсутек шикізатын пайдаланудың химиялық технологиясы. Бұл мамандық – өте қызықты. Себебі ол бұл әлемде жоқ жаңа затты ойлап табуға мүмкіндік береді. Және де бұл мамандықта өз ісінің білгір мамандары тапшылық тудыруда. Осы тапшылықты жою мақсатында, осы мамандықты таңдап, өзімнің кішкене де үлесімді қосқым келеді. Мамандығым-мақтанышым.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *