«Қазақстанның өзендері» 8 сыныпта өткізілген география сабағы


Сыни ойлау технологиясы пайдаланылған «Қазақстанның өзендері»

тақырыбы бойынша 8 сыныпта өткізілген география сабағы

Мухамедгалиева Р.Ж.

Сабақтың мақсаты: Қазақстанның өзендері туралы оқушылардың білімдерін анықтау және ұғуына бағытталған іс-әрекеттерін ұйымдастыру

Сабақтың         міндеттері:
а) білімділік:  Оқушылардың Қазақстан өзендерінің ерекшеліктері мен географиялық

орны туралы білімдерін ұғуы арқылы оқу-біліктілік компетенцияларын қалыптастыру;

ә) тәрбиелік: зияткерлік өзіндік даму әдістерін игеру арқылы тұлғалық өзіндік жаңашаландыру  компетенцияларын қалыптастыру; азаматтық-қоғамдық компетенцияларын қалыптастыру кезінде отаншылдықты, өз отанына мақтан тұтатын сезімін  тәрбиелеу; табиғатқа өнегелі-эстетикалық және әсершіл-құндылықты қатынастар арқылы мәдени- компетенцияларын қалыптастыру;

б) дамытушылық:  оқушылардың географиялық ой-өрісін, біліктілік қызығушылығын,  берілген аймаққа теориялық білімдерін пайдалану шеберлігін, картографиялық материал мен оқулықпен жұмыс жасай білуін, басты және маңызды тақырыпты бөле білуін, өздігінен жұмыс жасай білуін, нәтижелерді қорытындылай білу, оқу іс-әрекеттерін өздігінен тексере және        өздігінен        талдай         білуін дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру.

Әдістемелік тәсілдері:

  • «Дәйексөзді түсіндіріңдер»
  • «Сенемін-сенбеймін»
  • «Шиеленген логикалық тізбегі»
  • «Дәптердің шетіндегі жазулар» «Инсерт»
  • «Кластер»
  • «Менің пікірім»
  • «Синквейн»

Біліктілік іс-әрекетін ұйымдастыру формалары: фронтальды, жеке, жұптасып жұмыс жасау, топтасып жұмыс жасау.

Әдістер: 

Оқу-біліктілік іс-әрекетін ұйымдастыру және орындау:
ұғыну аспекті: ауызша-көрнекі әдістер;
біліктілік: гностикалық аспекті: эвристикалық;
логикалық аспекті: дедуктикалық  әдістер, біріктіру және талдау, классификациялау;
басқару аспекті: әңгімелесу элементтерімен өздік жұмыс.
Оқу іс-әрекетін ынталандыру және уәждеу:
борыш пен жауапкершілікті ынталандыру және уәждеу: сендіру, үйрету, мадақтау;
біліктілік қызығушылықты ынталандыру және уәждеу: кенеттік, жаңалық, табысты жәйт;
Оқу іс-әрекетін тексеру және өздігінен тексеру: ауызша, фронтальды, топтық
Тілдесу жолдары:
Оқушы – әдеби көз; 
Оқушы – оқушы;
Оқушы – мұғалім.
Сабақтың жоспары (45 мин.):
I. Ұйымдастыру кезеңі  (2 мин.)

  1. Шақыру сатысы (білімдердің өзектілігін айқындау, жаңа ақпаратты алуға қызығушылықты арттыру, оқушының өз оқу мақсаттарын қою) (7 мин.)

III. Ұғу сатысы (жаңа ақпарат алу). (23 мин.)

  1. Рефлексия сатысы (талдау, шығармашылық өңдеу, зерттеген ақпаратты түсіндіру) (10 мин.)
  2. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру. (3 мин.)

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

  1. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың сабаққа дайын болуы

Эмоционалды күйге келтіру

– Қайырлы күн! Сабаққа барлығың дайын болыңдар! Өз жұмыс орындарыңды тексеріңдер. Мен сендерді бүгін сабақта көргеніме қуаныштымын. Біздің бірігіп жұмыс істейтініміз тиімді және қызықты болады деп ойлаймын.

Психологиялық күйге келтіру: сыныпта қолайлы жағдай туғызу. Ұнаған сөйлемге шапалықтан тұратын «салют».

  • «Мен мектепте сабақтамын».
  • «Мен қазір сабақ оқи бастаймын»
  • «Мен барлаушы сияқты барлығын байқап отырамын»
  • «Менің есте сақтау қабілетім мықты»
  • «Мен сабақта зейінді боламын»
  • «Менің көңіл күйім жақсы»
  • «Менің оқығым келеді»
  • «Мен жұмыс істеуге дайынмын».
  1. Шақыру сатысы.

«Дәйексөзді түсіндіріңдер» тәсілі    

«Су тамшысы алмастан артық»  Д.И.Менделеев.

Сабақтың құнды бағыты тұщы судың негізгі көзі – өзендер.

«Сенемін-сенбеймін» тәсілі  

Оқушылар «+» сенемін және «-» сенбеймін деп қояды

Мақұлдау

 

Сабақтың басында Сабақтың  аяғында
1. Қазақстанда ірі өзендер көп.

2. Барлық өзендер суларын қандай болса да мұхитқа құяды.

3. Биік таулы аудандарда өзендер көп.

4.Қазақстанның ең ірі өзені – Ертіс.

5. Ең лайлы өзендер тауда ағады.

6. Оңтүстікке қарағанда солтүстікте өзендер аз.

7. Тау өзендері ертерек қатады.

III. Ұғу сатысы – Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар.

Білім көзі – 124-125 бб. § 24 материалы, Қазақстанның физикалық картасы

  1. Білім.

Қазақстанның өзендері қай ағын алабына жатады?

Қазақстан өзендерінің саны қанша?

Олардың ұзындығы 1000 км-ден асатындарын анықтаңдар.

«Шиеленген логикалық тізбегі» тәсілі

Қазақстан өзендерінің екі алаптарының арасындағы суайрықты картадан табыңдар: Сарыарқа, Торғай үстірті, Оңтүстік Орал, Сауыр-Тарбағатай.

Жұптасып жұмыс жасай отырып, оларды картадан батыстан шығысқа қарай көрсетіңдер.

«Сәйкес келтіру» тәсілі: ағынның алабы-өзендер

  1. СММ алабы А) Жайык, Жем, Сағыз, Ойыл,Қараөзен, Сарыөзен
  2. Каспий теңізінің алабы В) Ертіс Есіл және Тобыл салаларымен
  3. Арал теңізінің алабы С) Сырдария, Шу, Сарысу, Торғай, Талас, Ырғыз
  4. Балқаш-Алакөл алабы Д) Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле, Тентек

Инсерт тәсілі: «Судың шығыны мен жылдық ағыны» мәтінін оқып, қарындашпен дәптердің шетінеі жазулар қой. Кестені толтыра отырып, тек өзекті жазуларды қояды, талқылағанда толықтырады.

?

Түсінген жоқпын

Басқаша ойладым

     +

Жаңа

V

(алдын-ала білгем)

  
  1. Түсіну.

Оқулықтың 124-127 бб. жұптасып жұмыс жасай отырып, Қазақстан өзендерінің айырмашылық жасайтын ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңдер.

«Кластер» тәсілі:

Өзендердің қоректену түрлері туралы (оқулықтың 126 беті) сызба түрінде көрсетіңдер

Новый рисунок

  1. Талдау.

Топта түсіндір:

  • таулардың беткейлерінен ағатын өзендердің ерекшеліктерін.
  • неліктен СММ алабы өзендерінің тұрақты ағындары болады, ал ішкі алабының

өзендерінде уақытша ағындары көп немесе құмға сіңіп кететін өзендері көп.

  • неліктен Қазақстанның батыс және оңтүстік өзендерінде қатты ағындылардың

үлкен көлемі байқалады

  • жазықты және таулы өзендердің мұзды режимінде қандай айырмашылық

байқалады

  1. Біріктіру.

Топта Қазақстанның қай аймақтары өзендерге бай екендігі туралы ауызша түрде

әңгімелеп беріңдер.

  1. Бағалау.

Қазақстанның тұрғындары үшін Ертіс өзенінің маңызын бағалаңдар.

«Менің пікірім» тәсілі

Өзіңнің мекен ету орныңның таңдағаныңды түсіндір: қала-өзен порты не сусыз даладағы қала?

  1. IV. Рефлексия сатысы.

«Сенемін-сенбеймін» кестесіне оралу.

«Синквейн» тәсілі 

Өзен
Жазықты, таулы
Ағады, гүрілдейді, тасымалдайды
Өзен – тұщы су көзі

Ағыс

  1. V. Үйге тапсырма: 24, 25, «Бұқтырма» өзекті сөзімен вордингворд құрастыру

 

«Қазақстанның өзендері» сабағы бойынша бақылау жұмысы

 

  1. Солтүстік Мұзды мұхиты алабының өзендері:
  2. A) Жайық, Жем, Сағыз B) Қаратал, Лепсі, Ақсу C) Сырдария, Шу, Сарысу D) Ертіс, Есіл, Тобыл
  3. E) Торғай, Ертіс, Талас
  4. Жайық, Жем, Сағыз, Ойыл, Үлкен және Кіші Өзен өзендері …. алабына жатады:
  5. A) Солтүстік Мұзды мұхит B) Каспий теңізінің C) Атлант мұхитының D) Арал теңізінің  Е) Балқаш-Алакөл
  6. Арал теңізіне құятын өзен: A) Жайық B) Ертіс C) Іле D) Сырдария E) Есіл
  7. Балқаш-Алакөл алабына…. жатады: A) Ертіс, Есіл, Тобыл, Обаған B) Жайык, Жем, Сағыз, Ойыл
  8. C) Қаратал, Лепсі, Ақсу, Іле D) Сырдария, Арыс, Шу E) Торғай, Ыргыз, Талас
  9. Қазақстанның ең суы мол өзені: A) Сырдария B) Жайық   C) Есіл  D) Ертіс  E) Іле
  10. Орманды дала мен дала зоналары өзендерінің ең төмен су деңгейі …. байқалады
  11. A) сәуірде B) шілдеде C) қыркүйекте D) қарашада E) қаңтарда
  12. Қазақстанның биік таулы аудандарының өзендері қоректену сипаты бойынша ….. типіне жатады
  13. A) қарлы-мұздық B) қарлы-жаңбырлы C) басым қарлы  D) жер асты  E) жаңбырлы
  14. Орал тауларынан басталатын енді аңғары бар жазық өзені:
  15. A) Сырдария B) Есіл C) Жайық  D) Ертіс  Е) Іле
  16. 9. Қазақстанның ең лайлы өзені (суының лайлылығы 1200 г/м3):
  17. A) Іле B) Жайық C) Сырдария  D) Ертіс  E) Есіл
Метки:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *